"Болашақ" бағдарламасы



бет4/10
Дата07.02.2022
өлшемі81,24 Kb.
#84474
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

1997 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 3 наурыздағы № 3375 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау тәртібі туралы ереже әзірленді. Ереже құжаттарды қабылдау және үміткерлерді іріктеу рәсімін қарастырды, сондай-ақ стипендиаттарды Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік органдар мен ұйымдарға жұмысқа орналастыруды көздеді. Шешуді талап ететін басқа да мәселе оқу бағыттарындағы үйлеспеушіліктер туралы мәселе болды. 1994–1997 жылдары «Болашақ» стипендиясы қазақстандық жоғары оқу орындарының экономика және гуманитарлық факультеттеріне тағайындалды. Техникалық факультеттердің түлектері бағдарламада өте аз болды, бұл техникалық мамандықтардың оқу жоспарында экономикалық және гуманитарлық мамандықтардың оқу жоспарымен салыстырғанда шет тілін оқыту аз көлемде көзделгендігімен байланысты. 2000 жылдан бастап «Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындауға үміткерлерді іріктеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 12 қазандағы № 470 Жарлығының шығарылуына байланысты, инженерлік және техникалық білімі бар үміткерлер шет тілінің бірін еркін меңгеру туралы талапты ескерусіз «Болашақ» стипендиясын тағайындау конкурсына қатысу құқығына ие болды. Осылайша, «Болашақ» халықаралық стипендиясы жүзеге асырылған 1994–2004 жылдары ҚР Білім және ғылым министрлігі стипендия тағайындауға үміткерлерді іріктеу әдістемесінде тәжірибе жинақтады. Осы жылдары Үміткерлерді іріктеу ережесі екі рет – 1997 және 2000 жылдары өзгертілді. Әрбір жаңа өзгеріс белгілі бір қорытындылар шығара отырып, өткен жылдарда жинақталған тәжірибеге негізделген және қазақстандық қоғамда өтіп жатқан әлеуметтік-экономикалық өзгерістерді есепке алып, бағдарлама алдына жаңа міндеттер қойды.

  • 1997 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 3 наурыздағы № 3375 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау тәртібі туралы ереже әзірленді. Ереже құжаттарды қабылдау және үміткерлерді іріктеу рәсімін қарастырды, сондай-ақ стипендиаттарды Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік органдар мен ұйымдарға жұмысқа орналастыруды көздеді. Шешуді талап ететін басқа да мәселе оқу бағыттарындағы үйлеспеушіліктер туралы мәселе болды. 1994–1997 жылдары «Болашақ» стипендиясы қазақстандық жоғары оқу орындарының экономика және гуманитарлық факультеттеріне тағайындалды. Техникалық факультеттердің түлектері бағдарламада өте аз болды, бұл техникалық мамандықтардың оқу жоспарында экономикалық және гуманитарлық мамандықтардың оқу жоспарымен салыстырғанда шет тілін оқыту аз көлемде көзделгендігімен байланысты. 2000 жылдан бастап «Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындауға үміткерлерді іріктеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 12 қазандағы № 470 Жарлығының шығарылуына байланысты, инженерлік және техникалық білімі бар үміткерлер шет тілінің бірін еркін меңгеру туралы талапты ескерусіз «Болашақ» стипендиясын тағайындау конкурсына қатысу құқығына ие болды. Осылайша, «Болашақ» халықаралық стипендиясы жүзеге асырылған 1994–2004 жылдары ҚР Білім және ғылым министрлігі стипендия тағайындауға үміткерлерді іріктеу әдістемесінде тәжірибе жинақтады. Осы жылдары Үміткерлерді іріктеу ережесі екі рет – 1997 және 2000 жылдары өзгертілді. Әрбір жаңа өзгеріс белгілі бір қорытындылар шығара отырып, өткен жылдарда жинақталған тәжірибеге негізделген және қазақстандық қоғамда өтіп жатқан әлеуметтік-экономикалық өзгерістерді есепке алып, бағдарлама алдына жаңа міндеттер қойды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет