Бөж тақырыбы



бет1/3
Дата02.05.2020
өлшемі61,84 Kb.
#65438
  1   2   3
Байланысты:
13апта психология


Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті.

Гуманитарлық ғылымдар факультеті.



Білім технологиялары кафедрасы.



БӨЖ

Тақырыбы: Толерантты мінез-құлықты дамыту бойынша қатысушылары мен жүргізушілері олардың қажеттіліктері, мүдделері мен мақсаттары психологиялық ұсыныстар әзірлеу.

Орындаған:Ілесбек С.

Қабылдаған:Байкенже Н.

Тобы: ППМ-811.



Түркістан-2020

Жоспары:

1.Кіріспе.

Толеранттылық ұғымы.

2.Негізгі бөлім.

Толерантты мінез-құлықты қалыптастыру.

Толеранттылық қалыптасуының 4 деңгейі.

3.Қорытынды.

Толеранттық - [ лат. tolerencia - төзімділік] - айырмашылықтарды мойындау, сыйлау; өзінен өзге сенімдегі, көзқарастағы, мінез-құлықтағы басқаның құқын мойындау арқылы қақтығыстардың шешімін табу мүмкіндігін іздестіруге апаратын адамның күнделікті тұрмыста басшылыққа алып отыратын өнегелік жүріс-тұрыс ережесі. Көбіне толеранттық ретінде өзгелердің кемшілігіне кешіріммен қарау, төзе білу, басқаны қабылдай білу түсініледі. Толеранттық жеке адамдардың, әлеуметтік топтардың басқа адамдармен немесе әлеуметтік топтармен қарым-қатынасынан көрініс табатын психологиялық немесе әлеуметтік- психологиялық мінез-құлқы ретінде; қазіргі қоғамның аса маңызды құндылықтарының бірі ретінде; тәуелсіздікке, дербестікке, идеяларды зорлықпен таңуға жол бермеу ретінде; адам еркіндігін шынжырлайтын діни, этникалық, нәсілдік нанымдарды жоққа шығарушы ретінде қарастырылады. Басқалардың пікіріне, сеніміне, тәртібіне шыдамдылық көрсету. 1995 ж. ЮНЕСКО-ның Бас конференциясы бекіткен толеранттықтың принциптер Декларациясында толеранттылық былай қарастырылады: 1) әлемнің бай мәдениеттерін, өзін-өзі көрсетуін, жеке адамның қасиеттерінің көрініс табуын дұрыс түсініп, қабылдап, құрметтеу; 2) наным-сенімдерден, ақиқатты шексіздендіруден бас тарту және халықаралық құқықтық актілерде бекітілген адам құқы саласындағы ережелерді бекіту. Қазақ түсінігіндегі "қонақжайлық" ұғымы осы толеранттық ұғымымен мағыналас келеді.

Толеранттылық бізді қоршаған әлемдегі мәдениеттің сан алуандығын, адамдардың жекелігін құрметтеу, қабылдау және дұрыс түсінуді білдіреді. Толеранттылық - адамның жан - жақты құқықтары мен негізгі бостандықтарын мойындау негізінде қалыптасқан белсенді қарым - қатынас. Жекелеген адамдар, топтар және мемлекеттер толерантты болулары керек. Толеранттылық – бұл адам құқығының, плюрализмнің (соның ішінде мәдени плюрализм), демократия мен құқықтық тәртіптің бекітілуіне ықпал етуге міндеттілік. Тұлғаның толеранттылық деңгейін диагностикалаусыз оны қалыптастыру жұмысын жоспарлау мүмкін емес. Сондықтан психолог түрлі әдістерді пайдалана отырып тұлға толеранттылығының қалыптасу деңгейін анықтап беруі шарт. Бүгінгі таңда ондай әдістемелер ғылыми негізделген де, мәселен, П.В.Степановтың әдістемесін пайдалануға болады.

Бұдан бөлек оқушы толеранттылығының қалыптасу деңгейін олардың мінез-құлықтарын бақылау, рөлдік ойын барысындағы эмоционалдық күйіне, проблемалық пікірталастар, топтық рефлексия, шығармаларын талдау, сауалнамалар арқылы білуге де болады.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет