Бөж тобы: жм-001f орындаған: Есиркепов Елдос Қабылдаған: Сурамисова Айгуль Тұрсынбековна Сырқатнама



бет3/4
Дата22.12.2023
өлшемі21,12 Kb.
#198301
1   2   3   4
Байланысты:
Ауру тарихы

Объективті зерттеу
Бойы 155см, салмағы 68кг, жалпы жағдайы қанағаттанарлық, есі анық, төсектегі қалпы белсенді, дене бітімі гиперстеник.
Жүрек-қантамыр жүйесі
Қарап тексергенде тамырлардың пульсациясы көзге көрінбейді. Пальпация жасағанда жүрек ұшы түрткісі сол жақта 5және 6 қабырғааралықта бұғанартаңғы сызығынан 3см сыртқа қарай ығысқан, жайылмалы, әлсіреген:
Жүрек тондары тұйықталған, ырғақты. Жүрек ұшы мен Боткин Эрба нүктесінде систолалық шуыл естіледі. І тон жүрек ұшында, ІІтон жүрек негізінде қатты естіледі. АҚҚ 100/70 мм с.б. Пуль 64рет/мин,қанға толкы мен кернеуі төмен.
Асқорыту жүйесі
Тілі ылғалды, ақ жабындымен қапталған, тілдің жиектерінде тістердің іздері байқалады. Қызыл иектері қызғылт, аздап ылғалды, гипремияланбаған. Аңқасы гиперемияланған. Сұйық және қатты тағамды жұтуы қалыпты. Қарап тексергенде іш дұрыс пішінді, теріасты шел қабатының қалың болуына байланысты көлемі үлкен, терісі бозғылт, құрғақ. Беткей пальпация жасағанда сол жақ мықын аймағынан басқа аймақтар ауыру сезімінсіз. Терең пальпация жасағанда ауырсынулар бар, іштің барлық бөліктерінде ішектердің шұрылдауы байқалды. Аускультация кезінде ішектердің үстінен перистальтика дыбысы естіледі. Ұйқы безі ауырсынусыз, өт қабы симптомдары теріс. Бауыр мен көкбауыр қалыпты. Бауыр өлшемдері 9,8,7см.
Несеп-жыныс жүйесі
Зәр шығаруы еркін, ауырсынусыз, қағып тексеру симптомы екі жақта да теріс, бүйрек пальпацияланбайды.
Жүйке және әндокрин жүйесі
Науқастың жағдай қанағаттанарлық,есі анық, көңіл-күйі мен мінез-құлқы қалыпты. Өзінің жағдайын дұрыс бағалай біледі. Ұйқысыздыққа, есте сақтауының төмендеуіне, ұмытшақтыққа шағымданады. Сіңір рефлекстері қалыпты. Бас-ми нервтерінің қызметі сақталған. Патологиялық рефлекстер мен менингеальды симптомдар анықталмады. Қол ұшының майда дірілі анықталады. 
Болжамды диагнозды негіздеу
Науқастың шағымдарын(іштегі ауыру сезімі, сұйық нәжіс, дене қызуының 400С көтерілуі, бас ауыруы, жалпы әлсіздік), анамнез мәліметтеріне (аурудың пайда болуын науқас көшеден сатып алынған сапасыз тағаммен байланыстыруы), клиникалық көріністеріне(жалпы интоксикациялық синдром, энтероколит типтес ағыммен жүретін (нәжістің көп мөлшерлі, қоспасыз, сұйық түрінен шырыш пен қан араласқан түкірік тәріждес сипатқа дейін өзгеруі,үштегу ауырсынулар, жалған ауырсынумен жүретін үлкен дәретке жиі шақырулар),обективті зерттеу кезінде сигматәрізді ішек проекциясында ауыратыны анықтылды) негізге ала отырып болжамды диагноз қоюға болады:


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет