салығы бойынша есепті кезеңдегі кәсіпорынның бюджеттің алдындағы
борышы салық салынатын табыстан анықталған сомада көрсетіледі, ал “теріс
уақыттық айырмашылықтың” салық тиімділігі салық есебінде табыс салығы
бойынша “кейінге қалдырылған төлем” болып табылады .
Бюджетке аударылуға жататын табыс салығы мен Табыстар мен
шығыстар жөніндегі есептілікте есепті кезең шығыстарының құрамында
есепке алынуы (танылуы) мүмкін табыс салығы бойынша шығыстардың
арасындағы айырмашылық сомасы бухгалтерлік есепте былайша көрсетіледі:
Дт Кт
7710 “Корпоративтік табыс салығы бойынша
шығыстар” 285000
(950000*30%)
3110 “Төленуге тиісті корпоративтік
табыс салығы” 270000
(900000*30%)
4310 “Корпоративтік табыс салығы бойынша
кейінге қалдырылған салықтық 15000
міндеттемелер”
(50000*30%)
Кейінге қалдырылған салықтар кәсіпорынның қаржылық есептілігінде
ақпарат пайдаланушыларға бухгалтерлік есеп пен салық есебінің арасындағы
айырмашылықтың салдары болып табылатын корпоративтік табыс салығы
бойынша болашақ міндеттемелер мен активтер жөніндегі ақпараттарды
дұрыс беру үшін көрсетіледі.
Достарыңызбен бөлісу: