Оң қолдың саусақтарымен сол қолғапқа, оның тек сыртқы жағына ғана жанаса, отырып қайырмажасаңыз.
Сол қолдың саусақтарымен оң қолғапқа, оның тек сыртқы жағына ғана жанаса, отырып қайырма жасаңыз.
Сол қолдағы қолғапты, оны теріс айналдыра отырып, шешіңіз.
Сол қолдан шешкен қолғапты оң қолмен қайырмасынан ұстаңыз.
01.06.2020
Мен бүгін 14:00- де порталға кіріп қашықтықтан оқу барысында кәсіптік тәжірибиемді жалғастырдым.Бүгін біз Емдеу бөлмесінде жұмыс туралы тақырыпты жалғастырдық.Соның ішінде
Дәрілік заттардың топтары. Дәрілік заттардың негізгі түрлері және қолдану әдістері туралы толығымен таныстық.
Ең алдымен Дәрілік заттарды таратудың неғұрлым ұтымды тәсілдеріне тоқталсақ:
1) жылжымалы үстелшеге қатты дәрілік формалар бар ыдысты, сұйық дәрілік формалар бар флаконды. пипеткаларды (әрбір флаконға жеке-жеке), мензуркаларды, суы бар графинді, қайшыларды, тағайындау қағаздарын қойыныз;
2) науқастан науқасқа өте отырып, дәрілік заттарды науқастың төсегінің жанында, тағайындау қағазына сәйкес, берген жөн
3) дәрілік заттарды науқас сіз жанында тұрғанда қабылдағаны жөн. Дәрілік заттарды таратудың осындай ретінің артықшылығы айқын.
Біріншіден, мейірбике науқастың дәріні қабылдағанын қадағалай алады. Екіншіден, мейірбике науқастың қандай дәрілерді қабылдайтыны және оның тағайындалуы туралы сұрақтарына жауап бере алады. Үшіншіден, дәрілік заттарды тарату кезінде қателіктер болмайды.
Кейбір емдеу бөлімшелерінде мейірбикелер уақытты үнемдеу үшін дәрілік заттарды науқастың аты-жөні, палатасы көрсетілген торларға бөлінген астаушаға алдын ала салып қояды да күніне үш рет науқастарға таратады.
Дәрілік заттарды таратудың мұндай жолының елеулі кемшілігі бар:
1) науқастың дәрілік затты қабылдағанын қадағалау мүмкін емес;
2) таратудың жекелей схемасы сақталынбайды (дәрілік заттардың барлығы тәулігіне үш рет кабылданбайды- кейде тәулігіне 4-6 рет, кейбіреуі асқа дейін, кейбіреуі - астан кейін немесе ас кезінде, ал үшіншілері - түнге қарай);
3) кателіктер болуы мүмкін (бір науқасқа тағайындалған дәрілер, мейірбикенің көңіл коймауынан, басқа науқасқа арналған торға салынып кетуі мүмкін);
4) тағайындалған дәрілік заттар туралы науқастың сұрағына жауап беру қиындайды, өйткені дәрілер астаушада дәріхананың қорабынсыз болады. Мейірбике дәріні және оның мөлшерін, әсіресе әсер етуін көбінесе айта алмайды да науқастың сенімсіздігін және өзіне белгісіз дәрілерді ішкісі келмеуін туғызуы мүмкін.
Келесі «А», «В » тізіміне кіретін дәрілік заттар: