Іс-әрекет алгоритмі:
Гигиеналық деңгейде қолыңызды тазартып, антисептикпен қолыңыздыөңдеңіз.
Залалсыздандырылған қаптамадағы қолғапты алып, бүктеуін жазыңыз.
Оң қолға арналған қолғаптың қайырмасын сол қолмен алыңыз.Саусақтарыңыз қолғаптың кайырмасының ішкі бетіне тимеуі керек.
Оң қолдың саусақтарын сығылыстырып, қолғапқа енгізіңіз.
Оң қолдың саусақтарын ажыратып, қолғаптың қайырмасын бұзбай қолға қолғапты киіңіз.
Оң қолдың 2-ші, 3-ші, 4-ші саусақтарын сол қолғаптың қайырмасы астына кіргізіңіз, киілген қолғапта оң қолдың 1-ші саусағы, сол жақ қолғаптың1-ші саусағы жағына бағытталған болуы керек.
Достарыңызбен бөлісу: |