Бөж тобы: жм-001f орындаған: Есиркепов Елдос Қабылдаған: Сурамисова Айгуль Тұрсынбековна Сырқатнама



бет1/4
Дата22.12.2023
өлшемі21,12 Kb.
#198301
  1   2   3   4
Байланысты:
Ауру тарихы


ҚОЖА АХМЕТ ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ҚАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЗАҚ-ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІ
МЕДИЦИНА ФАКУЛТЕТІ
«ПРОПЕДЕВТИКА ЖӘНЕ ІШКІ АУРУЛАР НЕГІЗДЕРІ» КАФЕДРАСЫ ЖҰҚПАЛЫ АУРУЛАР ПӘНІ
БӨЖ

Тобы: ЖМ-001F


Орындаған: Есиркепов Елдос
Қабылдаған: Сурамисова Айгуль Тұрсынбековна
Сырқатнама.
Төлқұжат бөлімі
Аты-жөні: Муминова Роза
Жынысы: әйел
Жасы: 29 жаста
Мекен-жайы: Түркістан облысы, Кентау қаласы, Бостандық ауылы
Лауазымы: медбике
Ауруханаға түскен мерзімі: 13.10.2023 
Түскен кездегі шағымдары 
Дене қызуының 40,10С жоғарылауы, бас ауыруы, бас айналу, әлсіздік, көз алдына шіркей елестеуі, іштің төменгі жағындағы толғақтәрізді қарқынды ауыру сезімі, іш кебуге, ауыру сезімімен жүретін үлкен дәретке жиі шақырулар, сұйық нәжіс, бастапқыда көп мөлшерде, ешқандай қоспасыз, сулы, жағымсыз иіссіз, кейінірек, аз мөлшерде, түкірік тәріздес, шырыш және қан аралас нәжіске шағымданады, күніне 10-12 рет үлкен дәретке барады.
Ауру тарихы
Өзін 2023 жылдың 12 қазаннан бері ауру санайды, сол күні түске дейін мазасыздық, әлсіздік пайда болған. Бірнеше сағаттан соң дене қызуы 37,40С жоғарылап, нәжісі сұйылды(көп мөлшерде,қоспасыз). Түстен кейін дене қызуы 400С көтеріліп, жағдайы ауырлады. Осы уақыт ішінде 4 рет үлкен дәретке барды. Науқас дене қызуын төмендету үшін аспирин қабылдады, бірақ әсері болмады. Кешкі сағат 18.00 Жедел жәрдем бригадасын шақырды,қарап тексергенде жұтқыншақтың артқы қабырғасының гиперемиясы анықталып науқасқа цефазолин тағайындалып, науқас дәрілерді қабылдады. Содан соң 2 күн бойы іш өту жалғасып, нәжіс шырыш және қан аралас болып, түкірік тәрізді сипатқа өзгеріп, дене қызуы төмен түспеді.Сол күні кешке науқастың жағдайы одан әрі ушығып, ауыру сезімі төзгісіз сипатта болып, дене қызуы қайта жоғарылады. 13қазан күні науқас шұғыл түрде қалалық жұқпалы аурулар ауруханасына жеткізілді.
Аллергологиялық анамнез
Науқас новокаинға жооғары сезімтал, аталғандәріні енгізгенде бас айналу, жүрек айну, беттің және мойынның қызатынын мәлімдейді. Димедрол қабылдағанда бас айналу, бас ауыру, ұйқышылдық, қол ұшының дірілдейтінін айтады. Тағамдық, өсімдіктекті және тұрмыстық заттарға аллаергиясы жоқ.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет