«Болашақ»мектеп- гимназиясының көшбасшысы Байжарқынова Шарипаның 2015-2016 оқу жылының І жарты жылдығындағы атқарылған жұмыстарының есебі.
Мектебіме өзгеріс енгізу мақсатында мен, алдыма үлкен талап қойдым.Ең бірінші кезекте сапалы білім мен саналы тәрбие беру үшін жоспарды смарт түрде құрып алдым.Мектептің даму жоспарын өз мектебіміздегі басшылары және бірінші деңгейді бітіріп келген әріптестеріммен бірлесе отырып жасадық. Д.Сaрсенбaев,Н.Aбдрaйымoвa, Ш.Бaйжaрқынoвa,З.Тaскулoвa, Г.Шерова, А.Тулеева, Л.Мамытбаева,Н.Байбосынова
Мектепті дамыту жоспарының басымдылығы: Диaлoгтік oқытуда ашық сұрақтарды қоя oтырып, oқушылaрдың функциoнaлдық сaуaттылығын aрттыру.Міндеттері:Коучинг пен тәлімгерлік үдерістерінің ықпалымен мұғалімдердің сабақтарында 7 модульді тиімді пайдалану барысында мақсатқа қол жеткізу; Іс әрекеттегі зерттеу арқылы рефлексия жасауды меңгерту.
Ұйымдастыру кезеңінде мектеп әкімшілігімен кездесіп,жылдық жұмыс жоспарымен таныстым.
Пед.кеңеспен келісе отырып оқу тобына қатысатын мұғалімдердің тізімін жасадым.
Жылдық жұмыс жоспарын және оқыту тобына қатысатын мұғалімдердің тізімі мектеп басшысының бұйрығымен бекітілді.
«Болашақ» мектеп-гимназиясы коммуналдық мемлекеттік мекемесінің
2015-2016 оқу жылының І-жарты жылдығында өтетін
Байжарқынова Шәриипаның коучинг-сессиялардың кестесі
Қ/с
|
Коучинг-сеесияның тақырыбы
|
Мерзімі
|
Өткізілетін орны
|
Жауапты
|
1
|
№1 коучингсессия ОМЖ мен ҚМЖ жасау тиімділігі
|
27.08.15ж
Сағат 12.00
|
№215
|
Ш.Байжарқынова
|
2
|
№ 2 коучинг-сессия Диалогты оқытуда топтық жұмысты пайдалану
|
21.09.15 ж
Сағат 12.00
|
№215
|
Ш.Байжарқынова
|
3
|
№ 3 коучинг-сессия
« Lesson studу тәсілінің демократиялық ерекше-ліктері»
|
05.10.15 ж
Сағат 12.00
|
№215
|
Ш.Байжарқынова
|
4
|
№ 4 коучинг-сессия
«Диалогты оқыту барысында ақпараттық коммуникациялық технологияларды пайдаланудың тиімділігі»
|
21.10.15 ж
Сағат 12.00
|
№215
|
Ш.Байжарқынова
|
5
|
№5 коучинг-сессия
«Диалогтік оқытуда оқу үшін бағалау және оқыту үшін бағалаудың тиімділігін анықтау
|
06.11.15 ж
Сағат 12.00
|
№215
|
Ш.Байжарқынова
|
6
|
№ 6 коучингсессия Диалогты оқытуда ақпараттық коммуникациялық технологиялардың тиімділігі.
|
18 11 .15ж
Сағат 12.00
|
№215
|
Ш.Байжарқынова
|
7
|
№7 «Дaрынды жәнe тaлaнтты оқушылaрды оқытудa диалогтік оқытудың тиiмдiлiгi»
|
09.12.15 ж
Сағат 12.00
|
№215
|
Ш.Байжарқынова
|
«Болашақ» мектеп-гимназиясының 2015-2016 о.ж.
Байжарқынова Шәриипаның коучингтер-сессиясына қатысатын «Сапа» тобындағы мұғалімдердің тізіміне тоқталсақ:
Тәлімгерлік үдерісте тәлім алушыларымның тұлға ретінде өсуіне қолдау көрсеттім,мұғалімге сындарлы оқытудағы басты ролін аңықтауға көмектестім.
Мақсаты: мектептің даму жоспарына еңгізу, коучингке мектептің барлық мұғалімдерді тарту, коучингті кезеңдер бойынша жүргізу
Күтілетін нәтиже:
Берілетін тапсырмаларды жуйелеу
Қатысушылардың жұмыс қарқының дамыту
Қосымша ресурстар:
Қатысушыларды қолдау
Рефлексия
№
|
Сыны
бы
|
Мұғалімдердің аты-жөні
|
Қызметі
|
Телефоны
|
1
|
-
|
Анарбаева Айгүл
|
Бастауыш сын.мұғалімі.
|
|
2
|
3 «А»
|
Айдарова Лаззат
|
Бастауыш сын.мұғалімі
|
2-20-94
|
3
|
3«Ә»
|
Ахметова Ботагөз
|
Бастауыш сын.мұғалімі
|
75-1-72
|
4
|
2 «Г»
|
Батырова Жанар
|
Бастауыш сын.мұғалімі
|
|
5
|
4 «Г»
|
Бейсекова Нурипа
|
Бастауыш сын.мұғалімі
|
2-26-65
|
6
|
4 «В»
|
Бөрібекова Сәуле
|
Бастауыш сын.мұғалімі
|
|
7
|
2 «А»
|
Жабаева Лаззат
|
Бастауыш сын.мұғалімі
|
2-20-74
|
8
|
4 «Ә»
|
Қазыбекова Гүлжан
|
Бастауыш сын.мұғалімі
|
2-32-33
|
9
|
2 «Б»
|
Құлыбаева Ханзада
|
Бастауыш сын.мұғалімі
|
2-28-05
|
10
|
2 «Д»
|
Майлыбаева Нағима
|
Бастауыш сын.мұғалімі
|
-
|
11
|
2 «В»
|
Смайлова Сұлушаш
|
Бастауыш сын.мұғалімі
|
-
|
12
|
-
|
Сейдаханова Гүлжан
|
Бастауыш сын.мұғалімі
|
-
|
13
|
4 «Б»
|
Шушбай Назира
|
Бастауыш сын.мұғалімі
|
2-
|
14
|
0 «А»
|
Каленова Шолпан
|
Бастауыш сын.мұғалімі
|
|
15
|
-
|
Тағай Алмас
|
Қосымша білім беру педагогі.
|
|
16
|
-
|
Даусейтова Рабиға
|
Қосымша білім беру педагогі.
|
2-16-04
|
№1 Коучинг сессия
Тақырыбы:
«Орта мерзімді жоспар мен қысқа мерзімді жоспар жасаудың тиімділігі». Мерзімі 27.08.2015ж
Рефлексиялық есеп
Коучинг мұғалімдерге үлкен әсер қалдырды. Мен алдыма қойған мақсатыма жеттім. Орта мерзімді жоспар мен қысқа мерзімді жоспар жайында мұғалімдер толық танысып, оның маңызы мен міндетіне көздері жетті. Мақсатқа жету бейне ролигін көрсеткенімде мұғалімдер сұрақтарына нақты жауап ала білді. Әрбір сұрақты дұрыс қоя білу оқу үдерісін жақсартады.Негізгі бөлімде өзара бағалау критериі бойынша тапсырмалар берілді. Бұл жерде мұғалімдерге «Ойлан.Жұптас.Бөліс» әдісінің нұсқауымен толық таныстырып, өздері берілген тапсырмалар жайлы ойлана отырып, жұбымен ой бөлісті. Бұл әдіс өте тиімді таңдалған әдіс болғанын , мұғалімдерге қойылған сұрақтың жауабынан байқадым. Нәтижесінде «Бағдаршам» әдісі арқылы тақырып қорытындыланып, жоспарды дұрыс құра білу керек екендігіне мұғалімдер көз жеткізді. Коучинг барысында бес саусақ әдісінде мұғалімдер бір –бірімен не үйренгісі келетінін, не білгені жөнінде ой бөлісіп, ой тарқатты.
Сәтті өткен тұстарым- мұғалімдерге үлгі ретінде түрлі пәндердің ҚМЖ, ОМЖ жоспарын көрсеткенім, сәтсіз тұсы:ашық,жабық, жетекші сұрақтарды дұрыс әрі тиімді қоя алмайтындығын байқадым. Келесі коучингтер барысында осы мәселені дұрыс қарастыруым керек екендігін түсіндім.
