Бөж тақырыбы: Қытайдың әскери стратегиясы Орындаған: Алданазаров А. Қабылдаған: Cаурбаев А. Тобы: зхк-012 Түркістан 2022 Мазмұны Кіріспе Екінші дүниежүзілік соғыста ауыр жарақаттанған жапон генералы өлері алдында



бет1/5
Дата02.12.2022
өлшемі51,57 Kb.
#160946
  1   2   3   4   5
Байланысты:
Азия мен Қытай 2-булок (1)


Қожа Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті
Экономика,басқару және құқық факультеті

БӨЖ
Тақырыбы: Қытайдың әскери стратегиясы

Орындаған: Алданазаров А.


Қабылдаған:Cаурбаев А.
Тобы:ЗХК-012

Түркістан 2022

Мазмұны
1.Кіріспе
2. Екінші дүниежүзілік соғыста ауыр жарақаттанған жапон генералы өлері алдында:
3. Армияға шыдай тұруға тура келеді
4. «Ісікті қайтару» және «қан құю»

Кіріспе


Еуропа отқа оранып, туысқан халықтар өзара қырқысып жатыр. Қатыгез соғыс айларға созылды. Миллиардтаған ақша сағат сайын отқа жанып, адамдар қынадай қырылуда. Олардың ішінде атың өшкір осы бір соғысқа еш қатысы жоқ қарттар, әйелдер және бейкүнә сәбилер бар. Бұл соғыстың нәтижесі біз болжағаннан мүлде басқаша аяқталатынға ұқсайды. Путиндік Ресейдің жеңімпаз болмайтындығы күн өткен сайын айқындалып келеді. Осының себеп-салдарына тереңірек үңілетін болсақ, мемлекеттің қорғаныс қабілеті мен қауіпсіздігінің кепілі, айналып келгенде, мемлекеттің экономикалық әлеуетімен тікелей байланысты болады екен.

2.Екінші дүниежүзілік соғыста ауыр жарақаттанған жапон генералы өлері алдында:
«Жапония соғыстың алғашқы кездерінде жеңіске жеткенімен, АҚШ-тың қуатты экономикалық әлеуеті бәрін жаншып-таптап кетті», - деген болатын. Фашистік Германияның генералдары да Германияның жеңіліс табуын ең алдымен экономикалық соғыстағы жеңілісінен іздеген. ХХ ғасырдың 60-70 жылдары Кеңес Одағының АҚШ-пен әлемге қожа болуға таласуының басты себебі де Кеңес экономикасының дамуы сол жылдарда АҚШ-тан әлдеқайда жоғары болғандығымен байланысты еді. Сол сияқты ХХ ғасырдың 80-жылдарына келгенде Кеңес Одағы әскери қуатының әлсіреуі де оның экономикалық дамуының тығырыққа тірелуімен байланысты болды. Біз күні кешеге дейін «тентек шоқпар жияды» дегендей, жыл сайын 60 млрд АҚШ долларына тең жойдақсыз қорғаныс бюджетін шығындап, Ресей халқының тапқан-таянғанының аса ауқымды бөлігін қарулануға жұмсап, айналасына айбат шегіп, жолындағыны күл-талқан етіп таптап кететін дүлей күш саналатын Ресей армиясының масқара жеңілісі де осы алып елдің Оңтүстік Корея секілді аядай мемлекеттің экономикасымен пара-пар деңгейге түсіп қалған бейшара күйімен байланысты екені сөзсіз. Ұлан-ғайыр аумақты алып жатқан және түгін тартсаң, майы шығатын, лықсыған байлықтың үстінде отырған Ресей не себепті кедейленіп барады? Себебі біреу ғана. Авторитарлық, диктаторлық және жемқор билік Ресей халқының сорына айналды.
Әрине, Қазақ елінің қорғаныс қабілеті де жырғап тұрмапты. Бұл жағдайды биліктің ұшар басындағылары да сезіп-біліп отыр екен. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 11 қаңтарда мәжіліс отырысында сөйлеген сөзінде Қазақстанның Қарулы күштерінің қазіргі жағдайын «баса назар аударуды қажет ететін проблема» деп бағалағаны мәлім. Демек, еліміздің қорғаныс әлеуетін күшейту, қарулы күштерді реформалау кезек күттірмейтін мәселе. Мен еліміздің ұлттық қауіпсіздігі мен қорғаныс қабілетінің өсуіне мысқалдай болса да пайдасы тиеді-ау деген үмітпен өзіме ерекше қанық, ұзақ жылдардан бері шұқшия зерттеп жүрген «Қытай реформасының бас жобалаушысы» атанған Дэн Сияопин стратегиясының мемлекет қорғанысына байланысты зерттеу еңбегімді ұсынуды жөн көріп отырмын.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет