Емдік (терапевтік) доза – бұл препараттың ең аз мөлшері дәрінің фармакологиялық тиімділігін шақырады және ол үшке бөлінеді:
Минималды
Орташа (ЕД 50)
Максималды
Уытты доза – бұл препараттың ең аз мөлшері дәрінің уытты әсерін тудырады.
Өлімге соқтыратын доза (ЛД50) - бұл препараттың ең аз мөлшері өлімге әкеліп соқтыруы мүмкін.
Емдік әсердің кеңдігі – минималдыды терапевтік және минималды уытты дозаларының ара қашықтығы. Терапевтік әсердің жалпақтығы көп болса, дәрілік заттың қолданылуы қауіпсіздігі көп болады.
Емдік индекс – бұл өлім шақыратын орташа дозаның орташа тиімді емдік мөлшерге қатынасы: LD50/ED50
Орташа терапевтік дозаларды практикада ең жоғары бір рет қолданатын дозасының ½ немесе ⅓ бөлігін қолданады.
Жасы – кейбір дәрілік препараттарға 18 жасқа дейінгі балалар және 60 жастан үлкен егде адамдарда сезімталдығы жоғары, осыған байланысты олардың қабылдау мөлшері төмен болуы қажет. Мемлекеттік фармакопеяда ең жоғарғы тәулік бойы және ең жоғарғы бір рет қабылдауға арналған дәрілік заттардың дозасының кестесі балалардың әр жасына берілген.
Дене салмағы – дене салмағы ұлғайған сайын, доза да көбейеді. Науқастың бір кг дене салмағына дозаны санау кестесі бар. Кей кезде дозаны дене пішініне есептейді.
Жасы
|
Дене салмағы
|
Максималды бір реттік доза
|
Максималы тәуліктік доза
|
6-12 ай
|
7-9 кг
|
2,5 мл
|
3 уақыт 2,5 мл-ден
|
1-3 жас
|
10-15 кг
|
2,5 мл
|
3-4 уақыт 2,5мл-ден
|
3-6 жас
|
16-20 кг
|
5,0 мл
|
3 уақыт 5,0 мл-ден
|
6-9 жас
|
21-30 кг
|
5,0 мл
|
4 уақыт 5,0 мл-ден
|
9-12 жас
|
31-41 кг
|
10,0 мл
|
3 уақыт 10 мл-ден
|
12 жастан жоғары
|
41ден жоғары
|
10,0 мл
|
4 уақыт 10 мл-дн
|
Егде адамдарға ОЖЖ-ні тежейтін, жүрек гликозидтерін, зәр айдайтын заттарды үлкен адамдардың қабылдайтын дозасынан ½ бөлігін,ал уытты және қатты әсер ететін д.з. ⅓ бөлігін белгілейді.
2. Қатты және жұмсақ дәрілік түрлердің түрлері (дәптерде латын тілінде көрсету керек).
3. Ұнтақтардың сипаттамасы (құрамы, мөлшері, ұсақтау дәрежесі, қолдану тәсілі бойынша). Ұнтақтарды рецептпен жазу ережесі.
Ұнтақтар – ішке және сыртқа қолданылатын, бір немесе бірнеше майдаланған заттардан тұратын және сусымалды қасиеті бар қатты дәрілік түр.
Ұнтақтар официнальды дәрілік түр. ҚР Мемлекеттік Фармакопеясының І басылымына жалпы «Сыртқа қолданылатын ұнтақтар», «Оральдік қолданылатын ұнтақтар» топтық мақалары енгізілген.
Дисперсиологиялық жіктелу бойынша ұнтақтар дисперстік ортасы болмайтын, әртүрлі көлемдегі және формадағы майда дисперсті бөлшектерден тұратын еркін дисперстік жүйе. Дәріханалар рецептурасының талдауы нәтиждесі көрсеткендей ұнтақтар түрінде табиғаты әртүрлі қою, сұйық дәрілік құралдар жазылады.
Осы дәрілік түрдің артықшылықтары:
дозалану дәлдігі – бұл ұнтақ түрінде күшті және улы әсер ететін дәрілік препараттарды босатуға мүмкіндік береді;
беттік көлемнің үлкендігіне байланысты, ұнтақтардың фармакологиялық белсенділігі жоғары;
қолданылуы ыңғайлы, яғни, балаларға беруге мүмкіндік береді;
ұнтақ түрінде құрамы және табиғаты әртүрлі препараттарды, соның ішінде аз мөлшерде сұйық, қою және тұтқыр заттарды босатуға болады;
ұнтақтардың дайындалуы оңай;
сақтау мерзімі ұзақ;
ұнтақтар тасымалдауға ыңғайлы.
Ұнтақтардың дәрілік түр ретінде кемшіліктері:
ұнтақтар құрамына сұйық заттарды көп мөлшерде енгізуге болмайды;
ұнтақ түрінде иісті, бояғыш және ащы дәмді заттарды қолдану қолайсыз;
ұнтақ түрінде дәрілік заттар құрамындағы кристаллдық суын оңай жоғалтады. Осыған орай, егер, дәрілік заттар гигроскопиялық болса, көгеруге бейім болады;
ұшқыш заттардың буларын ұнтақтар өз бойына сіңіріп, басқа иісті болып кетуі немесе өз иісін жоғалтып алуы мүмкін. Мұндай жағдайларды болдырмау үшін, компоненттердің және дайын дәрілік түрдің сақтау ережелерін қатаң орындау қажет.
Ұнтақтардың жіктелуі. Ұнтақтар қолдану тәсілі, құрамы, мөлшерленуі (дозалануы) бойынша жіктеледі:
1. Қолдану тәсілі бойынша:
а) Ішуге қолдануға арналған ұнтақтар – Pulveres ad usum іnternum
Rp.: Natrіі hydrocarbonatіs
Magnesіі sulfatіs ana 0,3
Mіsce fіat pulvіs
Da tales doses N 6
Sіgna. 1 ұнтақтан күніне 3 рет.
б) Сыртқа қолдануға арналған ұнтақтар – Pulveres ad usum externum
Rp.: Zіncі oxydі
Amylі
Talcі ana 10,0
Mіsce fіat pulvіs
Da. Sіgna. Аяққа арналған сеппе.
Достарыңызбен бөлісу: |