Бөж тақырыбы: Әлемдегі футбол стадиондары Жоспар: І. Кіріспе ІІ. Негізгі бөлім Әлемнің үздік футбол стадиондары Қазақстанның футбол стадиондары ІІІ.Қорытынды І. Кіріспе Футбол



бет5/6
Дата02.12.2023
өлшемі4,84 Mb.
#194696
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Әлемдегі футбол стадиондары

Алматы орталық стадионы — республикадағы ең ірі кешендердің бірі. Стадионның көлемі – 22 га. Сәулетшілері – А.Қапанов пен А.Коссов. Бірінші кезекте – 35 мың орындық трибуна, жеңіл атлетикалық жолдар мен секторлары бар үлкен спорт аренасы 1958 жылдың тамыз айында іске қосылды. Ары қарай кіші спорт аренасы, жаттығатын жеңіл атлетикалық кешен, жүзу бассейні, қысқы жаттығатын манеж, гандбол, теннис, баскетбол, садақпен ату ойындарына арналған алаңдар салынды. Үлкен аренаның трибуна асты ғимаратында бокс, фехтование, үстел теннисіне арналған залдар, киім шешетін бөлме, тренерлердің бөлмелері, республикалық дәрігерлік-дене шынықтыру диспансерінің кабинеттері мен зертханалары, олимпиядаға даярлау Орталығының жатақханасы орналасқан. Алматы қаласының Орталық стадионында футбол, жеңіл атлетика, шапшаң жүгіру, коньки тебу, көгалдағы және доппен ойнайтын хоккей, волейбол, бокс және т.б. спорт түрлерінің барлық тарихи бүкілодақтық және халықаралық жарыстары өткізілген.
Бұл орталық стадион ғана емес,сонымен қатар сол кездегі ең ірі сәулет құрылысы болып табылды.Мұнда тек аудан, қала көлеміндегі жарыстар мен қоса халықаралық,Орта Азия қарамағындағы ірі сайыстар мен жарыстар өткен, футболдан әлем чемпионаттары да осы алаңда өтеді. Ашылу уақытынан бері «Қайрат» клубының негізгі стадионы болып келген. Қазіргі кездегі сыйымдылығы – 23 804. 2011 жылы қазан айында Алматының орталық стадионына жүгіру жолы күрделі жөндеуден өтіп,жаңа қабат төселді.


Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы орталық стадион (немесе Орталық стадион) — Шымкент қаласындағы футбол стадионы. Сыйымдылығы 20 000 адам. 1969 жылы салынып бітті. Кеңес кезінде "Октябрдің 50 жылдығы" деп аталды. КСРО чемпионаттарында Шымкенттің "Мелиоратор" клубы өз алаңындағы матчтарын өткізіп жүрді. Кейін "Ордабасы" клубының негізгі аренасы болды. 2007 жылы тұңғыш рет халықаралық жарыс — "Алма-ТВ" турнирі өткізіліп, оған Өзбекстан, Қазақстан, Қырғызстан, Әзірбайжан футбол құрамалары қатысты.
2018 жылы стадионға жарықтандырушы бағандар орнатылды.


«Шахтер» - Қарағанды қаласында орналасқан стадион. 1958 жылы салынған. Сыйымдылығы – 45 000. Алғашқы аумағы 2,6 гектар болған, бірақ келе-келе оған жапсарлас бірнеше құрылыс нысандары салынып, алаңқайлар қосылды. Бүгінгі күнде қаланың бас спорттық аренасының аумағы 14 гектарға дейін жетті. Бұл жерде халық футболмен ғана емес, жеңіл атлетика, бокс, пауэрлифтинг, бодибилдинг, конькимен жүгіру, хоккей, үлкен және үстел теннисі, баскетбол, волейбол, ауыр атлетика, велоспорт, туризм, полиатлон, президенттік көпсайыс және мини-футбол сынды спорт түрлерімен айналыса алады. Қазақстан Футбол федерациясының деректері бойынша, «Шахтер» орталық стадионы Республикадағы адам ең көп келетін спорттық нысан. «Шахтер» стадионы көрермендер саны бойынша 29.10.2011 рекорд жасады. Стадионға 18900 жанкүйер келген болатын. Ең алғашқы ойын 1958 жылы 12 тамызда өткізілді, «Шахтер» командасы ҚХР-ден келген «Чан-Чунь» командасына қарсы ойнады. 60-70-ші жылдары «Шахтер» стадионында Польша, Мексика, Лаос, Корея командаларының қатысуымен өткен Халықаралық ойындар өтті. Облыс басшылығы «Шахтер» стадионының әлемдік талаптарға сай болуы үшін қолдан келген мүмкіндіктің бәрін жасап жатыр. Осы мақсатта 2001 жылы стадионда қайта қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді, ал 2005 жылы қосалқы алаңға жасанды көгал төселіп, негізгі аренаның трибунасындағы, ағаш сәкілердің орнына пластикалық жайлы орындықтар қойылды. 2006 жылы стадион базасын жетілдіру жұмыстары жалғасын тапты: жарықтандыру жаңартылды, ойыншылар шешінетін жерлер толығымен жөндеуден өтті, басқа да көптеген жұмыстар істелді. Осының бәрі «Шахтер» стадионының Еурокубоктар аясындағы халықаралық матчтарды өткізу үшін УЕФА лицензиясын алуына мүмкіндік берді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет