Бөж тақырып: Ежелгі Үнді философиясы Топ: жфз 313 Орындаған: Нурали Ш.Өтеген А. Қабылдаған: Шадинова Г. Түркістан – 2024


Ежелгі Үнді философиясына жалпы сипаттама



бет2/8
Дата05.04.2024
өлшемі49,26 Kb.
#200560
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
реферат философия1
Махбал (1), Методика 30 сұрақ-жауабымен, Методика 30 сұрақ-жауабымен, Методика 8 30сұрақ-жауап, Методика 30 сұрақ-жауабымен, 1 k shablon 9, Азиза 10 апта бож.docx.pptx, molchanov, Вопрос 1, Antaev-Zh-T-Menedzhment-v-sisteme-obrazovaniya, слайд Абдумавленова Т 2 db9c01bf439d8958587b3cecd08322dc, Способы связи, пСИХ ТЕСТ, 4 лекция ККЗТ, 4 лекция ККЗТ
1.Ежелгі Үнді философиясына жалпы сипаттама
Үнді халқының, көрші Қытай елі сияқты, 4-5 мыңжылдық өркениеттік тарихы бар. Олай болса, оның өзіне тән ерекшеліктері біршама.Үнді елінің ғажап ерекшелігі оның әлеуметтік ұйымдас-тырылуында. Ондағы адамдар үлкен жабық әлеуметтік топтардан тұрады. Оны - варна, я болмаса каста дейді.Негізінен алғанда, Үндістан қоғамында 4 каста тарихи пайда болды. Олар: Брахмандар (актар); айналысатын істері - ой енбегі, негізінен, діни қызметкерлер, ел басқарушылар.Кшатрилер (қызылдар); айналысатын істері жауынгерлік істер. Вайшьилер (сарылар); еңбек етеін адамдар, негізінен, егін егу, мал багу, коленермен айналысу т.с.с.Шудралар (каралар) ең ауыр, кір жұмыстармен айналы сатындар.Тарихи алғы үш каста б.ғ.д. 1500 жылдары Үнді еліне басқа жактан келген арий тайпалары. Шудралар - жергілікті сол жерде пайда болған аборигендер болып есептеледі (ab origine - латын сөзі, басынан бастап).Әрбір кастаның өзінің әдет-ғұрыптары және баска касталармен кандай катынаста болу керек жөніндегі ережелері бар. Үлкен касталардың өзі іштей әртүрлі топтарға бөлінеді.Баска жактан келген адамдар бірде-бір кастаның ішіне кіре алмағаннан кейін, өзінше дербес каста болып қалыптаса бастайды.Касталық қоғам қалай пайда болғаны, оған әкелген кандай себептердің болғаны белгісіз болса да, оның негізінде жатқан 3 принципті көрсетуге болады. Олар:Әрбір кастаның ішкі тазалығы және басқалардың сол тазалықты бұзуы мүмкіншілігінен пайда болатын үрей, қорқыныш сезімі:Касталық қоғамның пирамидальдық құрылымы. Әр каста өзінен төмен жатқан топтарға жоғарыдан қарап, өзінің қадірлігін сезінуге мүмкіндік алады.Реинкарнация, яғни адамның жан дүниесінің келесі өмірде ауысып кету мүмкіндігі.Әрбір адамның негізгі құндылығы сол өзі туып-өскен каста болғаннан кейін, индустар қоғамның саяси өміріне, жерге, билікке онша көп мән бермеген. Үнді еліне жер ауып келген басқа халықтар ерекше каста болып, өзінің әдет-ғұрыптарын, тілін сақтауға жақсы мүмкіндік алып, сол қоғамның ерекше кұрамдас бөлігі ретінде жеңіл сіңісіп кетеді.Үнді халқының тағы бір орасан-зор ерекшелігі – оның өте бай мифологиясында. Жер бетіндегі бірде-бір халықтың аңыздарын үнді аңыздарымен салыстыруға болмайды.
Үнді аңыздарында 3 мыңнан артык Құдай кейіптері суреттелген! Олар да адамдар сияқты сүйінеді, күйінеді, туады, картаяды, соғысады, бір-біріне көмектеседі т.с.с.Үнді мифологиясындағы негізгі Құдайлар мен негізгі ұғымдар:
Индра - найзағайдың, күн күркіреудің Құдайы;
Митра - күн Құдайы;
Варуна - аспан Құдайы;
Агни - от Кұдайы;
Яма - өлім Құдайы;

Тапас - дене іңкәрі, жылылық;


Рита - гарыштағы тәртіп;
Пуруша - гарыш адамы, рух, жан;
Карма - адамның тағдырын құрайтын жан-дүние;
Сансара - ғарыштағы 1 қысылған, күйзелген жан-дүние әлемі;
Мокша - бұл дүниедегі азаптан кұтылып, дүниежүзілік рухқа қосылуға мүмкіншілік алу;
Дхарма - заң мен әділет Құдайы.
Үнді мифологиясындағы негізгі кітаптар: Ригведа, Упани- шада, Махабхарата, Бхагавадгита т.с.с.Үнді космогониясына (Дүниенің пайда болуы) келер болсак, онда ол Пуруша ғарыш адамымен байланыстырылады. Құдайлар оны құрбандыққа шалып, оның денесінен бүкіл Дүние пайда болады.«Пуруша неше бөлікке бөлінді? Оның аузы мен бөксесі, қолы мен аяғы не нәрсеге айналды? Оның аузы - Брахманға, колы кшатриге, бөксесі - вайшьиге, аяғы - шудрага айналды. Ай ойынан, күн көзінен, кіндігінен кеңістік, тынысынан жел, басынан аспан, аяғынан жер. Осылай Дүние келді», - дейді Ригведа.Ал Упанишадаға келер болсак, Дүниені жаратқан Брахман болып саналады. «Брахман ең бірінші Құдай, бәрін жараткан, бәрін сақтайды. Ол - Дүниенің ең басы, себебі байланыстырушы». Оны калай танып-білуге болады? деген сұраққа, «нети-нети» (ол емес, ол емес) деген жауап береді. «ол танылмайды, бұзылмайды, байланбайды, ауыспайды...»Үнді мифологиясында адам табиғаттың өсімдіктер мен жануарлар сияқты ажырамас бөлігі ретінде каралады. Адам дене мен жаннан тұрады. Адам Дүниеге келгенде оның бойына жан келіп кіреді және ол сол адамның кармасын анықтайды. Мысалы, егер сәбидің денесіне қылмыскердің жан дүниесі ұяласа, онда ол өсе келе қылмыска баруы мүмкін. Бірақ ол өзін дұрыс ұстап, әрқашанда өзінің рухани тазалығын сақтаса, мокшаға (құтылу) сансарадан кұтылу дәрежесіне көтеріліп, бұрынғы кармасынан айырылып, аспандағы рухқа қосылып, мәңгілікке жетуі мүмкін.Мифологиядағы моральдык маселелерге келер болсак, онда Дүниеге байланбау, кемдерге көмектесу, еш нәрсені зәбірлемеу, өтірік айтпау сиякты талаптарға көп көңіл бөлінген. «Адам байлыкка қуанбауы керек: біз байлыққа ие бола аламыз ба, егер сені көрсек - Яма!» (Яма өлім Құдайы).«Менің білетінім - байлықта тұрақтылық жоқ, өйткені мәңгілікке уакытшамен жетуге болмайды» деген дана сөздерді Үнді мифологиясында табуға болады. Үнді мифологиясының негізгі қағидалары соңынан пайда болған философиялық көзқарастарға өзінің зор әсерін тигізді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет