Бөж тақырыбы


Ауылдық халықтың орналасуы



бет4/12
Дата20.05.2024
өлшемі122 Kb.
#202649
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
MKJVXJLBPMPA15052024010913

1.2.Ауылдық халықтың орналасуы
Ауыл халқының негізгі тыныс-тіршілігі егін егу және мал бағу. Сондықтан да олар осы ресурстарға тәуелді орналасқан. Ауылдар егін аймақтарынан және жайылымнан алшақтамау үшін кішігірім мекендер болып келеді. Олардың үлкендігі және тығыздығы орналасқан жерінің өнімділігіне де байланысты. Ауылдардың басым кепшілігі — ауыл шаруашылығына негізделген. Бірақ көптеген ауылдарда өндіріс орындары – сүт, қант, балық, ет және кекеніс консервілеу зауыттары бар. Сонымен бірге кейбір ауылдар – темір жол стансасы, курорт, орман шаруашылығы, қорықтар маңында да пайда болған. Ауылдық елді мекендер кебінесе табиғи жағдайларға байланысты, әсіресе аймақ ерекшелігіне қарай орналасқан.
Орманды дала және дала зоналарында – жер жырту және шабындыққа негізделген ауылдар. Көбінесе өзен-көл жағалауларында, оңтүстіктің тау етегіндегі ауылдар — суармалы егіншілікке бейімделген. Әсіресе өзен, қаналдар бойында көп шоғырланған. Шөл және шөлейт аймақтарда ұсақ ауылды мекендер мал жайылымына негізделген.
Ірі ауылдар – өзен жағалауында, ұсақ ауылдар – қыстақтарда орналасады.
Қазақстан ауылдары – күрделі әлеуметтік проблемаларды шешуде. Қалаға қарағанда жұмыссыз және кедей адамдар саны жоғары. Себебі көптеген ауылдардың инфрақұрылымының жоктығы – сапасыз жол, ірі қалалардан шалғайда орналасуы, кішігірім мекемелердің жабылуы, сапалы судық жетіспеуі, т.б.
Бұл проблема көбінесе экономикалық және экологиялық тұрғыдан болашағы жоқ ауыл дарга тән. Қазіргі кезде мемлекетіміз ауылды дамыту үшін қыруар қаржы бөлуде. Нәтижесінде Қазақстан ауылдарының сырт келбетінің жақсаруына әсерін тиғізуде (барлық жерде бірдей емес). Негізгі ауыл саясаты бірінші — болашағы бар ауылдарды жаңғырту, екінші – болашағы жоқ ауылдың тұрғындарын қолайлы ауыл немесе қалаға көшіру.
Осыған орай урбанизация процесі кезінде ауылға немесе қалаға алып келер оң және теріс жақтарын қарастырған жөн. Оң қөзқарас ретінде урбанизация үрдісі экономика дамуына үлесін қосады. Егер ауылдан адамдар келсе қала тұрғындарының саны артады. Ал тұрғындар санының артуы елге түсер қаражаттың өсуіне алып келеді. Ауылдан келген адамдар қаланың көркейуіне үлес қосар болса, онда тек экономика емес қаланың техналогиялық, мәдени және саяси әл- ауқатыда өсіп өркендейді. Мысал ретінде америкалық ғалым Адам Аланның айтуы бойынша ауылда тұратын тұрғындардың тез үйреніп алу қабілеті қалалық тұрғындарға қарағанда 3 есе жоғары кетеді. 2004 жылы жүргізілген қала мен ауыл адамдарынан тест алу барысында ауыл тұрғындарының 42,5% қабілетті болып шыққан ал қала тұрғындары 39% құраған .
Демек ауылдық адамдар жақсы дамыған, ол айтпасада белгілі ауылдық жерлерде таза ауа, егін шаруашылығы, керемет табиғат, ауылдың экологиясы қаланың экологиясына қарағанда бірнеше есе таза. Бұл көзқарсымды қорытып кетер болсам әрине білімді адамдар қазіргі таңда өте қажет, Әрине егер қала дамитын болса, онда біз ауылдық жерлердіде дамыта аламыз. Теріс көзқарас ретінде урбанизация үрдісінің адам өміріне алып келер кері әсерлерінде айта кеткен жөн. Яғни урбанизация экологияға зиян алып келеді. Урбанизация процесі кең ауқым алған жерлердің экологиялық жүйесі әлсірейді. Қала адамдарының саны артса адам әрекетінен шығатын антропогенді факторларда жылдам өседі. Демек экология ластанса адам денсаулығына алып келер әртүрлі зияны болады. Сонымен қатар жастар субмәдениетінің және қалалық ортаның әсері ауылдық жерде шектеулі болғандықтан ауыл жатары арасында жаға ұрпақтан жаттану, аполистік, агрессивтілік секілді процестердің дамуына кедергі келтіреді.
Сонымен қатар мемлекеттік қаржыдан және қолдаудан айрылған аграрлық сектордың қызметі және инвестиция едәуір төмен болды. Бұл факторлардың барлығы жұмыссыздық деңгейiнің орын алуына және ауылдық тұрғындардың тұрмыс сапасының нашарлауына алып келді. Қалалар көпшілігінде алуан этносты болып келсе, ауылда бір этносты басым болып келеді. Егер, ауылды жерде дәстүрлі ұлттық мәдениеттің белгілері басым болса, ал қалада сан алуан этностардың түрлі мәдениетінің нышандарын кездестіруге болады. Қалада жоғары оқу орындары, ғылыми мекемелер, театр, филармония, көрмелер және сол сияқты сан қилы мәдениетті құру және тарату құралдарының бай қоймасы шоғырланған болса, ал ауылды жерде бұл мүмкіншіліктер шектеулі. Қай заманда, қай қоғамда да тарихи дауылдардың, төңкерістер мен сілкіністердің ауыртпалығын ауыл тартты. Қазіргі өмір сүріп отырған қоғамымыздың – өзекті мәселелерінің бірі ауыл мен қала мәселесі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет