Болат Балғын тфп-41



бет1/8
Дата07.02.2022
өлшемі227,6 Kb.
#97763
түріҚұрамы
  1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
09.09 биожетимдилик


09.09.2020 Клиникалық фармакокинетика. Дәрілік заттарды енгізу және сіңіру жолдары. Биожетімділік.
Болат Балғын ТФП-41

Тапсырмалар:


1. Дозалардың әсері мен тағайындаудың мерзімділігі бойынша жіктелуі.
2. Қатты және жұмсақ дәрілік түрлердің түрлері (дәптерде латын тілінде көрсету керек).
3. Ұнтақтардың сипаттамасы (құрамы, мөлшері, ұсақтау дәрежесі, қолдану тәсілі бойынша). Ұнтақтарды рецептпен жазу ережесі.
4. Таблеткалардың қасиеттері, түрлері, қолданылуы. Рецептпен жазу ережесі.
Рецепт жазу:
1.10 г стрептоцид құймасы (Streptocidum).
2. 50 Дигоксин таблеткасы (Digoxinum) 0,00025-тен. Ішке 1 таблеткадан күніне 1 рет.

Жауаптар: 1. Дозалардың әсері мен тағайындаудың мерзімділігі бойынша жіктелуі.


Бір рет қабылдауға арналған дәрінің санын доза деп атайды Дозаны граммен немесе грам үлесімен белгілейді. Дәрінің бастапқы биологиялық әсерін тудыратын минималдық дозаны табалдырық немесе минималдық әсер етуші деп атайды. Егер ағзада дәрілік заттардың жоғары дозасын жылдам түзу қажет ететін болса, онда бірінші доза соңғылардан жоғары болады. Дозаға байланысты әсерінің даму жылдамдығы, оның айқындығы, ұзақтығы, кейде сипаты өзгереді. Әдетте дозаның жоғарылауымен латентті кезеңі азаяды және әсерінің айқындығы мен ұзақтығы ұлғаяды.
Дозалардың жіктелуі
Қабылдау жиілігіне және мөлшерлеу үлгісіне сәйкес:
Бір реттік доза – дәрілік заттың бір рет қабылдауға арналған дозасы
Тәуліктік доза – дәрілік заттың бір тәулік ішінде қолданылатын дозасы.
Курстық доза – дәрілік заттың бір курстық емге арналған дозасы.
Соққы дозасы – бірінші дозаның келесілерден жоғары болуы, ағзада жоғары концентрациясын түзу үшін.
Көрсететін әсерлердің түріне байланысты:


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет