Топпен жұмыс жасаудағы мұғалімнің қызметі: Мұғалім сабақты ұйымдастырушы және құрастырушысы. Ұжымдық іс әрекеттің мүшесі.
Өтілетін жұмыстың мақсатын түсіндіреді.
• Оқушыларды топқа бөледі.
• Топқа берген тапсырмаларға түсініктеме береді.
• Топтық жұмысты бақылайды.
• Олардың іс әрекетін белсендіреді.
• Оқушылардың топтық жұмысын бағалайды.
• Топтық жұмысқа қорытынды шығарады.
• Жіберілеген қателіктерге көңіл аударады.
Студентке арналған нұсқаулықты шолып топтық жұмысқа 5 минутты қамтитын тапсырма әзірлейміз. Әрбір сарапшылар тобы пікірталас нәтижесінде негізгі қорытындылар туралы 5 минуттық таныстырылым жасау мақсатында бірлесіп жұмыс істейді.
Жалпы 4 топ болады. Әр топ 6 адамнан тұрады:
1) бір адам топтың қалған мүшелерінің пікірталастарын жазып отырады;
2) бір адам таныстырылымнан жасалған қорытындыны жазып отырады;
3) екі адам негізгі идеяларды талдап, біріктіріп отырады;
4) бір адам топ төрағасы, ал бір адам таймкипер болады.
Таныстырылымға профессорлар-оқытушылар құрамының ерекше болып көрінген пікірлері мен жауаптары кіргізілуі керек. Сонымен қатар, таныстырылымда пікіргалас барысында туындаған және бұл топтың барлық өкілдерінің ортақ көзқарасын бейнелейтін негізгі мәселелер көрініс табуға тиіс.