БӨлім І жеткіншек жастағы оқушылардың психикалық дамуының жалпы психологиялық негізі



бет2/5
Дата25.12.2016
өлшемі1,03 Mb.
#4799
1   2   3   4   5

1.2. Мінез-қүлқында қиындығы бар оқушыларды психологиялық тұрғыда талдау.

Қазіргі кезде мектептің қойып отырған талабы оқушыларды— негізгі пәндермен терең де берік қаруландыру, ал білімдерін күнделікті өмірде өз деңгейіндегі іскерлік пен қолдана білу. Осы жетістіктерге жету үшін мүғалім оқушының мінез-қүлқын, сана ссзімінің жетілу дәрежесін, таным процестерінің (түйсіну, қабылдау, ес, ойлау сөйлеу, қиял) дұрыс қалыптасуын қадағалап әрі дамытып отыруы қажет.

Мүғалім психологиялық танымдық процестерді

калыптастырудағы негізгі тұлға. Әрбір баланың психологиясын білу көп ойлануды, көп ізденуді қажет етеді.

Мүғалім мен оқушы арасындағы қарым-қатынаста мүғалімнің негізгі жүмыс бағыттары:

  1. Окушының жеке дамуын бақылау оның еркін дамып, қабілеттерінің ашылуына, мінез-қүлқының қалыптасуына тиімді жағдай жасау

  2. Оқушының ынтасын, қабілетін зерттеу, бағдар беру.

  3. Оқушыларды қоғамдық құндық қатынастарға жетелейтін әрекеттің барлық түрлерін (жеке-дара, топтық, үжымдық) ұйымдастыру.

  4. Оқушылардың еркіндіктері мен қүқықтарын сақтауға мүмкіндік жасау

  5. Сыныпта оқу-тәрбие жүмысын үйымдастыру.

Алдымен мінез-құлқында қиындығы бар оқушылардың дара ерекшеліктерін жан-жақты қарастыруымыз керек. Мысалы, белгілі психолог К.К.Платоновтың көзқарасы бойынша «жеке адамның психологиялық құрылымы» төрт бөліктен түрады:

Біріншіден, оның темперамент, жыныс, жас өзгешеліктері, яғни биологиялық қасиеттері;

Екіншіден, оның даму барысының дербес ерекшеліктері, яғни ес ерлікк, түйсіну, эмоция, қабылдау және ойлау т.б. қасиеттері жатады;

Үшінші, баланың әлеуметтік тәжірибесі, білімі, әдет-дағдысы, іскерлігі мен ептілігі;

Төртінші, оның жалпы адамгершілік қасиеттері- жеке адамның бағыттылығы.

Мұғалімнің негізгі міндеті бала бойындағы қиындықтарды анықтап, оларды түзету жолдарын дұрыс ұйымдастыра білу. Егер де, мүғалім өз жүмысына немқұрайлы қараса оқушылардың келесі қиындықтарды байқауға болады:

  1. Оқушының қоршаған ортамен қарым-қатынасының бүзылуы .

  2. Ерке балалар. Бұндай оқушылар көбінесе барлық жағдайы жасалған, үйдің жалғыз балаларында кездеседі.

  3. Жағдай толық жасалмаған. Психикасының дамуында
    ауытқулар
    бар балалалар, осының салдарынан сабаққа үлгермеушілік пайда болады.

  4. Отбасы жағдайы мүлдем нашар, яғни бала тәрбиесіне кері әсер етушілік маскүнем, бала тәрбиесіне көңіл бөлмейтін т.б. Е.Волкова, Гаспаровалар [15] мінез-құлқында қиындығы бар оқушыларды мынадай топтарға бөледі:

а)сезім әрекетіне бой алдырғыш (эмоционалды) оқушылар (жьшауық, кекшіл т.б.);

б)агрессивті;

в)қыңыр, қырсық;

г)ұялшақ;

е) тынымсыз, белсенді бала.

Бала тәрбиесінде отбасында дұрыс тәрбие бермеудің 4 жолы бар:

1.Қабылдамау

2. Гиперсоциалды

3. Қорқақ-секемшіл

4.Эгоорталықты

Қабылдамау - егер ата-анада балаға деген сүйіспеншілік, жылу болмаса. бала мұндай әсерді қабылдай алмайды. Қабылдамау әйел жүкті болған кезде баланың дүниеге келуіне карсы болғаннан пайда болады. Қабылдамаудан бала кез келген нәрсеге тітіркенгіш болып келеді.

Гиперсоциалды мұндай ата-аналар -«дұрыс» ата-аналар. Ата-ана баласын сағатпен тамақтандырып, ойнағысы келсе ойнатып, ұйыктағысы келсе ұйықтатады. «Амандасуды» қинап айтқызады. Мұндай ата-анаға мектепте баласын мақтаған ұнайды, баласы туралы кемшілік айтса, намыстанып кетеді. Олар талапты орындағыш келеді. Гиперсоциалды бала робот, автомат сияқты өмір сүреді.

Қорқақ-секемшіл - бұл жолмен тәрбиелейтін ата-аналардың баласы шамалы ауырса, оны үйден шығармай, жанұясымен соның бетіне қарап, жағдайын жасап, баланың ойын алдын-ала ауруға дайындайды. Нәтижесінде бала жиі-жиі өзіне«Мен ауырып калмаймын ба?» «Мен өліп қалмаймын ба?» деген сұрақтар қояды. Баланы тым қадағалау нәтижесінен, талапты шамадан тыс қоюдан, балада, керісінше, қорқак-секемшіл мінез қалыптасып, кез келген нәрсеге қоркынышпен карайды. Құрдастарымен ойнай алмайды, өкпелегіш, өзіне сенімсіз болады.

Эгоорталық - бұлай тәрбиеленген балалардың болашақ қарым-қатынасында отбасының жауапкершілік денгейі жогары болады. Баланың ортаға деген көзкарасы төмен болатындығы байқалады. Ата-анасы барлық уакытта оның айтқанын істеу керек, үнемі көңіл бөліп отыруы керек, «болмайды», «жоқ» дегенді түсінбейді. Күтуге шыдамы жоқ, тез ашуланшақ. Мұндай балалар тұрақсыз, қыңыр, қырсық, тіл алмайтын болып тәрбиеленеді.

Міне, осылай дұрыстәрбиелемеуден баланың мінез-кұлкы қиын болып қалыптасады. Сондыктан әрбір отбасы дұрыс тарбие берме­уден алшақ болғаны дұрыс. Ал, әрбір мектеп психологтары жас ерекшелігіне сәйкес мінез-құлқында киындығы бар окушыларды анықтап, арнайы бағыттар бойынша түзету-дамыту жұмыстарын жүргізсе, ата-аналармен тұрақты байланыста болса, болашақта қоғамның әрбір азаматы осындай «қиын бала» қатарынан көрінбейтіндігіне сенімдіміз.

Жеткіншектердегі жаңа бағыттағы қалыптасулар, қарым-қатынас деңгейінің өсуіне байланысты өзіндік сананың өсуі, ата-анамен, үлкендермен, құрдастармен қатынастарын күрделендіреді. Жеткіншектің дамудағы өзіндік сана біршама тұрақты өзіндік бағалауға және анықталған талаптану деңгейіне әкеледі, әрі кө птеген әртүрлі іс-әрекеттерге қатысатындығы белгілі, алайда іс-әрекет сипаты тұтастай реттелмейді. Бүл жастың ішкі қарама-қайшьлык аумағы және баланың үлкендерге қарсы сипаттағы өзара әрекеттері жеткіншектерге қатты әсер етеді. "Өтпелі кезең", - деп жазды Л.С.Выготский. Жәбірленушінің сыртқы әрекетінің жоғарғы дәрежесі, сол сиякты ішкі конституциялы нышандары және соған дейін жасырын жағдайда болып келген бейімділіктері мінез-қүлық шарттарынын жиынтығын ұсынады.

Жеткіншек үшін барынша тезірек ересек адамның статусын жаулап алуға тырысу өз бетінше тез тәуелсіздікке жету жағдайы ерекше болады. Өзінің даму кезеңін басынан кешіріп жүрген балалардың көп бөлігінде мінез-құлықтың 2 түрі қалыптасады. Бірінші типтегі жеткіншектерде өзінің жеке позициясын сақтау үшін қоршаған ортамен өзара әрекетін өзгертуге тырысады, мәселен, олардағы негативизмді, қырсық мінезді, қарсыласуды және шектен шығу сияқты сапаларды айтуға болады. Екінші типтегі жеткіншектер микроортаның кері әсерімен ерекшелінеді, себебі, қоршаган ортамен мінез-құлықтық қатынас эталоны әлі қалыптаспайды. Осының нәтижесінде өзіне, басқаларға деген қатынастарда сарапшыл емес, өзара қарым-қатынастың жағымсыз жағын норма ретінде қабылдайды. Нәтижесінде мінез-құлыктық бағдардың қалыптаспауынан жеткіншектер өзіндік даму сипатын өзгертуге тырысады, алайда мінез-құлықтық бағдардың жеткіліксіз даму себебінен мақсатқа жетудің адекватты құралын таба алмайды. Сондықтан олардың динамикалық тенденциялары негізінен мазмұнды, мағыналылығынан басым болады. Жеткіншектердің бейімділігі немесе соларға тән мінез-құлықта мағына құрастыру процесінің мотивтермен байланысы, коғамдық жағымды мақсаттары мен жеткіншектің әлеуметтік мәнді мінез-кұлықтық идеологияларының арасындағы арақатынастардың бұзылуына әкеледі. Біздің заманымыздың негізгі бір белгісі - "адамтануға" тереңдеу, адам проблемасын козғау, онын психологиясын жаңа замандағы ғылымның алдыңғы жоспарына қою. Жеткіншек кезеңде мінездің кейбір бітістері өмір тәжірибесімен үйлеспейді, оның қалыптасуын қоғамдық дамумен үйлестіріп, сауатты басқару үшін әр жеткіншектің тәжірибесін және жеке түлғалық ерекшелігін, эмоциялық-мотивациялық сферасындағы қажеттіліктің қалыптасу деңгейінің бағытылығын ескеру керек.



1.3. Қиын балалардың қарым-қатынасындағы шиеленістіретін факторлар

Оқушының қарым-қатынасындағы мінез ерекшелігі:

А) қоғамдық ортада, өндірістік коллективте, жора-жолдастары мен басқа адамдармен қарым-қатынасы /еліміздегі жаңалықтардан хабардар, хабардар емес, айналасымен байланыс жасай алады, шындықты айтады және жақтайды, үлкен-кішіні сыйлайды, сыйламайды, өзін-өзі ұстай алмайды, ызақор, ашуланшақ, тұйық т.б./;

Ә) қатар құрбылары мен мектеп оқушыларымен қарым-қатынасы /өзін біркелкі ұстау, сыйласымды, ұстамды, артықшылдығын, сезіну, күш көрсету, жәбірлеу, зорлықты сезіну, зорлық-зомбылық жасау, қорқақ, ұяң, ұялшақ т.б./.



  1. Жеке өз басына қатысы:

А/ жеке басына сын көзбен қарау, дұрыс баға беру, артық санау, қатал, өзіне сенімді, сенімсіз, төмен санау т.б./;

Ә/ дене күшіне сену, басшылыққа ұмтылу, абройлы, жарамсақтану, жалынышты болу т.б./;

Б/ үлкендерге ұқсауда өз пікірі болуы, бағынышты болмау, өздігінен орындауға талаптану, ешкімге қажет емеспін деп сезіну.


  1. Жеке басының ынта-ықыласы, құштарлығы, талап-тілегі:

А/ творчестволық, ұйымдастыру істер мен техникалық, математикалық, музыкалық бейнелеу өнеріне бейімділігі және спорт ойындарына икемділігі бар немесе жоқ;

Ә/ үйірме және секция жұмыстарына қатысады, қатыспайды;

Б/ көркем әдебиет, газет-жұрналдарды оқиды /оқымайды/, спектакльдер мен кинофильм, теледидарды тиянақты көреді, көрмейді;

В/ қыдырымпаздыққа, қаңғыбастыққа, ұрлыққа, бұзықтыққа, арақ-шарап ішуге, темекі, наша тартуға құмар, құмар емес.



  1. Жеке басының мінез-құлқын жөндеуге, өзін-өзі тәрбиелеуге талаптануы:

А/ түзеуге талаптану, әрекеттенбеу;

Ә/ мінезін түзеуге сенімді, сенімсіз;



Б/ мінез-құлқын жөндеуді ойластырмау, болашағына көзі жетпеу, көзбояушылық жасау.

  1. Қиын баланың жалпы адамгершілік қасиетіне мінездеме /коллективист, бір мақсатты, табанды, шыншыл, қарапайым, тұйық, ұяң, екі жүзді, қатыгез, қиқар, қыңыр, дөрекі т.б./.

Сынып ұжымының қиын балаға қатысы.

  1. Класс туралы жалпы мінездеме / коллектившілдік негізде, ұйымшыл, коллектив мүшелеріне талап қою көлемі, әрбір оқушыны қоғамдық жұмыстарға тарту немесе ұйымшылдығы жоқ, әрбір оқушы өз мүддесін ойлау, топ-топа бөліну, жікшілдік т.б. /.

  2. Қиын баланың кластас құрбыларымен қарым-қатынасы / кластағы қоғамдық тапсырмаларды белсенділікпен, тапқырлықпен орындау немесе енжарлқ, немқұрайдылық көрсету, коллектив мүддесін жеке мүддесінен жоғары санау немесе төмен қою, жолдастық, достықты сезіну, сезінбеу, қиын баланың құрбыларының арасында алатын орны, үстемдік жасау, басшылыққа талпыну, өзін-өзі жоғары санау немесе бағынышты болу, тұйықтық т.б. /.

