Бөлім: қазақ Азиева Бекзат Базарбайқызы



бет1/4
Дата07.02.2022
өлшемі50,53 Kb.
#90509
  1   2   3   4
Байланысты:
1 Проф.орент.уч


Мамандық: 5B0601705 Шетел тілі : екі шетел тілі
Оқу деңгейі: Екiншi жоғары бiлiм
Курс: 2

Бөлім: қазақ
Азиева Бекзат Базарбайқызы


1 – Апта. Бірлескен жне топтық жұмыс.
Топ – бұл ортақ мақсатқа жету үшін құрылған адамдар тобы. «Топтық жұмыс» термині-өзара іс-әрекет жасалып,соңғы нәтижеге немесе мақсатқа жетуге бағытталған іс-әрекеттің құрылымы.
Оқушылар топта сыныптастарымен ынтымақтаса отырып, қарым –қатынас жасауға, идеяларды ұсынуға және қорғауға, әртүрлі ұстанымдарымен алмасуға,барынша белсенді қатысуға мүмкіндік алады
Топтық жұмыстың мақсаты-оқыту мен оқу тәсілдері арқылы проблемаларды шешу тапсырмаларда орындау барысында оқушылар тобының бірлесіп жұмыс істеуі.
Топта жұмыс жасау үшін: Жақсы тыңдап білу. Күшті жетекшілік қасиеттер. Тиімді байланыс орнату. Міндетті тең бөлісу. Бірігіп жұмыс жасауға ұмтылу. Алға қойылған мақсаттар мен міндеттер.
Қазақстан Республикасындағы білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында «Жалпы білім беретін мектептерде ҚР-ның зияткерлік, дене бітімі мен рухани дамыған азаматын қалыптастыру, оның тез өзгеретін әлемде табысқа жетуін қамтамасыз ететін білім алудағы қажеттіліктерін қанағаттандыру, еліміздің экономикалық игіліктері үшін бәсекеге қабілетті адами капиталды дамыту» мақсаты қолға алынған. Осы сұранысты қамтамасыз ететін Кембридж бағдарламасы деп танылып отыр. Бағдарлама негізі топтық жұмыс. Топтық жұмыс кезінде оқушы белсенділігі арттырылады.Әр оқушы топ мүшесі бола тұра өзінің топтағы орнын анықтай алады. Оқушы ынтымақтастығы арттырылады. Топтық жұмыс әр оқушының нақты іс әрекетін тудырады, бірлесе жұмыс жасайды. Бірлескен топтық оқытудың негізгі түйіні әрбір топ мүшесінің өз ойын толық жеткізіп, басқамен де келісімге, бітімге қол жеткізуге болатыны.
Ынтымақтастық оқу дегеніміз - өзара іс-әрекет жасау философиясы, ал бірлескен жұмыс соңғы нәтижеге немесе мақсатқа жетуге ықпал етуге бағытталған өзара әрекеттің құрылымы болып табылады.
Ынтымақтастық оқудың негізгі сипаттамалары:
1. Оқу оқушылар ақпаратты игеретін және өздері игерген мәліметті бұған дейін меңгерген білімдерімен байланыстыратын белсенді үдеріс болып табылады.
2. Оқу тапсырмалары орындау үшін механикалық есте сақтау мен қайталауды емес, құрдастардың белсенді қатысып, ақпаратты өңдеуі және қорытуын талап етеді.
3. Қатысушылар әр адамның көзқарасымен танысудан пайда алады.
4. Оқу оқушылардың әңгімелесу кезіндегі әлеуметтік ортасы жағдайында жетіледі. Осы зияткерлік жаттығу кезінде оқушылар ой пайымдарының негізін құрып, мәнін ұғады.
5. Оқытудың ынтымақтастық ортасында оқушылар әлеуметтік және эмоционалдық тұрғыдан да дами түседі, өйткені олар түрлі көзқарастарды тыңдап, өз идеяларын айтуға және қорғауға мәжбүр болады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет