Бөж тақырыбы



бет3/12
Дата20.05.2024
өлшемі122 Kb.
#202649
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
MKJVXJLBPMPA15052024010913

1.1.Қала халқы

Қала — агломерация — мегаполис. Кез келген мемлекеттің даму барысында шешуші рөлді қалалар атқарады. Әсіресе ірі қалалар. Қалаларда адамдар көп шоғырланып, өте мықты экономикалық және интеллектуалды әлуетті қалыптастырады. Бұл процесс қалалардың өсуіне және ауыл шаруашылығының дамуына себебін тигізеді. Өнеркөсіп, ғылым, білімнің өркендеуі ірі қалалардың экономикалық есуінің діңгегіне айналды. Қалалар және оларды қосатын жолдар аумақтың сүйенетін қаңқасы тәрізді.


Ірі қалалар – адамның шығармашылық әлуетін дамытуға мүмкіншілік береді. Қалалықтар қызмет түрінің көптеген түрлерін пайдаланып, жайлы қоныстанған және мәдениеттілігі жоғары болып келеді. Сондықтан болар, дүние жүзінің барлық елдеріне тән үрдіс – адамдардың қалаға жылжуы.
Қалалардың қалыптасуын және дамуын урбандалу деп атаймыз (лат. Urbanus – қалалық).
1) қаланың және халқының өсуі;
2) қалалық тіршіліктің өркендеуі;
3) орналасудың жаңа түрінің пайда болуы.
Қалалық орналасудың тарихи қалыптасқан 3 формасы бар. Қала, қалалық агломерация және мегаполис.
Қалалар Қазақстан жерінде ежелгі дүние кезеңдерінде қалыптасқан жоспарлы экономика тұсындағы урбандалу саны жағынан қалалар мен халық саны өсті. Қала және қала типтес ауылдар көбінесе бір кәсіпорын маңында (зауыт, фабрика, кен орны) калыптаса бастады. Экономикалық дағдарыс тұсында көсіпорындардың жабылуы қала тіршілігінің де жойылуына алып келді. Осыған орай мемлекеттің күшімен көптеген қала типтес кенттер біртіндеп ауылға айналды. Қазіргі таңда 86 кала және 35 кент бар. Қалалар тұрғын санына, атқаратын қызметіне және елді модернизациялаудағы реліне қарай бөлінеді.
Қала қызметі – қаланың негізгі қызметі. Олар қаланы қалыптасатын және қалаға қызмет көрсететін салаларға бөлінеді.
Қаланы қалыптастырушы қызметі – негізгі. Бұл қаланың мамандығы, яғни сол үшін негізі қаланған. Ңаланы қалыптастыруға өнеркәсіп, көлік, сауда, әкімшілік, мәдениет, ғылым, туризм және әскери қызметтер жатады.
Қалаға қызмет көрсету – қаланың өмір сүруін қамтамасыз етеді. Олар үй – коммуналды шаруашылық, қала көлігі, кейбір кәсіпорындар (мысалы, нан зауыты), сауда, денсаулық сақтау, тұрмыстық қызмет көрсету.
Қала халқының саны мен қызметі арасында тығыз байланыс бар. Қала ұлғайған сайын қызметі көбейе бермек. Керісінше қызметтің пайда болуы қаланың өсуіне әсері бар. Мысалы, Астана. Елді модернизациялауда ерекше рөлді:
1) Астана, Алматы мен Шымкент атқаруда.
2) Ұлттық мәні бар көмекші қалалар (облыс орталықтары).
Барлық қалалар мен кенттер – қалалық орналасу тармағын құрайды.
Енді өздерің байқағандай Қазақстанда ұсақ қалалар басым. Бірақ қалалықтардың 4/5 (халықтың 40%) үлкен қалада өмір сүруде. Олардың міндеті халықтың орналасуын жақсарту, өмір сүру деңгейін жоғарылату және мемлекетті модернизациялау, себебі кез келген қала (саны 100 мыңнан артық болса) айналасында агломерацияны қалыптастыруы мүмкін.
Агломерация (лат. Aqqlomerare – қосылу) қалалық орналасудың екінші формасы. Агломерадия негізгі қаладан (ядро) және серіктес қаладан (өндірістік, көліктік, сауда, туристік) тұрады. Арасында өндірістік, еңбек, мәдени байланыстар бар.
Агломерация екі жолмен қалыптасады. Бірінші жолы суға тамған май тамшысы сияқты біртіндеп жайылып, айналасындағы елді мекендерді өзіне қаратып алады. Нәтижесінде серіктес қалалар пайда болады. Бір ядродан тұратын агломерациялар да болады. Мысалы, Алматы агломерациясы керісінше Қарағанды көмір алабы негізіндегі агломерация. Бұл жерде әрбір шахта маңында жеке елді мекендер қалыптасқан болатын. Кейіннен бірнешеуі бірігіп Қарағанды қаласын қалыптастырды (әлі күнге дейін Қарағанды бірнеше аймақтардан тұрады). Уақыт өте келе үлкен металлургия комбинатының салынуы агломерацияның екінші ядросы Теміртау қаласының пайда болуына себепші болды. Сапалы жаңа агломерациялардың пайда болуы урбандалудың сапалы өсімі. Алдағы уақытта жаңа қалалар тек агломерация құрамында болады. Оған мысал болатын Үлкен Жоба «G-4 Сити». Алматы маңында 4 серіктес қала салу.
Орналасудың үшінші формасы – мегаполис (гр. Meqas – ірі (үлкен) polis – қала). Агломерациялардың бірігуін мегаполис дейміз. Тұрғындар саны бірнеше ондаған миллионға жетеді. Мұндай жоғары үлкен қалалар Астана – Қарағанды, Алматы – Талдықорған, Шымкент – Тараз маңында, ірі көлік орталықтарында болуы мүмкін. Бұл қалалардың өсуіне себепші халықтың қолайсыз аймақтардан қалаларға көшуі, репатриация және реэмиграция..
Барлық халықтың ішінде қалалықтардың басым болуы қалалық өмір сүрудің басымдығын көрсетеді. Біздің елімізде урбанизация дедгейі соншалықты жоғары емес. Оның деңгейін жоғарылату – алдағы тұрған мақсат және елді модернизациялаудың бір жолы. Қазақстанда аз урбандалған аймақтарда (халықтардың үлесі 40%-дан аз) орташа урбандалған (40-60%) және жоғары урбандалған аймақтарда кездеседі (60% - жоғары).




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет