Бөж тақырыбы


Толерантты мінез-құлықты қалыптастыруға



бет2/3
Дата02.05.2020
өлшемі61,84 Kb.
#65438
1   2   3
Байланысты:
13апта психология

Толерантты мінез-құлықты қалыптастыруға әлеуметтік-қоғамдық үдерістер себепші болады, олар: ортада, қоғамда әлеуметтік зомбылықтың өсуі, ұлтаралық қақтығыстардың жалғасуы, ұлттық экстремизмнің өсуі және т.б., сонымен қатар әлеуметтік зорлықтың әртүрлі жағдайларында жеке адамдар мен әлеуметтік топтардың толерантты мінез-құлқын азаматтық келісім өлшемдерінің негізі ретінде әлеуметтік практикаға енгізу қажеттілігі сияқты ортаның cұранысы ескерілуі қажет.Оқушылардың толерантты мінез–құлықтарының қалыптасуы қоғам дамуы заңдарымен, білім беру үдерісімен, оқыту және жеке тұлға дамуымен заңды байланысты.Осыған орай оқушылардың толерантты мінез-құлықтарын қалыптастыруға арналған тиімді іс-әрекеттер кешенін дайындау мен жүзеге асыру үшін белгілі бір міндеттерді шешу қажеттілігі туады.Толерантты мінез-құлықты тиімді қалыптастыру педагогикалық әрекет пен оқушы тұлғасын өзіндік тәрбиелеу бірлігі көрінетін үдерісте де жүзеге асуы мүмкін. Мұнда тәрбиелік әсер мен қарым-қатынас субъектілерінің өзара әсері арасында заңды байланыс бар: бұл байланыс педагог пен оқушының арасында болады да, қалыптастыру үдерісінің бүтіндігі туралы қорытынды жасауға мүмкіндік береді.Біз толерантты мінез-құлықты қалыптастыруда бүтін, бөлінбей орындалатын педагогикалық-психологиялық заңдылықтар мен қағидаларды айқындадық.Толерантты мінез-құлықты қалыптастырудағы маңызды жағдай жағымды аймақтық білім саясатын құру болып табылады да, гуманистік парадигманы қозғалтып, аймақтың мәдениет, тіл, әдет-ғұрып сияқты маңызды әлеуметтік ерекшеліктерін көрсетеді.

Ғалымдардың зерттеуі бойынша оқушылар толеранттылығының қалыптасуының 4 деңгейі белгіленген:

-интолеранттылық деңгейі жоғары

-интолеранттылық деңгейі жоғары емес

-толеранттылық деңгейі жоғары

-толеранттылық деңгейі жоғары емес



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет