Бөлім: 1a электролиттік диссоциация



бет1/63
Дата13.10.2023
өлшемі8,37 Mb.
#185334
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   63
Байланысты:
9-сынып. 1-тоқсан (копия)


Бөлім:

9.1A Электролиттік диссоциация

Педагогтің аты-жөні:




Күні:




Сыныбы:




Қатысушылар саны




Қатыспағандар саны




Сабақтың тақырыбы:

Электролиттер мен бейэлектролиттер.
№1 көрсетілім «Иондық және ковалентті полюсті байланысы бар заттардың электролиттік диссоциациясы»
(1-сабақ)

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

9.4.1.1 -электролиттер мен бейэлектролиттердің анықтамасын білу және мысалдар келтіру
9.4.1.2 -заттардың ерітінділері немесе балқымаларының электрөткізгіштігі химиялық байланыс түріне тәуелді екендігін түсіндіру

Сабақтың мақсаты:

Барлық оқушылар үшін:
Электролиттер мен бейэлектролиттерді анықтайды.
Көпшілік оқушылар үшін:
Электрөткізгіштігі химиялық байланыс түріне тәуелді екендігін біледі.
Кейбір оқушылар үшін:
Иондық және ковалентті полюсті байланысы бар заттардың электролиттік диссоциациясын анықтайды.

Құндылықтарға баулу:

«Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясы бойынша «Жалпыға бірдей еңбек қоғамы» құндылығына баулу. Бұл арқылы оқушыларда шығармашылық және сын тұрғысынан ойлауы, функционалдық сауаттылығы, қарым-қатынас жасау қабілеті мен жауапкершілігі артады. Сонымен қатар өмір бойы оқуға, еңбеу етуге, Қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілікке деген дағдысы қалыптасады.

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі/Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы
Қызығушылықты ояту.
5 мин.

(Ұ). Ұйымдастыру кезеңі:
1. Оқушылармен амандасу, түгендеу.
2. Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыруда шаттық шеңбері жүзеге асырылады.
3. Оқушыларды топтарға біріктіру.



Алдыңғы білімді белсендендіру сәті:
Оқушылардың физикадан алған білімдерін еске түсіру мақсатында пәнаралық байланыста әңгіме жүргізу.
Іс-әрекет түрі: сыныппен жұмыс
Бағалау: мұғалімнің кері байланысы
Мұғалім бағалау мақсатында сұрақ-жауап жүргізеді:

  • Электр тогы деген не?

  • Электр тогын өткізетін заттар қалай аталады?(өткізгіштер: мыс, күміс,алюминий)

  • Электр тогын өткізбейтін заттар қалай аталады?(оқшаулағыштар: пластмассалар, резина, фарфор, янтарь, ауа)

  • Неліктен металдар ток өткізеді?(делокализацияланған электрондарға байланысты)

  • Металдардағы зарядталған электрондардан басқа тағы қандай зарядталған бөлшектер белгілі?(иондар, оң және теріс)

  • Иондар токты өткізуі мүмкін бе? (мүмкін, өйткені электр тогы дегенімізі зарядталған бөлшектердің қозғалысы)

Мұғалім сабақта осы заттардың байланыс түріне қарай электр тогын өткізуі немесе өткізбеуі жөнінде қарастыратынын хабарлайды. Сабақтың тақырыбы мен мақсаттары таныстырылады.

Мақсаты: Оқушылар бір-біріне тілек білдіреді, тыңдау дағдыларын дамытуға бағытталады, сондай-ақ барлық оқушылардың қатыстырылуы арқылы сабаққа белсенділігі артады.



Оқулық, жұмыс дәптері
Кітап, дәптер, қалам суреттері бейнеленген қима қағаздар топтамасы


(Қазіргі жағдайда) ДК экраны



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   63




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет