Болат Ғасыр Топ: II емдеу ісі



бет50/65
Дата07.02.2022
өлшемі103,66 Kb.
#92149
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   65
Байланысты:
Күнделік

Іс-әрекет алгоритмі:



  1. Дәрілік препаратты қолдану бойынша нұсқаумен танысыңыз.

  2. Науқасқа емшара барысы мен мақсатын түсіндіріп, оған енгізілетін дәрілік ерітінді туралы мәліметті беріңіз.

  3. Науқасқа ыңғайлы қалыпты алуға көмектесіңіз:

  1. Инъекция жасайтын жерді киімінен босатыңыз.

  2. Инъекция жасайтын жерді анықтаңыз (бөксенін жоғарғы-сыртқы бөлігі).

  3. Инъекция жасайтын жерді саусақпен басып тексеріңіз түйін және тығыздалу болмау керек.




  1. Антисептикті қолданып қолыңызды тазартыңыз.

  2. Қолғапты киіңіз.

  3. Шприцті құрастырыңыз(стандартты қара).

  4. Тағайындалған дәрілік ерітіндіні шприцке сорып алыңыз: шприцті бір рет қолданылатын ораудын ішіне салыңыз. (стандартты қара).

  5. Спирттелген екі мақта шариктерімен инъекция жасайтын жерді тізбектілікпен тазартыңыз: ең үлкен аймақты, сосын тұп-тура инъекция жасайтын жерді. Спирттелген үшінші мақта шаригін сол қолдың IV және V саусақ арасына салыңыз.

  6. Оң қолға шприцті алыңыз: V саусақты иненін канюласына; II саусақпен шприцтін поршенін ұстаңыз; I, III, IV саусақтарды цилиндрге қойыңыз (поршеннің сабы бос болуы керек).

  7. Сол қолдың I және II саусақтарымен инъекция жасайтын жердің терісін керіңіз және бекітіңіз.

  8. Бөксенің жоғарғы сыртқы бөлігіне инені енгізіңіз (шприцті теріге тік 900 бұрышпен ұстап), терінің үстінен иненің ұзындығын 0,5 см кем қалдырмаңыз.

  9. Сол қолды поршенге көшіріп, II және III саусақтармен шприцтің цилиндірінің жиегінен ұстап, I саусақпен поршенді басып, дәрілік ерітіндіні енгізіңіз.

  10. Спирттелген мақта шаригін инъекция жасаған жерге қойыңыз.

  11. Оң қолмен инені жылдам қимыл-қозғалыспен шығарып алыңыз.

  12. Теріден мақтаны алмай тұрып, инъекция жасаған жерге жеңіл ұқалауды жасаңыз.

  13. Шприцтерді, мақта шариктерін, қолғапты қауіпсіз жоюға арналған контейнерге салыңыз.

  14. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.















Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   65




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет