Болат Ғасыр Топ: II емдеу ісі


«А» тізіміне кіретін кейбір (улы дәрілер) дәрілік заттар



бет39/65
Дата07.02.2022
өлшемі103,66 Kb.
#92149
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   65
Байланысты:
Күнделік

«А» тізіміне кіретін кейбір (улы дәрілер) дәрілік заттар:
Атропин 7. прозерин
Кокаин8. стрихнин
дикаин 9. строфантин
морфин 10. резерпин
омнопон
промедол
«В » тізіміне кіретін кейбір (әсері күшті дәрілер) дәрілік заттар:
никотинқышқылы нитроглицерин
адонизид лобелин
амилнитрит люминал
инсулин эфедрин
мезатон . кордиамин
фталазол кофеин
преднизолон хлоралгидрат
эуфиллин аминазин
дибазол
викасол


Бөлімшелерде дәрілерді сақтауға қойылатын жалпы талаптар

  1. Мейірбике бөлмесінде дәрі дәрмектерді сақтауға арналған кілтпен жабылатын шкафтар болуы керек.

  2. Дәрілік заттар шкафы ішіндегі сөрелерде дәрілер топтарға бөлініп орналасады (стерильды, ішке, сыртқа). Әр сөреде тиісті нұсқаулар («сыртқы қолдануға арналған», «ішкі қолдануға арналған» және т.б.) болуы керек.

  3. Парентеральды және энтералды енгізулерге арналған дәрілік заттарды сөрелерге тағайындау бойынша (антибиотиктер, витаминдер, гипотензивті дәрілер т.б.) орналастырған жөн.

  4. Артына үлкенірек, ал алдына кішірек ыдыс пен қорапшадағы дәрілерді қойған жөн. Бұл кез-келген этикетканы оқып және қажетті дәріні тез алуға мүмкіншілік береді.

  5. Емделуші күтіміне арналған және дезинфекциялаушы заттарды дәрі дәрмектермен бірге сақтауға қатаң тыйым салынады.

  6. «А» тізіміне кіретін дәрілік заттар сейфте сақталады.

  7. Күннің әсерінен ыдырайтын дәрілерді күннің сәулесі түспейтін жерлерде (оларды әдейі қоңыр флаконда шығарады) сақтайды.

  8. Иісі аңқыған дәрілерді (иодофарм, лизол және басқалар) басқа дәрілерге иісі тарамау үшін бөлек сақтайды.

  9. Тез бұзылатын препараттарды (тұнбалар, қайнатпалар, микстуралар) және майлар, вакциналар, сарысу, ректалдық, балауыздарды және т.б. тоңазытқышта сақтайды.

  10. Спиртті сығындылар, тұнбалар, тығыз тығындалған флакондарда сақталады, өйткені спирттің булануына байланысты уақыт өткен сайын олар қоюланып дозасының ұлғаюын туғызуы мүмкін.

  11. Дәріханада даярланған металдық қақпақпен жабылған флакондағы стерильді ерітінділердің сақтау мерзімі 10 тәулік, ал қағазбен оралғандар 3 тәулік бойы сақталады. Тұнбалар, қайнатпалар мен микстураларды сақтау мерзімі 3 тәуліктен аспауы керек. Сол уақыт ішінде пайдаланбаса да, жарамсыздық белгілері болмаса да оларды төгіп тастау керек.

  12. Жарамсыздық белгілеріне жатады:

  • Залалсыз ерітінділерде түсінің, мөлдірлігінің өзгеруі, үлпектердің болуы;

  • Тұнбалар, қайнатпаларда лайлану, түсінің өзгеруі, жағымсыз иістің пайда болуы;

  • Ұнтақтар, таблеткалардың түсінің өзгеруі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   65




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет