Кəсіби бейімделу. Өскен қоғамдық талаптар, педагогикалық ұжымның жоғарғы оқу орнында қалыптасқан кəсіби білімімен, іскерлігімен, жеке ерекшеліктерімен қарама-қайшылыққа тап болады. Жас мұғалім кəсіби қоғамдастыққа бейімделуге тырысып, басқалардан тəжірибені қабылдап, сіңіріп,меңгереді. Сол ортаның талаптарын қанағаттандыруға тырысады.
Кəсібилікке жетуі. Осы уақытқа дейінгі дағдыланған жеке іс-əрекетімен, қарым-қатынастың стилімен, кəсіби білімділігімен, өзінің амалтəсілдерімен толыққанды мұғалімнің басшылық пен кəсіби қоғамдастықтың талаптарына қосылу қажеттілігі азаяды.
Кəсіби тұралауда мұғалім өзінің жеке ерекшеліктері мен мүмкіншілігін кəсіби ортаның талаптарына қосып жəне өткеннің нəтижесі арқылы өмір сүреді, пайдаланады. Бұлардың барлығы белсенділіктің төмендеуіне, кəсіби деңгейінің төмендеуіне, жаңалықты қабылдамай, өзінің жағдайын пайдаланып оқушыларды басуға əкеліп соғады.
Кəсіби дамудың үлгісі ішкі рефлексияның көрінуімен сипатталады, ал ол өмірдің ағысын тоқтатады, адамның өзін, оның құндылықтарын жарыққа шығарады. Мұндай стратегияда өзін-өзі танудың 3 деңгейі болады:
1) өзінің «Менін» «Басқа» адаммен салыстыру жүреді;
2) салыстыру «Мен» мен тағы бір «Меннің» арасында жүреді;
3) салыстыру «Мен» мен Жоғары «Меннің» арасында (Мінсіз «Мен», Шығармашылық «Мен») » арасында жүреді.
Бұл жерде өзін-өзі дамыту үзіліссіз үрдіс ретінде мұғалімнің өзін-өзі қалыптастыруымен, өз ойындамыту деңгейімен тығыз байланысты.
Л.М.Митина да бұл үлгінің 3 деңгейін көрсетеді :
өзін-өзі анықтау – өзінің «Менін» «Басқа» адаммен (мұғалім, оқушы, ата-ана) салыстыру. Бастапқыда белгілі бір қасиет басқа адамдікі деп қабылданады, ал кейінірек саналы таңдау əрекеті жасалып, өзіне ауыстырылады. Басқа адамның тəжірибесін қабылдай отырып, өзінің де қабілеттерін сақтау маңызды, кəсіби көзқарасын жəне педагогикалық ортаның кері əсеріне көнбеу қажет;
өзін-өзі көрсету «Мен» жəне «Мен» жүйесі арқылы жүреді. Мұғалім өзінің дайын біліміне сүйенеді. Бұл кезеңде ол өзінің мінезін жүзеге асырған сол уəжбен сəйкестендіреді, түрткі болған жағдайды əлеуметтік жəне ішкі талаптармен бағалайды. Негізгі түрткі – мұғалімнің өзінің мүмкіндіктерін жан-жақты көрсетуге ұмтылуы. Өзін іс жүзінде көрсету – өзін «Мен» жəне Жоғарғы « Мен» деңгейінде көрсету (Мінсіз «Мен»,Шығармашылық « Мен»). Бұл кезеңде мұғалімнің өмірлік философиясы жан-жақты қалыптасады, өмірдің мəнін, өзінің қоғамдық құндылығын түсінеді.
Өзін-өзі түсіну аясын кеңейту, өмірдегі орнына кəсіби деңгейде өзін көрсету мүмкіндігі сай келмейді. Кəсіби деңгейде дамуының біржақтылығын сезініп, мұғалім оны толықтырып жəне өзінің жан-жақты дамуына мүмкіндік беріп, қажеттілігін қанағаттандырады.
Еліміздегі педагог кадрларды кәсіби дамытудың жаңа тетіктері енгізіледі. Негізгі аспект мұғалімнің зерттеу қызметі болуда. Педагогтерге қойылатын талаптарды күшейту шаралары қарастырылуда. Өздігінен білім алу және өзін-өзі жетілдіру педагог портфолиясында көрінетін педагог қызметінің ажырамас бөлігіне айналады.
Осылайша, өзін-өзі тану мен өзін-өзі дамытудың кəсібилігі бір-бірімен тығыз байланысты екен, ол педагогтың кəсіби маман ретіндегі дамуын, стратегиясы мен векторын анықтайды.
Пайдаланылған әдебиеттер: 1.Қазақстан Республикасы білім беру мемлекеттік стандартының тұжырымдамасы. // Егемен Қазақстан.
2.«Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңы». А., 2007ж.
3. . Цукерман Г.А., Мастеров Б.М. Психология саморазвития, Москва, Интерпракс, 1995.
4. Рубинштейн С. Л. Основы общей психологии. — М., 1946.
5. Слободчиков В. И., Исаев Е.И. Психология человека: Введение в психологию субъективности. — М., 1995.
6.
7. Митина Л.М. Учитель как личность и профессионал. М.,1994.