Оқушылардың білімін актуализациялау кезеңі.
Активити.
Оқушылар 1-қосымша кестеде берілген заттардың химиялық химиялық байланыс түрі мен электр өткізгіштігін болжайды.
Іс-әрекет түрі: жұппен жұмыс
Бағалау: өзара бағалау
Көрсетілім. Электрөткізгіштікті сынау құралы арқылы берілген заттарды тексеруге эксперимент жасау.
Іс-әрекет түрі: сыныппен жұмыс
Бағалау түрі: мұғалімнің кері байланысы
Оқушылар 1-қосымша кестесіндегі тәжірибелік мәліметтерді толтыруы керек.
Мұғалім электр тогын өткізетін заттар-электролиттер, өткізбейтіндері-бейэлектролиттер деп аталатынын таныстырады. Осы тұста тәжірибе қорытындысы бойынша диссоциация ұғымына анықтама беріледі.
Ой қозғау: неліктен кейбір заттар үшін лампа әлсіз жанды?
Осы тұста диссоциациялау дәрежесі,күшті және элсіз электролиттер ұғымдарын ендіру.
Мақсаты: Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлануды дамыту.
Тиімділігі: оқушының танымдық дағдысы артады. Сонымен қатар оқушыға сабақтың өмірмен байланысын көрсетеді және сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтауға мүмкіндік береді.
Саралау: Бұл жерде саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі көрінеді. Дұрыс мағынада жауап беруге бағыттау мақсатында кейбір оқушыларға ашық сұрақтар, ал кейбір көмек қажет ететін оқушыларға жетелеуші сұрақтар қойылады.
|
Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.
|
Сабақтың ортасы
Зерттеу кезеңі
.
|
Оқулықтағы жаңа сабақтың мәтінін оқуға тапсырма береді Зерттеу кезеңі
Мұғалім оқушылардан алынған тәжірибелік мәліметтер мен болжамдар арасында қарама-қайшылықтар туғандығын анықтайды.
|
Бұл қарама-қайшылықтардың неден туғанын тұжырымдап, оны шешу жолдарын қарастыру үшін оқушыларды 4 топқа бөледі. Оқушылар топта проблеманың шешу жолдарын қарастырады.
1-топ: 1-проблема: Неліктен дистилденген су құбыр суымен салыстырғанда электр тогын өткізбейді?
2-топ: 2-проблема: Неліктен кристалдық натрий хлориді сулы натрий хлоридімен салыстырғанда электр тогын өткізбейді?
3-топ: 3-проблема: Хлорсутек молекуласында иондар бар ма?
4-топ: 4-проблема: Кристалдық сахарозада иондар бар ма?
|
Дескриптор: Жалпы - 3 балл
1.Электролиттер мен бей- электролиттерді анықтайды. Дифференциация: Мұғалім топтардың жұмысына бақылау жүргізіп, қажет болса қолдау көрсетеді.
|
Тақырып бойынша интернет желісін пайдаланып видеоролик көру.
|
|
Оқулықта берілген тапсырманы орындатады, бақылайды, мысал, үлгі көрсетеді.
|
|