есеп саясатын құруда шешімі табылуға тиісті негізгі мәселелердің бірі болып
табылады.
Бухгалтерлік табыс дегеніміз
–
заңды тұлғаның табысынан алынатын
салық төлемін алып тастағанға дейінгі кәдімгі қызметінен және кездейсоқ
жағдайлардан алынған табысы немесе шеккен зияны.
Салық салынатын табыс
-
салық заңына сәйкес анықталған есепті
кезеңдегі табыс (зиян) сомасы.
Салық заңының талаптарының бухгалтерлік есепке қойылатын
талаптардан айырмашылығы бар. Соның нәтижесінде бухгалтерлік табыс пен
салық салынатын табысты анықтауда айырмашылық туындайды.
Пайда болу себептеріне байланысты айырмашылықтар
тұрақты
немесе
уақыттық
(уақытқа
байланысты)
болуы
мүмкін.
Тұрақты
айырмашылықтың
туындау себебі бухгалтерлік табсыты есептеуде
ескерілетін табыстар мен шығыстардың кейбір баптары салық салынатын
табысты есептеуде ескерілмеуінен болады.
Тұрақты айырмашылықтарға жататындар:
а) валюталық шот бойынша және шетелдік валютамен орындалатын
операциялар бойынша бағамдық айырмашылықтар;
ә) бюджетке төленетін айыппұл;
б) кәсіпкерлік қызметпен байланысты емес шығыстар;
в) Қазақстан Республикасының үкіметі бенлгілеген нормадан жоғары іс
сапар шығындарының және сол сияқты шығындардың орнын толтыруға
жұмсалған шығындар.
Тұрақты айырмашылықтар табыс салығы бойынша шығыстардың
жиынтық сомасын есептеумен байланысты. Тұрақты айырмашылықтар тек
қана табыс салығының жиынтық сомасына әсер етеді, және де есептер
кезеңдер бойынша міндеттемелерді немесе салықтық талаптарды бөліп
таратуда теориялық жағынан да практикалық жағынан да ешқандай мәселе
туындатпайды.
Уақыттық айырмашылықтардың
(уақытқа байланысты сәйкессіздіктің)
пайда болу себебі: бір есептік кезеңде бухгалтерлік табысты есептеуде
ескерілетін табыстар мен шығыстардың кейбір баптары салық салынатын
табысты есептеуде басқа кезеңде ескеріледі. Сөйтіп белгілі бір есепті кезеңде
пайда болған айырмашылықтар келесі есептік кезеңдерде жойылады.
Бухгалтерлік және салық салынатын табысқа енгізілетін табыстар мен
шығыстардың жалпы сомасы бірдей болады, бірақ есепті кезеңдер әр түрлі
болады.
Достарыңызбен бөлісу: