Бөлім: 1a электролиттік диссоциация



бет7/63
Дата13.10.2023
өлшемі8,37 Mb.
#185334
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   63
Байланысты:
9-сынып. 1-тоқсан (копия)

Жаңа сабаққа кіріспе



(Ұ) «Миға шабуыл» әдісі арқылы өткен тақырыппен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында ой қозғау сұрақтарын ұжымдық талқылау. Оқушыларға жалпылама төмендегі сұрақтар және жаттығу түрлері беріледі. Әр оқушы өз оймен бөліседі.
Өзгенің пікірін толықтырады.


Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, өзара ұжымдық талқылау жасағаннан кейін мұғалім оқушыларға сабақтың тақырыбы, мақсатымен таныстырады.

1.Диссоциация дегеніміз?

2.Ассоциация дегеніміз?


3.Гидраттану дегеніміз?




Оқушылардың білімін актуализациялау кезеңі.
Ой қозғау. Мұғалім оқушыларға төменгі сұрақтарды қояды:
Электролиттік диссоциация процесіне негізгі қатысушы молекуланы атаңыз.
Күтілетін жауап: су молекуласы.
Су молекуласының құрылымы қандай? Bilimlandсайтынан бейне-түсіндірме көрсету.
https://bilimland.kz/kk/courses/chemistry-kk/bei-organikalyq-ximiya/su-zhane-suly-eritindiler/lesson/sudyng-qasietteri
Оқушылар су молекуласының құрылымын дәптерлеріне салады. Судың кеңістіктіктік құрылымын,валенттілік бұрышын,қолданылмаған электрон жұптарын тақтада қарастыру
Күтілетін жауап: қарама-қарсы зарядының шамасы бірдей полюсті молекула.



Мақсаты: Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлануды дамыту.
Тиімділігі: оқушының танымдық дағдысы артады. Сонымен қатар оқушыға сабақтың өмірмен байланысын көрсетеді және сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтауға мүмкіндік береді.
Саралау: Бұл жерде саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі көрінеді. Дұрыс мағынада жауап беруге бағыттау мақсатында кейбір оқушыларға ашық сұрақтар, ал кейбір көмек қажет ететін оқушыларға жетелеуші сұрақтар қойылады.

Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.

Сабақтың ортасы
Мағынаны ашу 33 мин.

Оқулықтағы жаңа сабақтың мәтінін оқуға тапсырма береді

Ионды және ковалентті байланыс бар заттардың суда еру механизмдерін қарастырайық:
Оқушыларды 4 топқа бөлу. Оқушылар топта төменде берілген тақырыптар бойынша зерттеу жүргізіп, схема немесе постер жасайды. Оқушылар оқулықтағы мәтін, схемаларды, қосымша ақпарат көздерді қолданады. (2-қосымша)
1-топ: натрий хлоридінің суда еру механизмі
2-топ: хлорсутек молекуласының суда еру механизмі
3-топ:ЭДТ-ның 2-қағидасы
4-топ: ЭДТ-ның 3-қағидасы



Дескриптор: Жалпы - 3 балл
1. Иондық және коваленттік полюсті байланысы бар заттардың электролиттік диссоциациялану механизмін анықтайды

Тақырып бойынша интернет желісін пайдаланып видеоролик көру.




Оқулықта берілген тапсырманы орындатады, бақылайды, мысал, үлгі көрсетеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   63




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет