Бөж тақырыбы: Популяциядағы генетикалық процестер



бет6/6
Дата18.10.2023
өлшемі338,71 Kb.
#186305
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
бөж 2 дайын эволюция
ФАРМ окончательный123, Сараптама, ИННОВАЦИЯ 1-БӨЖ

Миграция және тиесілі гендер ағыны кейде бір бағытта жүруі мүмкін.Мысалы, ХIII-XIV ғасырларда көптеген еуропа елдерін монголдар жаулап алғанда,гендер ағыны шығыстан батысқа қарай бағытталған.Қазіргі кезде байқалатын В(III) қан тобының Еуропа елдеріндегі жиілік градиенті,яғни Азиялықтардағы 25% жиіліктің бірте-бірте азайып Францияда,Скандинавия елдерінде 10-%-ға дейін төмендеуі осының айғағы болуы мүмкін.

Мутациялық үдеріс

Ағзалардың жыныс жасушаларында үнемі гендік,хромосомалық не геномдық мутациялар пайда болып тұрады.Олар жыныс жасушаларының тұқым қуалаушылық материалын өзгертеді.Осы мутациялардың ішінен жиі кездесетіні және маңыздысы гендік мутациялар.Гендік мутациялар көптеген аллельдерінің пайда болуына алып келіп биологиялық ақпараттың көптүрлілігін қалыптастырады.Адамдарда да мутациялық құбылыс басқа тірі ағзалардағыдай болады.Бірақ,қазіргі кездері адам генофондында мутациялық құбылыстың қысымы күшеюде.Оған бірден-бір себеп-ғылыми техникалық революция жағдайларында адамдардың қызметтік-кәсіб іс-әрекеті нәтижесінде индукцияланған мутациялардың көптеп пайда болуы.

Табиғи сұрыпталу

  • Жоғарыда қарастырылған популяциялар динамикасының факторлары-панмиксияның шектелуі,гендер дрейфі,миграция,мутациялық үдеріс,популяция гендерінің жиілігін өзгертіп,популяцияларға кездейсоқ және бағытсыз әсер етеді.Ал,табиғи сұрыптау-популяция гендерінің жиілігін мақсатқа сай өзгертетін бірден-бір фактор болып табылады.
  • Сұрыптаудың түйінді тұжырымдамасы болып дарвиндік бейімделушілік саналады.Дарвиндік бейімделушілік (W) дегеніміз белгілі бір генотиптер мен фенотиптердің тіршілік ету және ұрпақ қалдыру мүмкіншілігінің салыстырмалы ықтималдығы болып табылады.
  • Адам популяцияларында сұрыптау кейде гомозиготалыларға қарсы,кейде гетерозиготалыларға қарсы бағытталған болады.

Қорытынды


Организмдердің эволюциясы барысында сапасы жағынан бір-бірінен айырмашылығы бар генотиптердің өзгергіштікке үшырауына байланысты бір генотип үнемі екінші бір генотиппен алмасып отырады. Оны популяцияның генетикалық қүрылымының динамикасы дейміз. Популяциядағы генотиптік өзгергіштіктің негізіне мутациялық жэне комбинативтік өзгергіштік жатады. Панмиксиялық популяциядағы генотиптердің тепе-теңдігі кейбір тұрақты эсер ететін факторларға байланысты өзгеріп отырады. Ол факторларға мутациялық процесс, сұрыптау, популяцияның мөлшері, изоляция т.б. жатады-

Пайдаланылған әдебиеттер

  • Әбилаев С.А. Молекулалық биология және генетика. 2008ж.
  • Қуандықов Е.Ө, Әбилаев С.А. Медициналық биология және генетика. Алматы 2006ж.
  • Генетика, оқу құралы. Берсімбаев Р.І,Мухаметжанов Қ.Қ. Алматы. Қазақ ұлттық университеті, 2002ж.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет