Бөж тақырып: Ежелгі Үнді философиясы Топ: жфз 313 Орындаған: Нурали Ш.Өтеген А. Қабылдаған: Шадинова Г. Түркістан – 2024



бет5/8
Дата05.04.2024
өлшемі49,26 Kb.
#200560
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
реферат философия1
Махбал (1), Методика 30 сұрақ-жауабымен, Методика 30 сұрақ-жауабымен, Методика 8 30сұрақ-жауап, Методика 30 сұрақ-жауабымен, 1 k shablon 9, Азиза 10 апта бож.docx.pptx, molchanov, Вопрос 1, Antaev-Zh-T-Menedzhment-v-sisteme-obrazovaniya, слайд Абдумавленова Т 2 db9c01bf439d8958587b3cecd08322dc, Способы связи, пСИХ ТЕСТ, 4 лекция ККЗТ, 4 лекция ККЗТ
Дұрыс көзқараста
Дұрыс сөйлеудені
Дұрыс бағытта ойлауда
Дұрыс өмір салтында
Дұрыс жүріс-тұрыста
Дұрыс бетбұрыста
Дұрыс күш салуда
Дұрыс зейін қоюда.
Міне, осы сегіздік жолына түскен адам толығынан зардаптан айырылып, нирванага жетеді.
Сонымен ләззат пен кұмарту жолына түскен адамдар тұрпайы, пайдасыз, дөрекі, ал денесімен күресіп, оны қинаған адамдар зардаптан шыға алмайды. Тек ортанғы жол дүниені көрсетіп, білім экеліп, екі жолдың ортасымен өтіп адамды тынышталуға, кұдіретті білімге, даналыкка, нирванага әкеледі.
Буддизмнің айтуына караганда, бұл Дүниедегі заттар мен құбылыстардың бәрі де бір-бірімен байланысып, бір-бірінен туып, бір-бірін алмастырып жатыр. Дүниеде

өзімен-өзі өмір сүріп жаткан еш нәрсеге тәуелсіз екі-ақ нәрсе бар, ол кеңістік пен нирвана.


«Нирвананы ешкім тудырған жок, нирвана жөнінде ештеңе айта алмаймыз: ол пайда болды ма, әлде пайда болмады ма, пайда болуы керек пе, әлде керек емес пе, ол өткенде ме, әлде болашықта ма, оны көзбен көруге, кұлақпен естуге, иісін сезінуге, дәмін алуға, ұстап карауға бола ма, әлде болмай ма». Онда нирвана болмағаны гой.
«Нирвана бар, оған зердемен жетуге болады. Акикат жолымен өмір сүріп жатқан окушы, егер ол сезімдік кұмартудан айырылса, нирванага жетеді. «Дүниеде жел бар ма?» «Бар». Онда маған желдің түсін, бітімін, көлемін: үлкен бе әлде кіші ме, ұзын ба әлде қысқа ма, көрсетші», - дейді Будда. Шәкірті оған былай дейді: «Ол мүмкін емес, мен оны көрсете алмаймын, желді қолмен ұстауға, кұшақтап қамтуға болмайды, бірак ол бар».
Будда оған жауап ретінде: «Сол сияқты, нирвана бар болғанымен, мен оны саған көрсете алмаймын», - деп қорытады.
Қорыта келе, буддизм ілімі зардапты тоқтату үшін адамды бұл Дүниедегі қызыққа байланбауға шақырады, өйткені ол адамды өзінің шексіз бір-бірімен байланысты ағымына салып, Дүниеге тәуелді келу заңының шеңберінен шығармайды, олай болса, бітпейтін зардап шектіреді, өйткені бұл Дүние - «Мая»-ұлы сағым, елес, алдамыш.
Сондықтан құмартуды суытып, Дүниеге қызығудан бас тартып, бірте-бірте сөну, өшуді буддизм нирвана дейді. Яғни нирвана дегеніміз-өмірден бас тарту, бейболмысқа өту. Сонымен, Қытай философиясы сияқты, буддизмде де біз бейболмыс ұғымының іргетастылығын байқаймыз.
Буддизм философиясы дүние жүзінде бірінші болып адам рухын ашып, оның кұдіретті күшін көрсеткен философия. Касталарга бөлінген, адамды аяққа басып, хайуаннан төмен көрген қогамда, «мен табиғаттың, қоғамның соқыр зандылықтарынан, тәуелді Дүниеге келу заңынан жогарымын, мен - адаммын» деген философияны буддизм дүниеге әкелді.
Адам сыртқы табиғатқа қарап, оған: «Мен сенен жоғарымын, өйткені мен сені өз ішімде болса да кұрта аламын, мен өз еркіммен сенімен байлайтын құмартуды тоқтата аламын», - дейді.
Адамзат тарихында мұндай батыл өмірден бас тартушылық ешқашан еш жерде болған жок.
Сонымен қатар буддизмнің гуманистік-адамгершілік жактары -ой тазалығы, іс-әрекет тазалығы, тіршілікті зәбірлемеу, зұлымдыққа зорлықпен қарсы шықпау, дүние қумау, кем-тар адамға қол ұшын беру т.с.с. адамзат рухының әрі карай шындалуына зор әсерін тигізді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет