Ұлттық жаңғыру деген ұғымның өзі ұлттық сананың кемелденуін білдіреді.
Біріншіден, ұлттық сана-сезімнің көкжиегін кеңейту. Екіншіден, ұлттық болмыстың өзегін сақтай отырып, оның бірқатар сипаттарын өзгерту. Ұлттық рухымыз бойымызда қалуы тиіс Ұлттық салт-дәстүрлеріміз
тіліміз
музыкамыз
әдебиетіміз
жоралғыларымыз
Кеңестік жүйеден, дәлірек айтқанда энциклопедиялық білім, білім берудің кеңдігі мен оның іргелі сипатынан ерекшелінеді. Білімнің салтанаты функционалды сауаттылықты, нақты құзырлар мен мамандандыруды білдіреді. Мектеп оқушыларында сабақ оқу жүктемесі жоғары болмай, олардың назары жалпылай дамуға, яғни өнер, спорт, тілдерді оқу, заманауи коммуникативті практикаларға бөлінуі мүмкін. Мұнда білімнің өзі емес, ал оның қолданылуы маңызды болып келеді.
Сол себептен білімнің салтанаты пәнді тереңінен тануды, бастамашылдықты және еңбекқорлықты ұйғарады. Мұнда басымдық алынған білімнің жиынтығына емес, ал жаңа идеяларды генерациялауға қойылып отыр.
Болашақ бағдарламасы
Қазақстандық жастарға конкурс негізінде тағайындалып, шет елде білім алуға мүмкіндік беретін халықаралық стипендия. 1993 жылдан бастап жалғасын тауып келе жатыр. Осы уақыт аралығында он екі мыңнан астам адам білім алды. Бүгінгі таңда «Болашақ» бағдарламасының түлектері – бұл әлем мен тілдерді жақсы игерген қазақстандық қоғам дамуының бетке ұстарлары
Зияткерлік мектептер жүйесі
Еліміздің он үш қаласында қарапайым отбасылардан шыққан он мыңнан астам дарынды балаларға алдыңғы қатарлы орта білім беріп отырған жиырма Назарбаев зияткерлік мектептердің желісі. Бұл желінің негізінде қырық мыңнан астам пән оқытушыларының білім алуы да ретке келтірілген.
Жоғарғы деңгейдегі бірқатар университеттер
Батыстық жоғары оқу орындарының үздік үлгілері бойынша Астана қаласында халықаралық деңгейдегі жаңа зерттеу университеті – Назарбаев Университет құрылды. Ол білім беру, ғылым мен инновация сияқты үш құрамдасты біріктіріп отыр. Университеттің 8 клиникасының негізінде органдарды трансплантациялау, кардиохирургия мен онкология бойынша күрделі оталар жасалатын «Болашақ емханасы» қалыптастырылды. 2015 жылы Назарбаев университеті алғаш рет 380 бакалаврды түлек етіп шығарды. Түлектердің басым бөлігі оқуларын жетекші халықаралық университеттерді жалғастырды.
Жүзеге асатын жобалар:
1. Латын әліпбиіне көшу жобасы
2. «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы
3. «Туған жер» бағдарламасы
4.«Қазақстаның қасиетті рухани құндылықтары» немесе «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасы
5.«Жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениет» жобасы
6.«Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасы
Заман сынынан сүрінбей өткен озық дәстүрлерді табысты жаңғырудың маңызды алғышарттарына айналдыра білу қажет. Егер жаңғыру елдің ұлттық-рухани тамырынан нәр ала алмаса, ол адасуға бастайды
ҚОРЫТЫНДЫ
Президенттің бағдарламалық мақаласы - бұл рухы жетілген ұлттың өз бірлігін одан сайын нығайтып, оны материалды деректі түрінде іске асыра алу мақсатында зерттеу және ұйымдастырушылық тәжірибелік жұмыстарды бірдей бастауға мүмкіндік беретін қуатты ресурс болып табылады.