Жаңа сабаққа кіріспе
|
(Ұ) «Миға шабуыл» әдісі арқылы өткен тақырыппен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында ой қозғау сұрақтарын ұжымдық талқылау.
Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, өзара ұжымдық талқылау жасағаннан кейін мұғалім оқушыларға сабақтың тақырыбы, мақсатымен таныстырады.
|
1.Сұрақ
Сапалық реакциялар дегеніміз не?
Сапалық реакция – қасиеттері бойынша затты нақты анықтауға болатын химиялық реакциялар
2.Мұғалім түсіндірмесі (слайд бойынша)
Жалынды арқылы сынау химияда әр элементтің өзіне тән сәулелену спектрі негізінде қосылыста белгілі металл иондарының болуын анықтау үшін қолданылатын әдіс болып табылады. Жалынның түсі, әдетте, температураға да байланысты.
Тәжірибе қосылыстың үлгісін бунзен жанарғысының ыстық және жарқырамайтын (көк) жалынына енгізіп, боялған жалынды бақылау арқылы жасалады. Тәжірибелер тұз қышқылымен тазартылған нихром сымының көмегімен өткізіледі. Презентация арқылы металл катиондарының жалынды бояу тестілерін көрсетіледі
|
Мақсаты: Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлануды дамыту.
Тиімділігі: оқушының танымдық дағдысы артады. Сонымен қатар оқушыға сабақтың өмірмен байланысын көрсетеді және сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтауға мүмкіндік береді.
|
Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.
|
Жеке жұмыс
|
Қалыптастырушы тапсырмаларды орындатыңыз
|
1-тапсырма.
Саматқа белгісіз заттарды анықтауға эксперимент жасау тапсырылады.
ХBr заты жалынды сары түске бояды, бірақ күкірт қышқылы ерітіндісімен әрекеттеспеген. ХBr затына күміс нитраты ерітіндісін қосқанда, аммиак ерітіндісінде жай еритін, ақ-сары тұнба түзілді.
УCl2 заты жалынды кірпіш қызыл(қызыл-қоңыр) түске бояды, күміс нитраты ерітіндісін қосқанда ақ тұнба түзіледі.
Саматқа бұл заттардың қандай екенін анықтауға көмектесіңдер.
Х ____________[1 балл]
У ____________[1 балл]
2-тапсырма
Үш тұз берілген. Бірінші тұз жалынды күлгін түске, екінші тұз сары түске бояйды.Үшінші тұздың көк жасыл (ашық жасыл) түске бояды. Берілген тұздардың құрамындағы металл катиондарын ата, жауабыңды дәлелде.
_______________ [3 балл]
3-тапсырма
Белгісіз сынауықтарда 5 зат берілген: литий хлориді, мыс сульфаты, калий сульфаты, барий хлориді, кальций хлориді. Бұл заттарды қалай анықтауға болады
|
Дескриптор: Жалпы - 3 балл
1. Кейбір металдардың катиондардың анықтау үшін жалынның түсінің өзгеруін анықтайды
|
Тақырып бойынша интернет желісін пайдаланып видеоролик көру.
|
|