Интолеранттылық деңгейі жоғары – басқа мәдениет өкілдерін саналы түрде түсінбеу және қабылдамау.Ол сырт көрінісі басқа немесе өзге құндылықтар иелерінің тең құқықтылығын түсінгісі келмейді.
Интолеранттылық деңгейі жоғары емес – мәдениет өкілдерінің құқықтарын сөз жүзінде мойындайды, адамдардың діни, нәсілдік, мәдени, ұлттық ерекшеліктеріне қарамай тең құқықты өмір сүруі қажет деген ұстанымды айтады, бірақ сонымен қатар жекелеген әлеуметтік топтарға жағымсыз қатынасын ұстайды.
Толеранттылық деңгейі жоғары емес – мәдени плюрализмді мойындайды және түсінеді, түрлі әлеуметтік топтарға деген құрметпен келіседі, бірақ солай бола тұра, өз бетімен күнделікті өмірдегі, әсіресе жабық түрдегі мәдени дискриминация құбылысын көруге қабілетті емес.
Толеранттылық деңгейі жоғары – басқа мәдениетті, адамдардың басқа өмір салтына, өз көзқарастары мен құндылықтарын еркін көрсетуге деген құқықтарын мойындайды. Бұл өзге мәдениетті қабылдау, мәдени ерекшеліктерге жағымды қатынас, кез келген мәдени дискриминацияға ерекше көңіл бөледі, басқа мәдениетпен өзіне қандай да бір пайдалы және құнды нәрселер таба біледі.
Қорытындылай келе жоғарыда айтылғандай П.В.Степановтың әдістемесін пайдалана отырып сауалнама ұсынғым келеді.
Әр түрлі пікірлер жүретін топ ұзақ өмір сүре алмайды.
Өркениетті елдер, мәселен Ресей, Қазақстан – Африка елдеріне көмектеспеуі тиіс, олар өз мәселелерін өздері шешсін.
Азшылық көпшіліктің пікірін еркін сынай алуы, жақсылықтың белгісі.
Байлардың балалары өз ақшаларына болса да, ерекше мектептерде оқуға құқылы болмауы тиіс.
Артта қалған оңтүстік елдерден келгендерді белгілі бір арнайы аудандарда бөліп ұстап, оларды жеке мектептерде ғана оқытып, басқа адамдармен қарым-қатынасын шектесе дұрыс болар еді.
Жас адамның сақал қойып, шашын өсіруі кімге болса да жағымсыз.
Біздің елімізде тұратын аз ұлттар Қазақстан мемлекетінікінен бөлек өз дәстүрлері мен салттарымен байланысты ерекше заңдарына құқылы болуы тиіс.
Барлық қайыр сұраушылар мен үйсіз-күйсіз жүрген қаңғыбастарды күштеп ұстап алып, жұмысқа салу қажет.
Адамдар тең болып жаралмаған: кейбіреулері басқаларға қарағанда ерекше екені рас.
Қара нәсілді адамды ақ нәсілділерге жетекші немесе басшы етіп қою әділетсіздік белгісі.
Қара нәсілді адамдардың сырт көрінісі қандай да бір белгісімен болса да, нормадан ауытқушылық болып табылады.
Қазіргі терроризмнің шығу себептерін батыс мәдениетінен іздеу керек.
Қайыршылар тұратын аудандарды жақсарту – бұл мемлекеттік ақшаны текке төгумен пара-пар.
Еврейлер де кез келген ұлт өкілдері сияқты қоғамға пайдалы азаматтар.
Тіпті ең бір түрлі адамның өзі ақылға қонбайтын ерекше қызығушылығы бар адам да өз көзқарасы мен өзін қорғауға құқылы болуы тиіс.
Қара нәсілді адамдар ақ нәсілді адамдардан экономикалық дамуы жағынан артта келе жатқанына қарамастан олардың ақыл-ой қабілеттерінің арасында ешқандай айырмашылықтың жоқтығына мен сенімдімін.
Өз елінен басқа да елді көбірек жақсы көріп, сол елге көбірек көмектесетін адамды жазалау керек.
Біз өз қаламызға басқа ел өкілдерінің көшіп келуін
шектемеуіміз керек.
Азия және Африка елдерінің адамдары Қазақстан азаматтығын алса да басқа қазақстандықтармен бірдей жақсы жұмысқа және жоғары мемлекеттік қызметке тұра алмайды деген сөз әділетсіз айтылған деп есептеймін.
Барлық шешендер табиғатынан бірдей.
Түрлі нәсілдер мен ұлт өкілдерінің арасында таланты мен қабілеттерінің арасында айырмашылық бар.
Мен ұсқынсыз, салақ адамдарды көрсем, оларда жұмысым болмауы тиіс – өйткені бұл олардың жеке басының мәселесі деп ойлаймын.
Құрметтеуге лайық емес ұлттар мен халықтар бар.
Басқа дін өкілімен дос болатынымды көз алдыма елестетуім қиын.
Біздің еліміздегі адамдардың түрлі, тіпті қарама-қайшы көзқарастарды ұстануы – Қазақстан үшін пайдалы.
Бөтен немесе таныс емес сөздерді қолданатын жазушылар менің жүйкемді тоздырады.
Адамдарды оның ұлтына емес, оның адамгершілік және іскерлік сапаларына қарап бағалау қажет.
Тек бір ғана дін ақиқат дін бола алады.
Бір реткі қылмыс жасаған адам, кейін жағымды болып өзгере алмайды.
Қазақстанның көпұлтты мемлекет болуы – оның мәдениетін байыта түседі.
Менімен келіспейтін адам, әдетте менің жүйкемді тоздырады.
Мен біздің барлығымыз үшін ненің жақсы, ненің жаман екенін анық білемін, сондай-ақ басқалардың да оны солай түсінуі тиіс деп есептеймін.
Жарыңды өз ұлтыңнан таңдағаннан жақсысы жоқ.
Менің өзге елде біраз өмір сүргім келеді.
Қайыр тілеушілердің барлығы жалқау, екі жүзді және өтірікшілер деп есептеймін.
Басқа мәдениет өкілі, өзге дәстүрді ұстаушы немесе басқа дағдылары бар адам қоршаған ортадағыларды сақтандырып, қорқыныш сезімін ұялатады.
Ұлттық ерекшелігіне қарай кез келген құқығын төмендетушіліктің барлығы дерлік заңсыз деп табылып, қатаң жазалануы тиіс.
Азшылық топ өкілін немесе басқалардан өзгеше адамдар құқын қорғау аса маңызды.
Біздің елімізге қоғамдағы бейбітшілік пен ынтымақтастық үшін бәріне баратын неғұрлым төзімді адамдар қажет.
Кез келген ұлтаралық қақтығыстарды келіссөздер мен түсіністік табу арқылы шешуге болады.
Кез келген ұлтаралық қақтығыстарды келіссөздер мен түсіністік табу арқылы шешуге болады.
Біздің еліміздегі болып жатқан қыдмыстардың көпшілігін сырттан келгендер жасайды.
Кішірею –әлсіздік танытумен пара-пар.
Үкімет елімізге экономикалық жағынан артта қалған елдерден келіп жатқан босқындар легін тоқтатуы тиіс, өйткені ол қылмыстың көбеюіне жол береді.
Сізге ұсынылған бір қатар көзқарастардың қайсысымен келісетініңізді, қайсысымен келіспейтініңізді анықтауыңызды сұраймыз. Келісу не келіспеу деңгейіңізді төмендегідей бағалаңыз.
++ әбден келісемін (әрине, келісемін);
+ аздап келіспеушілік (келісетін шығармын);
0 жауап беруге қиналамын.
– аздап келіспеушілік (келіспейтін шығармын);
- - мүлдем келіспеушілік
Қорытынды төмендегідей болады:
– 90- нан – 45 – инотолеранттылық дамуы жоғары деңгейде.
– 45-тен 0-ге дейін – инотолеранттылық даму деңгейі жоғары емес.
0-ден 45-ке дейін – толеранттылық деңгейі жоғары емес.
45-тен 90-ға дейін – толеранттылық деңгейі жоғары екенін көрсетеді.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:
1. https://wikipedia.kz сайты.
2. https://stud.kz сайты.
Достарыңызбен бөлісу: |