Ұйымдастырылған оқу қызметінің №27технологиялық картасы (2 сәбилер тобы) Апта күні _______________________________________
Білім беру саласы:Денсаулық
Бөлімі:Дене шынықтыру
Тақырыбы:Балапандарға қонаққа барамыз.
Мақсаты: еденге қойылған тақтаймен төрттағандап алақан мен тізеге сүйеніп, еңбектеуге ( ені 25см, ұзындығы 2м) үйрету. Орында тұрып жеңіл секіру және еденге (жерге) жұмсақ қону, жаттығуды орындау сәтінде дұрыс тыныс алу дағдыларын жетілдіру. Сап – тізбекке тұруға жаттықтыру. Мойын,иық және қолдың бұлшықеттерін дамыту. Қимылды музыка ырғағына сәйкес орындау. Балаларды көңілді, пысық, ширақ балапандарды бейнелей білуге талпындыру. Белгіге көңіл аудару, сезіне білуге дағдыландыру. Дене бітімінің дұрыс дамуын қадағалау.