Қ.А.ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЗАҚ-ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІ МЕДИЦИНА ФАКУЛЬТЕТІ «ПРОПЕДЕВТИКА ЖӘНЕ ІШКІ АУРУЛАР» КАФЕДРАСЫ ІШКІ АУРУЛАР НЕГІЗДЕРІ РЕВМАТОЛОГИЯ ПӘНІ
БӨЖ Тақырып:Вегенер гранулематозы
Орындаған: Құдайберген А
Тобы: ЖМ-016
Қабылдаған: Абдирамашева К.
Түркістан - 2024ж.
Ситуациялық есеп Науқас Л, 14 жаста 2020 жылдың сәуір айында қалалық балалар ауруханасына түсті.Шаршау,әлсіздікке, жоғары дене температурасына,буындардың ауырсыну және ісінуіне,аяқтарында қан кетулерге,көздің қызаруына шағымданады.Дене салмағының 5 кг-ға дейін жоғалуы, фебрильді қызба, полиартрит,аяқтарында,жұтқыншақтың шырышты қабатында,ұмада геморрагиялық бөртпелер анықталған.
Ауру тарихы Екі жыл бұрын ашық бас ми жарақатын алған,бас ми жарақатының жеңіл дәрежесі,оң жақты субарахноидты қан кету. Отбасылық анамнезінде жетекші аурулары бойынша иммунопатологиялық синдроммен аурулар жоқ.
* Соңғы 6 айда тізе, тобық, шынтақ және иық буындарының ауырсынуына шағымданды. 2020 жылғы ақпанда сол жақ білек және шынтақ буындарының ісіну мен ауырсынуы пайда болды.Хирург және кардиоревматолог ҚҚСП тағайындаған (б/і диклофенак 7 күн ішінде, содан кейін нимесулид ішке) қысқа мерзімді оң нәтиже көрсетті.
2 аптадан кейін аяқтарында геморрагиялық бөртпелер пайда болған. Наурыз айында тобықты сонографиялық зерттеуде буындардың екі жақты экссудативті синовиттің айқын синовиальды қабықтың инфильтрациясы белгілері анықталды,гиперваскуляризация белгілері жоқ.
Науқаста әлсіздік ,мазасыздық, тәбеттің төмендеуі байқалады. Наурыздың соңында жағдайы нашарлап, қызба, мұрын бітелуі күшейе түсті,теріде геморрагиялық синдромының көріністері пайда болаған.Осы уақыт аралығында орындалған ФГДС антральды бөлімде диаметрі 0,2 см-ге дейінгі көп мөлшерде субмукозальды қан кетулерді анықтауға мүмкіндік берді.Екі күннен кейін науқаста әлсіздік күшейіп, тамақтан бас тартты,сол жақ бас бармақтың жұмсақ тіндерінің ісінуі пайда болды, нәжістегі қан және зәрдің қоңыр түске өзгеруі байқалады..
Өмір тарихы
Өсу мен дамуы қалыпты және балалық шақтағы барлық вакциналарды алған. Вакцинациядан кейінгі асқынулар болмаған.
Диспансерлік есепте екі көздің әлсіз дәрежелі гиперметропиясы және сол көздің терең амблиопиясымен көз дәрігерінде тұрады.
Дәрілерге аллергиясы жоқ.
Науқас Қарағанды қаласында дүниеге келген. Салауатты өмір салтын ұстанады.
Ата-анасы мен ағайындарының дендері сау
Объективті:
Температура 38,7°С, терісі бозғылт.
Жүрек соғу жиілігі минутына 122 рет, АҚ 143/60 мм.сын.бағ.
Тыныс алу жиілігі минутына 30 тыныс.Өкпенің төменгі бөліктерінде тыныс әлсіреген.
Дене салмағының индексі 17,9 құрады.
Буындарында,ақтарында,жұтқыншақтың шырышты қабатында,ұмада геморрагиялық бөртпелер және ісінулер анықталған