Бөж тақырыбы


Көші-қон саясатының мақсаты мен қағидаттары



бет9/12
Дата20.05.2024
өлшемі122 Kb.
#202649
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
Байланысты:
MKJVXJLBPMPA15052024010913

6. Көші-қон саясатының мақсаты мен қағидаттары
Көші-қон саясатының мақсаты — көші-қон процестерін басқару, тұрақты демографиялық дамуды қамтамасыз ету, еліміздің мемлекеттік қауіпсіздігін нығайту және көшіп-қонушылардың кұқықтарын іске асыру үшін жағдай жасау.
Қазақстан Республикасының көші-қон саясаты мына қағидаттарға:
көшіп-қонушылардың құқықтарын сақтау мен қорғауға, оларды нәсілдік, ұлттық, тілдік белгілері, шығу тегі, діни нанымы, саяси сенімі, белгілі бір әлеуметтік топқа жататындығы бойынша кемсітушілікке жол бермеуге;
көші-қон процестерін және халықаралық міндеттемелерді реттеу саласында заңдардың ережелерін орындауды қамтамасыз етуге;
жеке адам мен мемлекеттің мүдделерін ұштастыруға, өкімет билігінің барлық тармақтары мен қоғамдық бірлестіктердің күш-жігерін біріктіруге;
Қазақстан Республикасы халқының мүддесін қорғауға, тең құқықты ынтымақтастық негізінде халықтың көші-қоны алмасуындағы Қазақстан мен әріптес-мемлекеттердің басымдықтарын келісуге;
жергілікті халық пен көшіп-қонушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз етуге негізделеді.


7. Көші-қон саясатын іске асырудың басымдықтары, негізгі бағыттары.
Көші-қон ахуалының қазіргі кездегі жағдайына және даму перспективасына талдау жасау: біріншіден, көші-қон проблемаларын шешудегі басымдықтарды; екіншіден, өтпелі кезенде оларды шешудің негізгі бағыттарын, тетіктерін және көші-қон процестерін реттеу жөніндегі бағдарламаны әзірлеуді және оны ұзақ мерзімдік перспективаға – әлеуметтік-экономикалық тұрақтылық пен елдің тұрақты дамуы кезеңіне іске асыруды айқындауға мүмкіндік береді.
Көші-қон саясатының неғұрлым елеулі басымдықтары ретінде:
өтпелі кезеңнің мәселелерін шешу үшін:
оралмандарды жайластыруға, қоныстанған жеріне олардың бейімделуіне және жергілікті әлеуметтік ортаға бітеқайнасып кетуіне, қарулы жанжалдарды бастан кешірген адамдарды психологиялық сауықтыруға барынша жәрдемдесу;
мәжбүрлі көші-қон, соның ішінде заңсыз көші-қон ағыны мен одан туындайтын теріс салдарлардың алдын алу және жолын кесу;
босқындар деп танылған адамдардың әлеуметтік ортаға тезірек бітеқайнасып кегуі және олардың өздері шыққан мемлекетке ерікті түрде қайтып оралуы үшін қажетті жағдайларды қамтамасыз ету;
Қазақстан Республикасының аумағында көшіп келуді бақылау жүйесін құру және дамыту;
эмиграция процестерін азайтуға және тұрақтандыруға, соның ішіңде республиканың интеллектуалдық әлеуетінің кетуін болдырмауға жәрдемдесу;
ішкі және сыртқы еңбек көші-қонын реттеуді қамтамасыз ету;
ұзақ мерзімдік перспективада:
әлеуметтік-экономикалық алғышарттарды жасау және соның негізінде көші-қон ағанын қайта бағдарлау;
Қазақстанның геосаяси жағынан маңызды аймақтарында халық санының сақталуына және одан әрі қалыптасуына жағдайлар жасау;
халықаралық еңбек рыногына Қазақстанның өркениетті ықпалдасуын қамтамасыз ету, қазақстандық эмигранттар арасынан білікті мамандардың қайтып оралуын ынталандыру;
Қазақстан Республикасының аумағында көшіп келуді бакылау ісінің бірыңғай жүйесін енгізу және жүзеге асыру жолымен көшіп келу процестерінің бақылануын қамтамасыз ету;
шет елдердегі отандастармен сындарлы өзара қарым-қатынасты қолдау және дамыту болып табылады.
Көші-қон саясатын іске асырудың негізгі бағыттары, тетіктері
Өтпелі кезең үшін:

  1. Оралмандарды жайластыруға, олардың қоныстанған жеріне бейімделуіне және жергілікті әлеуметтік ортаға бітеқайнасып кетуіне, қарулы жанжалдарды бастан кешірген адамдарды психологиялық сауықтыруға барынша жәрдемдесу;

Оралмаңдардың жаңадан келген жерінде бітеқайнасып кетуі мыналарды көздейді:
мемлекет кепілдік беретін негізгі құқықтары мен бостандықтарын іске асыруға қажетті жағдайлар жасау және көмек көрсету;
өлеуметтік қолдау жөніндегі іс-шараларды әзірлеу және жүзеге асыру, жайластыруға жұмсалған бюджеттік қаражатты қайтаруға және қайта инвестициялауға мүмкіндік беретін жүйе жасау, жұмыссыз оралмандарды жұмысқа орналасуға және қайта даярлауға жәрдемдесу, кәсіпкерлік бастаманы көтермелеу, өлеуметтік қорғау жүйесіне нақты қол жеткізуді қамтамасыз ету.
Оралмандарға көмектесу бағдарламаларын аймақтарды әлеуметтік-экономикалық дамытудың бағдарламаларымен неғұрлым тиімді ұштастыру мыналарды көздейді:
тұрғылықты халықтың мүдделерін ескеру. Оралмандарға көмек көрсету, олар жинақы орналасқан аудандарда инфрақұрылымды дамыту кезінде тұрғылықты халық арасында реніш тууына жол бермеген жөн. Бұл реттте, көшіп келушілер мен жергілікті халық арасындағы этникалық, мәдени, тілдік және конфессиялық арақатынасты ескеру маңызды.
Атқарушы органдар мен оралмандар үшін көңілге қонымды тұрғылықты жерді таңдау;
бұқаралық ақпарат құралдарын кеңінен пайдалана отырып оралмандардың бейімделу және бітеқайнасып кету проблемалары туралы халыққа хабарлап отыру.
2. Мәжбүрлі көші-қон ағынының алдын алу және одан туындайтын теріс салдарларды болдырмау.
Басқа мемлекеттерден кслетін мәжбүрлі көші-қонның алдын алудың аса маңызды бағыты – көші-қон ағынын жан-жақты есепке алу, заңнамалық базаны жетілдіру және Қазақстан Республикасы шет мемлекеттермен екі жақты қарым-қатынас орнату кезіңде отаңдастарымыздың әлеуметтік- экономикалық жағдайын зерделу болып табылады.
Мемлекеттік басқару оргаңдары азаматтарды қоныстандыру процестерін және олардың құқықтарын қорғауды реттейтін екі жақты және көп жақты келісімдерді тезірек жасасуға және іс жүзіне асыруға жәрдемдесетін болады.
Орталық және жергілікті атқарушы органдар Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдерінде және алыс шет елдерде тұрып жатқан этникалық қазақтардың қоныс аудару жағдайы туралы объективті ақпарат алуына, оралман мәртебесін алуына және Қазақстан Республикасында тұруына жәрдем көрсететін болады.
Қазақстан Республикасының барлық аймақтарында экологиялық жағдайдың мониторингін енгізу қажет. Егер ахуал халықтың өмірлік тіршілігі үшін белгіленген нормаға сай келмеген жағдайда орталық және жергілікті атқарушы органдар экологиялық жағдайдың бұзылу себептерін жою жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыратын болады, ал мұны жасау мумкін болмаған жағдайда – халықты көшіру жөніндегі іс-шаралар кешенін жүзеге асырады және іс-әрекеті экологиялық жағдайды бұзуға алып келген барлық меншік нысанындағы кәсіпорындар мен ұйымдарды осы іс-шараларды қаржыландыруға тартады.
Экологиялық жағдайы қолайсыз аудандарда көшіп-қонушылар ағынын шектеу жөніндегі іс-шараларды өзірлеу және өткізу қажет.
3. Мәжбурлі көшіп-конушылардың және босқындардын, өздерінің шыкқан мемлекетіне өз еркімен қайта оралуы көші-қон саясатының негізгі бағыттарының бірі болып табылады, оны жүзеге асыру мыналарды көздейді:
әрбір жеке адамға дара көзқарас;
өзінің тұрақты тұратын жеріне кайта оралуға мүдделі адамның ерікті турде білдірген тілегінің болуы;
қайта оралу процесіне мемлекеттің қатысуы;
кемсітушілікке жол бермеу және адам құқықтарын сақтау, ұлттық әдет-ғұрыптар мен дәстүрлерді ескеру;
қайтьш оралатын аймақтағы ахуал туралы бәрін қамтыған және объективті ақпараттың болуы. Орталық және жергілікті атқарушы органдар мұндай ақпараттарды, соның ішінде тәуелсіз көздерден алуға ықпал жасауы тиіс. Адам құқықтарын сақтау және жеке бастың қауіпсіздігі саласындаға жағдайға байқау жургізетін халықаралық және мемлекеттік емес ұйымдар маңызды рөл атқарады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет