Коучинг-сессия №5
Тақырыбы: «Диалогтік оқыту барысында оқу үшін бағалау және оқыту үшін бағалаудың тиімділігін анықтау» Мерзімі: 06 .11.2015
Рефлексиялық есеп.
Коучингімді мен алдымен жағымды психологиялық ахуалдан бастадым.
.Сәтті жақтары мұғалімдерге тақырып мұқият түсіндірілді. Әріптестерімнен алынған ашық сұрақтарды талдай отырып, бағалау кезінде қиналатындықтары байқалды. Коучинг нәтижелі болуы үшін мен алдыма мынадай мәселерді жоспарладым. Тапсырмалар бере отырып, қатысушылар өзара талдау жасай отырып бағалаудың түрлерін ажырата алды.Қатысушыларға қолдау жасай отырып, өзара бағалау түрлерін сабақтарында тиімді қолдануды үйреттім.
Коучингтегі сәтсіз тұстары кейбіреуі оқушыларды төмен бағаласа, кейбіреуі жоғары бағалағандықтарын айтты. Бүгінгі сабағымның қорытынды бөлімінде жеке жұмыс бойынша әркім эссе жазып, өз ойларымен бөлісті. Сабақ процесіндегі формативті және жиынтық бағалаудың маңызын, сабақ үрдісінде нәтижеге жету жолдарына құрылған сабақ құрылымы, мұғалім мен оқушы қарымқатынасы, мұғалімнің теориялық білімінің нақтылығы басты мәселе екенін айтып өтті.
Сырттан бізді бақылайтын, қадағалайтын адамдардың, жанымыздағы жолдастарымыздың өзіміз білмейтін қасиеттерімізді бағалай алатындығын көруге болады. Ендеше бұл тапсырма арқылы біз өзімізді- өзіміз ғана емес өзара бағалауға болатындығын көргендігіміз жайлы өзара әңгіме жүргіземін. «Миға шабуыл» әдісі арқылы сұрақтарға жауап алуға тырыстым.
Оқыту процесі кезінде топтағы оқушылар өзін- өзі және өзара бағалауы дұрыс па ?
Сабақта сіздер нені бағалауға тырысасыздар?
Шынайы болуы үшін бағалаудың қандай түрлерін қолданасыздар.?
Ақ параққа көбелектің суретін салғыздым және өздерін бағалату арқылы баға қойғыздым. Содан кейін суретін көршісіне беріп қайта бағалауын өтіндім. Соңында бағаға қанағаттана ма, жоқ па екендігін сұрай отырып, олардың бағаға деген көзқарастарын анықтадым.Тапсырма бағалау үшін қандай да бір критерийдің қажет екендігін анықтады. Алдын- ала бағалау критерийін бергеннен кейін енді өз суреттерін қайта бағалауларын сұрадым.
Коучингте қозғалған тақырып әр қатысушы үшін маңызды екендігін мен коучингтің соңында алаған кері байланысты оқи отырып білдім. Коучингтегі әр тапсырма қатысушыларға көп ой тастай алды деп ойлаймын
Коучинг барысында тақырыбымның мақсаты мен күтілетін нәтижесін аша білдім. Ең алдымен психологиялық ахуал орнатып болған соң қима қағаздар арқылы топқа бөлдім.Сәтті жақтары мұғалімдердің мәтінді мағыналық бөліктерге бөліп түсінуі,бірнеше берілген тапсырмаларды өздерінің орындауы.Бағалаудың түрлерін ажырата алады,өзара бағалаудың түрлерін сабақтарында қолдана алады.Коугингтің сәтсіз тұстары кеибір мұғалімдердің өз ойларын ашып айта алмауы.
Коучинг-сессия № 6
Тақырыбы: «Диалогты оқытуда ақпараттық коммуникациялық технологиялардың тиімділігі.»
Мерзімі: 18.11.2015ж
Жалпы мақсат:
|
Белсенді іс -қимылдар арқылы диалогты оқытуда ақпараттық коммуникациялық технологиялардың тиімділігі тұрғысынан ойлаудың түсінігін кеңейту.Мұғалімдердің топтық жұмыста АКТ дағдысын дамыту,жаңа әдіс-тәсілдерді тиімді қолдануға үйрету,топпен жұмыс жасау арқылы белсенділігін арттыру
|
Сілтеме:
|
МАН, ресурстар
|
Күтілетін нәтижесі:
|
Мұғалімдер арасында бір-біріне сенімді байланыс орнайды, АКТ-да сыни тұрғыдан ойлау дағдысы қалыптасады, топтағы іс-әрекет белсенділігі артады.Идеяларын еркін түрде жеткізе алады.Бұл әдістерді сабақ тарында пайдалана алады.
|
Рефлексиялық есеп
Тәлімгерлік үдерісте тәлім алушыларымның тұлға ретінде өсуіне АКТ-ны қолдады көрсеттім,мұғалімге сындарлы оқытудағы басты ролін аңықтауға көмектестім.
Күтілетін нәтиже:
Берілетін тапсырмаларды жуйелеу
Қатысушылардың жұмыс қарқының дамыту
Қосымша ресурстар:
Қатысушыларды қолдау Презентациясын АКТ арқылы тақырыпты аштым..Коучинг барысында стикерге бүгінгі өтілген тақырыпты қаншалықты меңгергенін көрсетіп, өз пікірлерін жазды. Сәтті тұсы- мұғалімдер бір-бірінің жұмысын бағалауда АКТсыни көзқарастарын нақты айта білген, кері байланысты сабақ үдерісінде тиімді пайдалана алу жолын толық түсінгенін стикерге жазған рефлексиядан білдім және мұғалімдер коучингтің ұнағандығын жазған. . Бұл сессиядан үйренген әдісті өз сабақтарында тиімді пайдаланатынын да айтып өтті.
№7 КОУЧИНГ-СЕССИЯ
Мақсаты:
|
Өту мерзімі
|
Күтілетін нәтиже
|
Көшбасшылық және оның түрлері туралы жалпы түсініктерін топтық жұмыстар арқылы тереңдету
|
10.11.2015
|
Көшбасшылықтың түрлері, міндеттері,бағыты, функциялары,сипаттамалары туралы түсініктін тереңдетеді. Бір-бірінен ажыратады. Мұғалімдер сабақ үрдісінің белгілі бір кезеңінде көшбасшылықтың мүмкіндіктерін байқайды.
|
Рефлексиялық есеп
Коучингтің сәтті өткен тұстары көшбасшылық тақырыбын аша білуі берілген тапсырмаларды орындауы. Қатысушылар қолдау жасай отырып мәтінді мағыналық бөліктерге бөле білуі. «Балық қаңқасы» әдісімен оқу сапасының төмен екенін постерге түсіріп қорғауы өз ойларын еркін жеткізе білуі.Сәтсіз тұстары кейбір мұғалімдердің немқұрайлы қарауы.Барлық мұғалімдермен өткендіктен топқа бөлінуде қиындықтардыңболуы.
Мектеп оқушыларымыздың көшбасшылары анықталды.
КОУЧИНГ-СЕССИЯ
Аудандық семинар бастауыш сыныптар арасында М.Өтемісұлы атындағы мектепте болды.Ол жерде мен ашық сабақ және коучинг өттім.Сәтті жағы: ауданымыздың барлық мектептерінің әдіс бірлестік жетекшілері мен бастауыш сынып мұғалімдері түгел қатысқан.Сабақ өте жоғары деңгейде болды.
Аудан аралығында желілік қоғамдастықтың семинары Т.Рысқұлов мектеп лицейінде болды.
Рефлексиялық есеп.
Коучингтің тақырыбы: Оқу үшін бағалау мен оқыту үшін бағалаудың тиімділігін анықтау.Коучингте ең алдымен мұғалімдерге психологиялық ахуал жасатудан бастадым.Коучинг барысында тақырыбымның мақсаты мен күтілетін нәтижесін аша білдім. Мұғалімдер шаттық шеңберін құрып «Өрмекші торы» әдісімен бір- біріне танысу сұрақтарын қойып, сұрақтарға жауап берді.Смайликтер бойынша үш топқа бөлінді.Алғырлар.Білгірлер. Ойшылдар.Сәтті жақтары мәтінді мағыналық бөліктерге бөліп түсінуі,берілген тапсырманы орындауы бір-бірін әділ бағалауы,тұжырымды ой айтуы ұнады. Мұғалімдер бағалаудың түрлерін ажырата алады,өзара бағалау түрлерін сабақтарында тиімді қолдана алады.Коучингтің сәтсіз тұстары кейбір мұғалімдердің белсене араласпауы.Коучинг соңында кері байланысты оқи отырып көптеген мұғалімдерге коучинг-сессиясының ұнағанын ауданда химия және биология әдістемелік бірлестіктер арасында кезекпен коучинг – сессияларының ұйымдастырылып отырылуын ұсынды. Дөңгелек үстел кезінде «Қарабастау» орта мектебінің мұғалімі Тоғызбаев А колучинг- сессияның жақсы өткендігін айта келіп, бейне фильмнен берілген тапсырмаға FILA кестесін пайдаланған кезіңізде өте жақсы өтер еді деп өз ұсынысын білдірді. «Жылы –бұлақ» орта мектебінің мұғалімі Жаппашев Арман коучинг- сессиясының өз дәрежесінде өткізілгенін айтып рахметін білдірді,алдағы жұмыстарымызға сәттілік тіледі.Коучинг-сессиясына Қазығұрт ауданындағы мектептерден 35 мұғалім қатысты.
Достарыңызбен бөлісу: |