«Болашақ» халықаралық стипендиясы түлектерінің табысты мансаптық өсуінің, кәсіптік өзін-өзі іске асыруының өзіндік кепілі болды. Бұған бағдарламаның көптеген түлектерінің мемлекеттік қызметте, мемлекеттік және халықаралық ұйымдарда, акционерлік құрылымдарда жауапты орындарда болуы, мемлекеттік және халықаралық жобаларда жұмыс істеуі, осылайша мемлекеттің дамуына өз үлестерін қосуы дәлел бола алады.