8.3
Бухгалтерлік баланс бойынша міндеттемелік әдіс
Уақытша айырмашылық қаржылық және салық есептілігі бойынша
баланстардың баптарына талдау жасау кезінде туындайды. Талдаудың
мұндай әдісін баланс бойынша міндеттемелік әдіс деп атайды.
Уақытша айырмашылық активтердің және міндеттемелердің баланстық
құны мен салық базасының арасындағы айырмашылық ретінде анықталады.
Қаржылық есептіліктің 12 “Пайдаға салынған салық” деп аталатын
халықаралық стандарты активтің салық базасы және міндеттеменің салық
базасы түсінігін енгізді.
Активтің немесе міндеттеменің салық базасы дегеніміз – активтің
немесе міндеттеменің салық есебінде есепке алынған сомасы.
Уақытша айырмашылықты баланстың “Негізгі құралдар” бабын
мысалға ала отырып қарастырайық. Негізгі құралдың бастапқы құны –
120
000 теңге делік, активтің пайдалану мерзімі – 3 жыл, қаржы есебінде
амортизация жеделдетілген әдіс бойынша есептеледі: 1 – ші жылы – 60 000
теңге, 2 – ші жылы – 50 000 теңге, 3 – ші жылы – 10 000 теңге, салық есебінде
–
бірқалыпты есептеу әдісі пайдаланылады. Бір жыл өткеннен кейін
105
кәсіпорын өзінің қорытынды есебін дайындады. Қаржы есебінде амортизация
бойынша шығыстар – 60 000 теңгені құрады, негізгі құралдың баланстық
құны 60 000 теңге (120 000 – 60 000) болады; салық есебінде амортизация
бойынша шығыс – 40 000 теңгені, негізгі құралдың баланстық құны – 80 000
теңгені (120 000 – 40 000) құра
Баланс бойынша міндеттемелік әдісті қолдану арқылы негізгі құралдың
баланстық, яғни оның қаржы есебіндегі құны (60 000) салық базасымен
(салық есебіндегі құнымен – 80 000 теңге) салыстырылады. Пайда болған
20
000 теңге айырмашылық сомасы уақытша айырмашылық ретінде
анықталады.
Уақытша айырмашылық, яғни активтің немесе міндеттеменің баланстық
құны мен оның салық базасы арасындағы айырмашылықтар оң немесе теріс
болуы мүмкін.
-
Оң (немесе салық салынатын) айырмашылықтар активтің немесе
міндеттеменің баланстық құнының орны толтырылған (жабылған) уақытта
алдағы кезеңнің салық салынатын табысын анықтау кезінде салық салынатын
сомалардың туындауына алып келеді. Басқаша айтқанда салық салынатын
айырмашылықтардың болуы, алдағы уақытта табыс салығының
көбейетіндігін көрсетеді.
-
Теріс (немесе шегерілетін) айырмашылықтар активтің немесе
міндеттеменің баланстық құнының орны толтырылған немесе жабылған
уақытта алдағы кезеңнің салық салынатын табысын (пайдасын) есептеу
кезінде алынып тасталынатын сомалардың пайда болуына алып келеді.
Басқаша айтқанда, шегерілетін айырмашылықтардың болуы, алдағы уақытта
табыс салығын азайтуға болатындығын көрсетеді.
-
Салық салынатын айырмашылықтың пайда болуы кейінге қалдырылған
салықтық міндеттемені есепке алуды туындатады.
Уақытша айырмашылық
Баланстық
құн - Салық базасы
Баланстық
Құн > Салық
базасы
Баланстық
Құн < Салық
базасы
Салық салынатын
айырмашылық
Табыс салығын азайтатын
айырмашылық
106
Шегерілетін айырмашылықтар пайда болған жағдайда кейінге
қалдырылған салықтық актив немесе талап есепке алынады (танылады) яғни,
компания өзінің қаржылық есептілігінде ағымдағы кезеңнің шаруашылық
қызметі нәтижесін бойынша төленуге тиісті салық сомасынан көбірек
сомада салық төлеу фактісін көрсетеді.
Кейінге қалдырылған салықтық міндеттемелерді есепке алу кезінде
төмендегі бухгалтерлік жазулар орындалады:
Дт 7710 ″Корпоративтік табыс салығы бойынша шығыстар″
(Табыстар мен шығыстар жөніндегі есептілік)
Кт 4310 ″Корпоративтік табыс салығы бойынша кейінге қалдырылған
салықтық міндеттемелер″ (Бухгалтерлік баланс)
Кейінге қалдырылған салықтық активтерді есепке алу кезінде
орындалатын бухгалтерлік жазу:
Дт 2810 ″Корпоративтік табыс салығы бойынша кейінге қалдырылған
салықтық активтер″ (Бухгалтерлік баланс)
Кт 7710 ″Корпоративтік табыс салығы бойынша шығыстар″
(Табыстар мен шығыстар жөніндегі есептілік)
Ұйымның қаржылық қорытынды есебінде кейінге қалдырылған
салықтық міндеттемелер немесе активтер тиісінше ұзақ мерзімді
міндеттемелер немесе ұзақ мерзімді активтер бөлімінде көрсетіледі.
Әрбір қаржылық қорытынды есепті құру мерзімінде бұрын есепке
алынып қойылған кейінге қалдырылған салықтық міндеттемелердің немесе
активтердің шамасы компанияның шаруашылық қызметінің өзгеру
жағдайларына байланысты қайта қаралуға тиісті.
Салық салынатын
айырмашылықтар
Шегерілетін
айырмашылықтар
Кейінге қалдырылған
салықтық міндеттемелер
Кейінге қалдырылған
салықтық активтер
107
|