бойынша тиімді пайыздық ставка немесе табыс
инвестициялау сәтінде есептелінеді және пайыздық табысты есептеу үшін
әрбір сый ақы төлеу кезеңінің басындағы инвестицияның баланстық құнына
қолданылады.
Әрбір
кезеңде
инвестицияның
баланстық
құны
амортизацияланған жеңілдік сомасына өседі немесе үстеме (сый ақы)
сомасына азаяды.
Мысалы: «Рымжан» компаниясы 2010 жылдың 1 қаңтарында
«Ерсайын» корпорациясының құны 100 000 теңге тұратын 8 %-дық
облигацияларын 92 278 теңге төлеп сатып алды. Облигациялардың жойылу
(жабылу) мерзімі 2011 жылғы 1 қаңтар. Облигациялар бойынша пайыз
(сыйақы) жылына 2 рет: 1 шілдеде және 1 қаңтарда төленуге тиісті.
Облигациялар бойынша жеңілдіктің сомасы 7 722 теңге (100000 - 92278).
Тиімді пайыздық ставка - 10%.
«Рымжан» компаниясы инвестицияны 2010 жылдың бірінші қаңтарында
төмендегі бухгалтерлік жазу арқылы көрсетеді:
Дт Кт
2020 “Жойылғанға (жабылғанға)
дейін ұсталынатын ұзақ мерзімді инвестициялар” 92278
1030 “Ағымдағы банк шоттарындағы ақша қаражаттары” 92278