Болат Ғасыр Топ: II емдеу ісі



бет28/65
Дата07.02.2022
өлшемі103,66 Kb.
#92149
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   65
Байланысты:
Күнделік

27.05.2020

Мен бүгін порталға кіріп қашықтықтан оқу барысында кәсіптік тәжірибиемді жалғастырдым .Бүгін біз Қабылдау бөлімшесінің құрылымы және қызметтері туралы өттік. Науқастарды тасымалдау түрлері және әдістерімен толығымен таныстық.
Қабылдау бөлімі аурухананың өте маңызды бөлімшесі болып табылады. Аурухананың орталық қабылдау бөлімінің негізгі міндеттері:
1) науқастарды қабылдау және тіркеу;
2) науқастарды қарау, алғашқы тексеру және диагностика;
3) жаңадан түскен науқастарды санитарлы-гигиеналық өңдеу;
4) квалифицирленген медициналық көмек көрсету;
5) науқастарды аурухананың емдеу бөлімшелеріне тасымалдау. Қабылдау бөлімінде
түскен ауруларды тіркеу және керекті құжаттарды толтыру жүргізіледі.

Барлық медициналық құжаттарды қабылдау бөлімінің мейірбикесі толтырады


Науқастарды ауруханаға жатқызу және жатқызудан бас тартуды тіркейтін журнал –
ф. №001/у.
2. ф. №003/у.3. ф. №066/у.
4. ф. №058/у.5. ф. №060/у.
Мейірбике науқасты қабылдау есебі журналына (001/у формасы) науқастың дене жылуын, аты-жөнін, туған жылын, күнін, кайдан және кіммен әкелінгенін, жіберген мекеменің диагнозын, қабылдау бөлімінінң диагнозын, қай бөлімшеге жіберілгенін белгілейді
Науқастың жалпы жағдайына тоқталсақ.Науқастың жалпы жағдайын бағалау (жағдайының ауырлық дәрежесі) объективті және субъективті зерттеу әдістері негізінде іске асады.Жалпы жағдайының ауырлығы ағзаның өмірге қажетті қызметтері декомпенсациясының бар болуына және дәреже айқындылығына байланысты анықталады
Клиникалық тәжірибеде жалпы жағдайдың бірнеше өрбулерін ажыратады:
Қанағаттанарлық
Орта дәрежесі
Ауыр
Өте ауыр (агония алды)
Терминалды (агония)
Клиникалық өлім жағдайы
Науқастарды тасымалдау түрлері және әдістеріне келсек. Науқастарды тасымалдау үшін арнайы құралдар қолданылады: каталкалар, орындық-каталкалар, зеңбілдер. Құралдарды қолданар алдында құрылымымен мұқият танысып, барлық бөліктерінің дұрыстығын тексеру қажет.
Жағдайы ауыр науқастарды алыс жолға тасымалдау кезінде келесі ережелерді сақтау қажет:
1)Науқас қызығушылықтарын қадағалау- Жағдайы ауыр науқастарды тасымалдау кейбір қауіптермен байланысты, егер тасымалдау мақсаты (арнайы клиникада ем алу) науқасқа клиникадан алатын емнен пайда әкелсе науқас үшін тәуекелге баруға болады.
2) Науқас жағдайын минимальді тұрақтандыру- Науқастың өмірге қажетті жүйелерінің (тыныс алу, жүрек-қантамыр) тұрақты жағдайда болуымен байланысты жағдайы. Егер науқаста шоктық жағдай болса, басында гемотома болған жағдайда хирургиялық емге дейін және жедел инфаркт жағдайында, құрсақ қуысында қандай да бір патологияны хирургиялық емге дейін науқасты алыс жолға тасымалдауға кеңес берілмейді.
Зеңбілмен тасымалдауда зақымдалу аз кездеседі. Стандартты санитарлы зеңбіл 2 бөренеден, серіппелі құлыптан және аяқшалардан 2 болат кернегіштен, ауыспалы брезентті матадан және қайыстан тұрады. Зеңбілдің ұзындығы 2,1-2,2 м, ені 55-60 см, салмағы 9,5-10 кг. Қазіргі уақытта жеңілденген зеңбілдер түрі жасалған салмағы 7,5 кг. Зеңбілді келесі әдіспен жазады: екі тасымалдаушы қайысты тартып, ұстағыштан керіп тізесімен тіреп кернегіш шертпек шыққанша зеңбілді ашады да түзулеп жазады. Әрбір тасымалдаушы кернегіш құлыптарының дұрыс жабылғандығын тексереді: тасымалдаушылар бір сәтте құлыпты ашып, кернегішті өздеріне қарай тартып зеңбілді ашады, аяқтарын үсіне қаратып аударады.
Науқастарды зеңбілмен тасымалдау:
Науқасты зеңбілге жатқызу үшін екі тасымалдаушы науқастың астына қолдарын қояды: біреуі басына және арқасына, келесісі – жамбас және тізе астына; бір сәтте көтеріп зеңбілге жатқызады. Баспалдақпен көтеріп және түсіргенде зеңбілдің бас және аяқ жағын көтеру арқылы горизонтальді деңгейін ұстап тұруы керек. Науқас қолдары тұлға бойымен орналасады. Баспалдақпен төмен түсіргенде науқас аяғымен бағытталып тасымалданады. Артқы тасымалдаушының қолы жазылған шынтақпен, ал алдыңғы тасымалдаушы иығына салып тасымалдайды.
Баспалдақпен жоғары көтергенденауқастыбас жағымен бағытталған күйінде горизонтальді қалыпта тасымалдаймыз. Алдыңғы келе жатқан тасымалдаушының қолы шынтықта жазылған, ал артқы тасымалдаушы иығында орналасқан. Жедел қан жорғалтқанда немесе АҚҚ өте төмен жағдайда керсінше тасымалдайды.

Жарақатына байланысты зардап шегушінің тасымалдау кезіндегі оптимальді қалпы:


Ессіз жағдайда науқас тұрақты қырымен жатқан қалыпта (басын артқа),Ал бастың алдыңғы бетінің және беттің жарақаттары кезінде арқасына жатқан қалып (басын артқа), жамбас сүйектерінің сынығы кезінде арқасына жатқан қалыпында (тізе және жамбас-сан буындарында аяқтарын бүккен қалпында) болады. Осымен мен бүгін қабылдау бөлімінің құрылымы мен негізгі қызметтері, науқастарды қабылдау және тіркеу,медициналық құжаттарды толтыру жәнеде науқастардың белсенділік тәртібі, төсектегі қалпы туралы толығымен білдім.















Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   65




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет