Эпидемиологиялық анамнез
Аурудың пайда болуын науқас ауырмастан бұрын көшеде сатылып тұрған тағамды тұтынуымен байланыстырады, науқастың айтуынша тағамның дәмі бұзылған,қышқыл дәмі бар. Науқас жеке бас гигиенасын сақтайды, үй жануарларын ұстамайды. Қайнамаған, тұрып қалған суды қолданады, жеміс пен көкөністерді дұрыс өңдемей тұтынады. Соңғы 6 айда операция,жарақаттар, қан құю болмаған, тамырішілік инъекциялар жасалмаған. Жануарлар тістемеген, жәндіктер шақпаған.
Өмір тарихы
Түркістан облысында туып-өскен. Физикалық, психикалық, жыныстық жетілуі жасына сәйкес болған, бала кезінде ауырған инфекциялық аурулары есінде жоқ.2017 жылы науқас белдемелі теміреткімен науқастанып, амбулаторлы емделді. Бөртпелердің орнында көптеген атрофиялық депигментациялық тыртықтар қалған. Етеккірі 13 жасында келген. Жүктілік саны 1, босану өздігінен болған.
Тері жабындылары мен шырышты қабаттар
Терісі бозғылт, шынтақтарында гиперкератоз анықталады. Тері серпімділігі төмен. Іш қабырғасынның алдыңғы бөлігі мен арқасында атрофия және депигментация ошақтары бар. Іштің ақ сызығы бойында отадан кейінгі тыртық бар. Мұрынның шырышты қабаты қызғылт түсті, жылтыр, бөлінділер жоқ, ауыздың шырышты қабаты қызғылт түсті,ылғалды, гиперсаливация жоқ. Конъюктива таза таза, жылтыр, ылғалты, түсі қалыпты. Жұтқыншақтың артқы қабырғасы аздап гиперемияланған. Теріасты шелмай қабаты артық дамыған, әсіресе іш аймағында.
Тірек-қимыл жүйесі
Бас, кеуде торы, жамбас, қол-аяқ сүйектерінде айтарлықтай деформация жоқ, пальпация және перкуссия кезінде ауырмайды. Буындар конфигурациясы қалыпты, оның бетіндегі тері қалыпты температурада, гиперемияланбаған, ісінбеген. Омыртқа бағанасының кеуде бөлігінде оң жаққа қарай қисайған. Бел лорозы түзуленген. Іш бұлшықеттері тонусы әлсіреген.
Лимфа жүйесі
Құлақмаңы, жақасты, қолтық, оң жақта шап лимфа түйіндері пальпацияланады. Басқа лимфа түйіндері пальпацияланбайды. Пальпацияланатын лимфа түйіндері ауырмайды, айналасындағы тінмен жабыспаған.
Достарыңызбен бөлісу: |