Болатын теориялық және методологиялық мәселелер қарастырылды


Шет елдік қызмет – қаржылық есептіліктің «конвертациялануы»



Pdf көрінісі
бет83/169
Дата14.01.2022
өлшемі1,12 Mb.
#129321
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   169
Байланысты:
Karzhylyk-esep-2-Baiboltaeva
Основные понятия ОС Linux, 35 тақырып, ~$ қазақша, 33.Metod Web 44.03.01 2017 (1), ФИНУЧЕТ (каз), 1 аралық бақылау тапсырмалары Банк қызметінің автоматтандырылған жүйелері, Қаржы нарықтары және делдалдары Тлегенова Айнагуль, схемы, Статья2021, Нугманова Г.Н., СРСП-новый, Бағалы қағаздардың есебі, 1515570698, тарих тест, ПТП ЭН 19
Шет елдік қызмет – қаржылық есептіліктің «конвертациялануы». 
 
Есеп беретін компанияның ажырамайтын бөлігін құрайтын 
интеграцияланған шет елдік компаниялардың 
 
 
 
 
 
 
 
      7.3 
Шет  елдік  компания.  Шет  елдік  компаниялардың  қаржылық    
есептілігінің  біріктірілуі  
 
Жоғарыда  айтылған  интеграцияланған  шет  елдік  компаниямен 
салыстырғанда шет елдік компаниялар ақша қаражаттарын және басқа ақша 
баптарын  жеке  (бөлек)  жинақтайды,  өзінің  жергілікті  валютасымен 
шығыстар  мен  табыстарды  көрсетеді  ,  сондай-ақ  қарыз  беруді  және  алуды 
жүзеге асыруы мүмкін.Сонымен бірге ол шет елдік валютамен орындалатын 
операцияларға (оның ішінде есеп беру валютасымен де ) қатыса алады. Есеп 
беру  валютасы  мен  жергілікті  валютаның  арасындағы  айырбастау  бағамы 
өзгерген  кездегі    ол  өзгеріс  шет  елдік  копанияның  да  есеп  беруші 
компанияның  да  операцияларынани  болған  ағымдағы  немесе  келешек  ақша 
қаражаттары легіне өте аз әсерін тигізеді, не болмаса оған тіпті әсер етпейді. 
Қаржылық есептіліктің баптары операциялар есеп беретін 
компанияның өзінде орындалғандай етіп конвертацияланады 
(көрсетіледі) 
92 
 


Шетелдік  компанияның  қаржылық  қортынды  есебін  қайта  есептеген 
(есеп  беру  валютасына  айналдырылған)  кезде  ақырғы  бағам  әдісі 
қолданылады.  
  
 
Ақырғы бағам әдісіне сәйкес барлық активтер мен міндеттемелер есеп 
беру  валютасына  есепті  мерзімдегі  бағам  бойынша  көрсетіледі.  Бұл  әдіс 
еншілес  компания  өзінің  шаруашылық  операцияларын  бас  компаниядан 
тәуелсіз  жүзеге  асырушы  дербес  заңды  тұлға  болып  табылады  деген 
пайымдауларға негізделеді. Қаржы ресурстары легінде төмендегі дербестік 
қамтамасыз етіледі:  

Еншілес компанияның операциялары бас кәсіпорынның операцияларынан 
дербес (бөлек) жүзеге асырады;  

Еншілес  және  бас  компания  арасындағы  операциялар  шет  елдік  еншілес 
компания қызметінің үлкен бөлігін құрамайды.  

Еншілес кәсіпорынның шет елдегі қызметі бас кәсіпорын қаржыларының 
есебінен  емес,  негізінен  өз  операцияларынның  немесе  жергілікті 
қарыздардың (несиелердің ) есебінен қаржыландырылады. 

Шет  елдік  өндірісте  өнімнің  немесе  қызметтінің  өзіндік  құнын  құраушы 
еңбек  шығындары  материалдық  шығындар  негізінен  алғанда  есеп  беру 
валютасымен емес жергілікті валютамен төленеді және есептеледі; 

Шет елдік кәсіпорынның өнімдерін сату негізінен есеп беру валютасымен 
жүзеге асырылмайды; 

Есеп беретін компанияның ақша қаражаттарының легі шет елдік еншілес 
кәсіпорынның  күнделікті  қызметінен  бөлектенген  және  өзіне  оның  әсерін 
сезінбейді.  
 
Есеп  беретін  компанияның  қаржылық  есептілігіне  кіргізу  үшін  шет 
елдік еншілес кәсіпорынның қаржылық есептілігін қайта есептеу (яғни, есеп 
беру  валютасына  айналдыру  )  негізінде  есеп  беретін  компания  төмендегі 
процедураларды орындауға тиісті.  
А)  шет  елдік  еншілес  компанияның  ақшалайда  ақшалай  еместе    активтер 
мен  міндеттемелері  ақырғы бағам  бойынша  қайта  есептеледі  (есеп беретін 
валютаға айналдырады); 
Ә) шет елдік компанияның табыстарымен шығыстарының баптары операция 
орындалған мерзімдегі айырбастау бағамы бойынша қайта есептеледі.  
Б) бағамдық айырмашылық сомасы таза инвестиция сатып өткізгенге дейін 
меншікті  капитал  ретінде  көрсетілуге  тиісті.  Шетелдік  компанияның 
қаржылық қортынды есебін қайта есептеу нәтижесінде туындаған бағамдық 
айырмашылық    есептен  шығарғанға  дейін  бухгалтерлік  баланыстың 
«меншікті капитал» бөлімінде көрсетіледі.  
Шет елдік еншілес компаниялар қаржы ресурстарынның дербес (бөлек) 
легін қамтамасыз ете отырып, өздерінің қызметін тәуеліз жүзеге асыратын 
болғандықтан,  шет  елдік  валютамен  берілген  шет  елдік  еншілес 
компанияның  қаржылық  есептілігін  бас  кәсіпорынның  есебін  беретін 
валютасына  айналдыру  бас  кәсіпорынның  шаруашылық  қызметінің 
қаржылық  нәтижесіне  ешқандай  әсерін  тигізбейді.  Және  де  еншілес 
93 
 


кәсіпорынның  қаржылық  қортынды  есебін  бас  кәсіпорынның  есеп  беру 
валютасына  айналдыру  бас  компанияның  табыстарымен  шығыстары 
жөніндегі  қортынды  есебінде  көрсетуге  жатпайды.  Шетелдік  компания 
шығып  кеткен  кезде  бухгалтерлік  баланыстың  «меншікті  капитал» 
бөлімінде  көрсетілген  бағамдық  айырмашылықтың  жинақталған  баптары 
табыстар  мен  шығыстар  жөніндегі  қортынды  есептің  құрамында  есепке 
алынуға тиісті.  
         
Шет  елдік  компанияның  қаржылық  есептілігін  қайта  есептеу 
нәтижесінде  туындаған  бағамдық  айырмашылық  есептен  шығарылғанға 
дейін бухгалтерлік баланстың  «Меншікті капитал» бөлімінде көрсетіледі .  
           
Шет елдік еншілес компаниялар қаржы ресурстарының дербес (бөлек) 
легін қамтамасыз ете отырып, өздерінің қызметін тәуелсіз жүзеге асыратын 
болғандықтан,  шет  елдік  валютамен  берілген  шет  елдік  еншілес 
компанияның  қаржылық    есептілігін  бас  кәсіпорынның  есеп  беретін 
валютасына  айналдыру  бас  кәсіпорынның  шаруашылық  қызметінің 
қаржылық нәтижесіне ешқандай әсерін тигізбейді . 
          
Және  де  еншілес  кәсіпорынның  қаржылық  қорытынды  есебін  бас 
кәсіпорынның есеп беру валютасына айналдыру бас компанияның табыстары 
мен  шығыстары  жөніндегі    есептілігінде  көрсетуге  жатпайды  .  Шет  елдік 
компания  есептен  шығып  кеткен  кезде  бухгалтерлік  баланстың  «Меншікті 
капитал»  бөлімінде  көрсетілген  бағамдық  айырмашылықтың  жинақталған 
баптары  табыстар  мен  шығыстар  жөніндегі  есептіліктің  құрамында  есепке 
алынуға жатады. 
           
Шет  елдік  компания  мен  есеп  беруші  (отандық)  компанияның 
қаржылық есептіліктерін құру мерзімінде айырмашылық болған кезде шет 
елдік  компания  есеп  беруші  компанияның  қорытынды  есебіне  кіргізу  үшін 
арнайы  қорытынды  есеп  жасайды. 
Шет  елдік  компанияны  сатып  өткізу 
кезінде  осы  компанияға  қатысты  бағамдық  айырмашылықтың  жинақталып 
кейінге қалдырылған сомасы, сатып өткізуден алынған пайда немесе шеккен 
зиян есепке алынған кезеңде табыс немесе шығыс ретінде танылуға (есепке 
алынуға) тиісті. 
           
Шет  елдік  компанияның  қаржылық  қорытынды  есебінің 
конвертациялануы төменде келтірілді .    
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
   
94 
 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   169




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет