Жаңа сабаққа кіріспе
(Ұ) «Миға шабуыл» әдісі арқылы өткен тақырыппен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында ой қозғау сұрақтарын ұжымдық талқылау. Оқушыларға жалпылама төмендегі сұрақтар және жаттығу түрлері беріледі. Әр оқушы өз оймен бөліседі.
Өзгенің пікірін толықтырады.
Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, өзара ұжымдық талқылау жасағаннан кейін мұғалім оқушыларға сабақтың тақырыбы, мақсатымен таныстырады.
|
1. Электролиттер дегеніміз?
2.Бейэлектролиттер дегеніміз?
Оқушылардың білімін актуализациялау кезеңі.
Активити.
Оқушылар 1-қосымша кестеде берілген заттардың химиялық химиялық байланыс түрі мен электр өткізгіштігін болжайды.
Іс-әрекет түрі: жұппен жұмыс
Бағалау: өзара бағалау
Көрсетілім. Электрөткізгіштікті сынау құралы арқылы берілген заттарды тексеруге эксперимент жасау.
Іс-әрекет түрі: сыныппен жұмыс
Бағалау түрі: мұғалімнің кері байланысы
Оқушылар 1-қосымша кестесіндегі тәжірибелік мәліметтерді толтыруы керек.
Мұғалім электр тогын өткізетін заттар-электролиттер, өткізбейтіндері-бейэлектролиттер деп аталатынын таныстырады. Осы тұста тәжірибе қорытындысы бойынша диссоциация ұғымына анықтама беріледі.
Ой қозғау: неліктен кейбір заттар үшін лампа әлсіз жанды?
Осы тұста диссоциациялау дәрежесі,күшті және элсіз электролиттер ұғымдарын ендіру.
|
Мақсаты: Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлануды дамыту.
Тиімділігі: оқушының танымдық дағдысы артады. Сонымен қатар оқушыға сабақтың өмірмен байланысын көрсетеді және сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтауға мүмкіндік береді.
Саралау: Бұл жерде саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі көрінеді. Дұрыс мағынада жауап беруге бағыттау мақсатында кейбір оқушыларға ашық сұрақтар, ал кейбір көмек қажет ететін оқушыларға жетелеуші сұрақтар қойылады.
|
|