Коучинг мұғалімдерге үлкен ой салды, орта мерзімді жоспар мен қысқа мерзімді жоспар жайында мұғалімдер толық танысып, оның маңызы мен міндетіне көздері толық жетті. Мұғалімдер сұрақтарына нақты жауап ала білді.Әрбір сұрақты дұрыс қоя білу оқу үдерісін жақсартады. Негізгі бөлімде өзара бағалау критериі бойынша тапсырмалар берілді. Мұғалімдерге «Өкіл» әдісінің нұсқауымен таныстырып, берілген тапсырмалар жайлы ойлана отырып, жұптарымен,топтарымен ой бөлісті. Бұл әдістің тиімділігін , мұғалімдердің сұрақтарға берген жауабынан байқадым. Мұғалімдерге үлгі ретінде түрлі пәндердің ҚМЖ, ОМЖ жоспарын көрсеткенім,мұғалімдердің өз пәндеріне ҚМЖ,ОМЖ жасағаны және оны қорғағаны,сәтсіз жақтары бір- бірінің жұмысын бағалауда сыни пікірлерін айта білмеуі, топтық жұмысқа төселмеуі,ашық , жабық , жетекші сұрақтарды дұрыс әрі тиімді қоя алмайтындығын байқадым.Келесі коучингтер барысында осы мәселені дұрыс қарастыруым керек екендігін түсіндім.
Қыркүйек айының II аптасында мұғалімдер оқушылардың көзқарастарын өзгерту үшін оқыту және оқу әдістемесіне өзгеріс енгізудің қажеттігін негіздеу.Бірлескен және топтық жұмыс топтарды жұмыс жүргізу әдістемесі сыныптағы оқу үдерісімен ондағы өзгерістерді басқару мұғалімдер мен оқушылардың көзқарасы негізінде шағын топтарда жұмыс жүргізу ережесі жасалды.Мұғалімдерді сыныпта қадағалау жүргізу әдістерімен таныстыру жалпы мәдениет мән-мәтінге қол жеткізді.Барлық адамдарға тән жалпы сипаттар,әр адамның өзіндік сипаттарын түсіндіру жүргізілді.Мұғалімдердің қадағалау үдерісін «құрылымдалған және құрылымдалмаған» жоспарлау дағдыларын меңгерді.Мұғалімдердің ғаламдық мәдени айырмашылықтар туралы қоршаған орта туралы факторларының сынып мәдениетіне әсері туралы білімдері кеңейді.Сынып мәдениеті мен оқу ортасын құрады.Сыныпта бақылау әдістемесін меңгереді.Сыныпта қадағалау жүргізу әдістемесін үйренді.Коучингтен соң тәлім алушыларымның сабағына ендім.Тәлім алушыларымның сабағынан соң,оқушы үнін алдым.Оқушыларға да жаңа әдіс тәсілдер ұнағанын айтты.Топтық жұмыстың тиімділігін келесі коучингтер барысында осы мәселені дұрыс қарастыруым керек екендігін түсіндім.
№2 Коучинг-сессия
Тақырыбы: «Диалогты оқытуда топтық жұмысты пайдалану» Мерзімі:21.09.2015ж
Рефлексиялық есеп
Коучинг барысында тақырыбымның мақсаты мен күтілетін нәтижесін толықтай аша білдім. Психологиялық ахуал орнатып болған соң,гүл түсімен топқа бөлдім.Топтық ережені өздеріне құрғыздым. «Диалог попугаев»бейнероликті көрсеттім. . «Миға шабуыл» әдісі арқылы сұрақтарға жауап алуға тырыстым. Мұғалімдерге төмендегідей ашық сұрақтар қойдым.
- Диалог дегеніміз не?
-Диалог барысында не жүзеге асырылады?
-Өз тәжірибеңізде оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін пайдаланасыз ба?
-Сіз сабағыңызда диалогтің қай түрін қолданасыз?
-Оқушылардан рефлексия аласыз ба?
Берілген сұраққа жауап алып,бүгінгі коучингіміздің тақырыбы «Оқушылардың белсенділігін арттыруда топтық жұмыстағы диалогтік оқытуды дамыту.» Сәтті жақтары мұғалімдерге тақырып мұқият түсіндірілді. Әріптестерімнен алынған ашық сұрақтарды талдай отырып, диалогтің түрін ажырату кезінде қиналатындықтары байқалды. Коучинг нәтижелі болуы үшін мен алдыма мынадай мәселерді жоспарладым. Тапсырмалар бере отырып, қатысушылар өзара талдау жасай отырып диалогтің түрлерін ажырата алды.Қатысушыларға қолдау жасай отырып, әңгіменің түрлерін сабақтарында тиімді қолдануды үйреттім.
Коучингімдегі сәтсіз жақтары кейбіреуі әңгіменің түрлерінің осы күнге дейін ажырата алмай келгендігі бүгін терең түсінгенін айта кеткен. Мектеп үшін білім сапасын көтеруге бұл әдістің тиімділігі басым. Оқушылардың қабілетін диалогтік қарым қатынасқа түсіре отырып, дарынды және таланты оқушыларды анықтайды, оқушылардың сыни тұрғыдан өзінөзі бағалауға, өзара бағалауға сенімін арттырады. Мұғалімдерге келесі берген тапсырма «Өкіл»әдісі арқылы әңгіменің түрлерін үш топқа бөліп бердім.Олар постерге түсіріп,басқа топтан келген елшіге топ ішінде талқылап, топтың бір мүшесіне қорғаттым. Постер қағазындағы тапсырманы бағалау критерийлеріне сүйене отырып, бірінші топ ішінде, сосын топ топты бағалады. Әр топ өзгелердің және өзінің жұмыстарын бағалау арқылы бағалау өлшемдері туралы мағлұмат алады. Мұнда бүгінгі өткен тақырыбымызды білулеріне, түсінулеріне күш салып, өмірде, сабақ процесінде қалай қолдануға, пайдалануға болатынын үйреттім. Қорытындысында: диалогтік оқытудың тиімділігі ,соның ішінде зерттеушілік әңгіменің әлдеқайда тиімді екендігіне көз жеткізді, сонымен бірге әрбір істеген ісіңе диалогтік оқытуды дұрыс қоя білу кемшіліктеріңді жоюдың, жақсартудың жолы екендігіне көз жеткізу .Мұғалімдер тыңдады, тиімді әдістерді жазып алды. Оқушылардың алға қойған мақсатқа жету үшін таңдаған стратегияларының табыстылығын ескере отырып, кері байланыс әдісімен өз білімін қадағалауға және диалогтік оқыту үшін әңгіменің маңызды рөл атқаратынын мұғалімдер түсінді. Мұғалімдерге оқушының оқуға ынтасын, қабілетін ашу мақсатында бақылау, талдау, қорытынды жасау және интерпретациялау дағдыларын дамытуға мүмкіндік жасауда Блум таксономиясын қолдана отырып, диалогтік оқытудың тиімділігін үйреттім. Презентациясы арқылы тақырыпты аштым..Коучинг барысында стикерге бүгінгі өтілген тақырыпты қаншалықты меңгергенін көрсетіп, өз пікірлерін жазды. Сәтті тұсы- мұғалімдер бір-бірінің жұмысын бағалауда сыни көзқарастарын нақты айта білген, кері байланысты сабақ үдерісінде тиімді пайдалана алу жолын толық түсінгенін стикерге жазған рефлексиядан білдім және мұғалімдер коучингтің ұнағандығын жазған. . Бұл сессиядан үйренген әдісті өз сабақтарында тиімді пайдаланатынын да айтып өтті. Бұл тақырып мектептің маңызды мәселелерінің бірі болғандықтан, келешекте үздіксіз өз жалғасын табатынына сенімдімін. Коучигтің сәтті өткен тұстары мұғалімдердің іс-әрекетіне бақылау жасай отырып үйренуіне жол ашуы,ой қозғау жасауы нақты жауап беруі мен түйінді ой айтуға үйренуі берілген тапсырмаға құрылымдық талдау жасай білуі.Ата-ана мен мұғалім арасындағы көріністі жақсы бейнелей алуы.Ғалымдар арасындағы зерттеушілік әңгімені көрсете білуі.Мұғалімдердің диалогтық оқыту туралы берген түсініктемелері және пицца әдісі өте жақсы өтті,сәтсіз тұстары топ мүшелері бірін-бірі бағалауда артық бағалап жатты.Коучингтен кейін тәлім алушым Айдарованың сабағына ендім.Сабақ барысында топтық жұмыста диалогтік оқыту сәтті шықты.Тәлім алушымнан сұхбат алып,оқушы үніне зер салдым.Оқушылар сабақтың осылай өткенін құптап жатыр.Біз сыныпта үш деңгейдегі оқушылардың сабағын зерделеуді жөн көрдік.Сөйтіп,келесі коучинг тақырыбына осы Lesson study тәсілінің демократиялық ерекшеліктерін үйретуді жөн деп санадым.
№3 Коучинг-сессиясы
Тақырыбы: «Lesson study тәсілінің демократиялық ерекшеліктері »
Өткізілген уақыты
|
05.10.2015ж.
|
Мақсаты
|
Оқытуды жетілдіру және оның сапасын арттыру құралы ретінде Lesson Study тәсілінің ерекшелігін ұғындыру.
|
Күтілетін нәтижесі
|
Lesson Study тобы біріге отырып, жұмыс нәтижесін айқындайды.Lesson Study жүргізумен танысу арқылы өз тәжірибесінде қолдануға ынталанады.
|
Рефлексиялық есеп
Коучинг өте сәтті шықты.Мұғалімдерге сабақты зерттеу әдісі түсінікті әрі қызықты өткенін рефлексия алғанда білдім. Әрбір кезеңде әріптестерім белсенділік танытты.Сәтсіз жағы теорияны түсіндіргенде байқадым.Сабақты зерделеу кейбір мұғалімдерге қиындық тудыратынын айтты.Ынтымақтастықта жұмыс іске асатынын түсіндіріп отырдым.
Дәстүрлі сабаққа қарағанда бұл сабақтарда барлық оқушының сабаққа белсене қатысатынын айтты. «Lesson study» мектепте қолданудың тиімділігі бар ма? деген сұраққа мұғалімдер әрине бар деп жауап берді, оқушының пікірін білуге болатынын,олардың қандай деңгейде екенің анықтауда маңызды екенін айтып өтті.
Коучингтен кейін тәлім алушыларым біріге отырып,жоспар түздік.Кейіннен жеребе тастап,қай мұғалімге түссе сол мұғалім өтті.Құлыбаева Ханзада,Шушбай Назира,Айдарова Лаззат,Қазыбекова Гүлжан сабақ барысында туындаған кедергілерге өте мұхият қарап,келесі өтілетін сабақ жоспарында басымдықты жойып отырды.Осылай тізбектелген сабақтар топтамасында үлкен жетістікке жетіп отырдық.Білім сапаның артып отырғанын тоқсан қорытындысында анық көріне байқалды.Мектебімізде бірнеше сыныптар зерттеуге алынып,сапа өскені байқалды.Мектебіміздің басшысы бізге үлкен қолдау көрсетті.Ай сайын сабақты зерттеу нәтижесі топпен талқыланып отырдық.
№4 Коучинг сессия
Тақырыбы:« Диалогты оқыту барысында ақпараттық коммуникациялық технологияларды пайдаланудың тиімділігі » Мерзімі:21.10.2015ж
Тақырыбы
|
«Диалогты оқыту барысында ақпараттық - коммуникациялық технологияларды пайдалану»
|
Мақсаты
|
Заман талабына сай білім беру, өз бетінше ізденуін қалыптастыру, сыни тұрғыдан ойлауын дамыту
|
Күтілетін нәтиже
|
Ойлау қабілеті дамиды, материалдарды талдап үйренеді, өз ойын ауызша, жазбаша көпшілік алдында білдіреді, сыни пікір айта алады.
|
Рефлексиялық есеп
Коучинг өте сәтті шықты. Өз әріптестерім әр кезеңінде белсенділік танытып,өз ойларын айтып отырды. Бейне жазбаны көрсетіп төмендегі сұрақтарды қойдым: 1.Бұл бейне фильмнен қандай әсер алдыңыздар?
2. Сіздер бұл бейне фильмнен қандай ой түйдіңіздер? 3. Бұл бейне фильмнен қандай өмірді көріп отырсыздар? Осы АКТ – пайдалы және зиянды жақтарын айтып өтті. Сәтті шыққан тұсы: қима суреттерді топпен құрастырып, арқасындағы сұрақтарға жауап берді.«Рафт» әдісін қолданып қалта телефонының зиянды және пайдалы тұстарын анықтады. Сәтсіз тұсы:сабақты зерделеу барысында бірнеше қиындықтар туғызды.Коучингтен кейін тәлім алушыларым Анарбаева Айгүл,Ахметова Бота,Шушбай Назираның сабағына еніп,дарынды және талантты оқушылардың қабілетін анықтадық.Оларға талдау жасалды.
Достарыңызбен бөлісу: |