Бөлім бойынша жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар Жаратылыстану 2-сынып 2023-2024 оқу жылы



бет1/5
Дата10.11.2023
өлшемі8,23 Mb.
#190810
түріБағдарламасы
  1   2   3   4   5
Байланысты:
2 А сынып жаратылыстану БЖБ,ТЖБ 2023 2024




Бөлім бойынша жиынтық бағалауға арналған
әдістемелік ұсыныстар


Жаратылыстану


2-сынып
2023-2024 оқу жылы

Әдістемелік ұсыныстар мұғалімге 2-сынып білім алушыларына «Жаратылыстану» пәні бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде құрастырылған. Әдістемелік ұсыныстар (қазақ тілінде білім беретін) бастауыш сыныптың (1-4-сыныптары) «Жаратылыстану» пәні бойынша оқу бағдарламасы (орта білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы) мен оқу жоспарының негізінде дайындалған.


Бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге білім алушылардың тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді.
Әдістемелік ұсыныстарда бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалауды өткізуге арналған бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар ұсынылған. Сондай-ақ, жинақта білім алушылардың оқу жетістіктерінің мүмкін деңгейлері (рубрикалар) сипатталған. Дескрипторлары мен балдары бар тапсырмалар ұсыныс түрінде берілген.
Әдістемелік ұсыныстар бастауыш сынып мұғалімдеріне, мектеп әкімшілігіне, білім беру бөлімінің әдіскерлеріне, критериалды бағалау бойынша мектеп, өңірлік үйлестірушілеріне және басқа да мүдделі тұлғаларға арналған.
Әдістемелік ұсыныстарды дайындау барысында ресми интернет-сайттағы қолжетімді ресурстар (суреттер, фотосуреттер, мәтіндер, аудио және бейнематериалдар) қолданылды.

Мазмұны


1-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР 4
«Жанды табиғат. Өсімдіктер» бөлімі бойынша жиынтық бағалау 4
2-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР 11
«Жанды табиғат. Адам» бөлімі бойынша жиынтық бағалау 11
«Заттар және олардың қасиеттері» бөлімі бойынша жиынтық бағалау 15
3-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР 19
«Заттар және олардың қасиеттері», «Жер және Ғарыш» бөлімдері бойынша жиынтық бағалау 19
«Табиғат физикасы» бөлімі бойынша жиынтық бағалау 23
4-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР 27
«Табиғат физикасы» бөлімі бойынша жиынтық бағалау 27

*Оқу бағдарламасын құрастырушылардың ұсынысына сәйкес «Мен зерттеушімін» бөлімі жиынтық бағалауға енгізілмейді.


** Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы N 125 Бұйрығына 09.02.2018 № 47 бұйрығымен енгізілген 14-4 тармақшасына сәйкес «Заттар және олардың қасиеттері», «Жер және Ғарыш» бөлімдері біріктірілді.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет