Әлемдік ақпараттық қордың жартысынан астамы ағылшын тілінде жазылған. Ақпарат күн сайын және сағат сайын жаңартылып отырады. Ақпарат көздерінің тек кішігірім бөлігі орыс және қазақ тілдеріне аударылып отырады.
Сәйкесінше, шет тілдерін білмеу негізгі ақпараттық лектен тыс қалдырып отырады. 2020 жылға қарай әрбір бесінші қазақстандық ағылшын тілін білетін болады. Жастар арасындағы бұл көрсеткіш 40% жетуі тиіс.
Ағылшын тілі кеңінен таралған елдер тез және барынша дамып келеді. Мысал – Үндістан, Сингапур, Жапония, Оңтүстік Корея. Оларға технологиялар мен тәжірибе, сонымен қатар инновациялық дамуды қамтамасыз ететін біліктілігі жоғары кадрлар тез келіп отырады