Сабақтың басы
Қызығушылықты ояту.
7 мин.
|
(Ұ). Ұйымдастыру кезеңі:
1. Оқушылармен амандасу, түгендеу.
2. Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыруда шаттық шеңбері жүзеге асырылады.
3. Оқушыларды топтарға біріктіру.
|
Амандасу
(Ж, Б) тапсырмаларды орындау (қосымша 1)
(тексеру парағы бойынша оқушылар өз жұмыстарын тексереді)
Дескрипторлар:
ауаның құрамындағы заттардың пайыздық үлестерін кестеде көрсетеді
ауаның құрамын шеңберлі диаграммада салады
2 суретте жану процесінің тоқтайтынын себебін түсіндіреді
жану аяқталғаннан кейін су деңгейі стақанның қандай бөлігін алатынын жазады және себебін түсіндіреді
заттың 250 мл ауада жану кезінде жұмсалған оттегінің көлемін анықтады
жану процессіне қатыспаған азоттың көлемін анықтады.
Сабақтың тақырыбына шығу.
Берілген суреттерді не біріктіреді? Сабақтың тақырыбы қандай деп ойлайсыздар? Қандай оқу мақсаттарын қарастырамыз? (слайд 1-4)
Терминдермен жұмыс (5 слайд)
|
Мақсаты: Оқушылар бір-біріне тілек білдіреді, тыңдау дағдыларын дамытуға бағытталады, сондай-ақ барлық оқушылардың қатыстырылуы арқылы сабаққа белсенділігі артады.
Тиімділігі: Оқушылар бір-біріне тілек айту арқылы жақындасады, көңіл-күйін көтереді және бауырмалдығын оятады.
|
Мектеп алаңы
Кітап, дәптер, қалам суреттері бейнеленген қима қағаздар топтамасы
(Қазіргі жағдайда) ДК экраны
|