  3. Педагогикалық коллективтің қиын баламен өарым-қатынасы / әрбір оқушыны біркекі санау, таңдап сыйлау, жеке бастарын сыйлау, сыйламау, өзара және жас ерекшеліктерін ескермеу, ескеру, педагогтік этикасы бар, дауыс көтеру, әкімгерлікке жүгіну, мәдениет дәрежесі төмен т.б./.

Жанұядағы тәрбие жағдайы.

  1. Жанұя туралы жалпы мағлұмат.

  2. Жанұядағы қары-қатынас ерекшеліктері.

  3. Баланың өз үйінде оқу жұмыстарын ұйымдастыруы.

  4. Жанұяда баланың бос уақытын ұйымдастыру.

  5. Ата-ананың мектепке көмегі.

  6. Жанұяның тәрбие берерлік дәрежеі.

Бала мінез-құлкының киын болып келуі бірнеше факторға байланысты:

Биологиялық факторанасының баласына жүкті кезінде денсаулығы дұрыс болмағандықтан, бала туғаннан жүйке ауруымен көп ауырады. Соның салдарынан жүйке жүйесі бұзылған ықылас қою, еске сақтау, қабылдау қарқыны кешеуілдеп дамып, сылбыр, баяу қозғалады. Сонымен қатар әйел жүкті кезінде бір нәрседен жарақаталудан, уланғыш заттар зиянды әдеттердің (ішімдікке салыну, темекі тарту) әсерінен болады. Ұжымдық іс-шараларға қатысқысы келмейді, сабақ соңына дейін толық шыдап отыра алмай кетіп қалады. Жеке басының жақсы сапалары ашылмай қалған.

Үйішілік фактор – жанұяда бала тәрбиесіне араласпаушылықтың әсерінен үйден безіп, көше кезіп, сыртқы ортаның жағымсыз ықпалына түсіп жазықсыз қылмысқа іліккен. Баланың мұндай жағдайынан ата-анасы бейхабар. Баласының мінез-құлық ерекшелігіндегі өзгерістерді дер кезінде байқамаған. Тамағын тауып, киімін кигізсем болды деген немқұрайлы қарым-қатынас салдарынан бір-біріне селқостық сезім пайда болған.

Географиялық фактор – бірінші қауіпті экологиялық аймақта ұзақ уақыт өмір сүрген жергілікті экологияның әсерінен ананың, баланың денсаулығы өте нашар, бірнеше дәрігерлік тіркеуде тұрады. Қалаға көшіп келудегі бірден-бір себеп – жергілікті экологияның әсерінен баланың ананың денсаулығының нашарлауы.

Ұсақ әлеуметтік факторбаланың өміріндегі қолайсыз жағдайлардан (ата-ананың көп жанжалдасуы, ұрып-соғу т.б.) дұрыс тәрбие бермеуден және ананың жүкті кезінде көп уайымға салынуынан болады.

Кейде қиын бала жоқ деп жатамыз. Кейбір отбасында жалғыз бала болады да, оны тым еркелетіп өсіреді. Мұндай балалар өзін баскалардан артық санайды. Балада менсінбеушілік басым болады,

"Қиын" жеткіншектерде жалған құндылық, қоғамға қарсылық көрсететін терең тұлғалық өзгерістер байқалады.

ІІ БӨЛІМ ЖЕТКІНШЕК ЖАСТАҒЫ МІНЕЗ-ҚҰЛҚЫ ҚИЫН БАЛАЛАРДЫ АНЫҚТАУ ЖОЛДАРЫ, ЖӘНЕ КОРРЕКЦИЯЛАУДЫҢ ІС-ТӘЖІРИБЕЛІК МӘНІ

2.1. Жеткіншек жастағы «қиын» балаларды анықтау жолдары

Қиын оқушылардың өскен ортасын яғни отбасының жай-күйін талдағанда, кейде отбасының өзі бала тәрбиесіне кері әсер беретіні анықталып отыр. Тағы да бір қолайсыз жағдай бала тәрбиесіне ата-аналардың әртүрлі көзқарасы немесе біреуінің бала тәрбиесінен шет қалуы, яғни, баланың толық емес отбасында тәрбиеленуі салдарынан да болады.

Ата-анасының мейірімін көрмеген бала көбінесе мейірімсіз, ызалы, құрбыларымен дұрыс қарым-қатынас жасай алмайды, кейде тұйық, шектен тыс ұялшақ болады. Ата-анасының шектен тыс мейірімінде өскен бала өзімшіл, нәзік, тым төзімсіз, екі жүзді болуы мүмкін. Яғни, отбасы тәрбиесі адам өмірінде өте маңызды роль атқарады.

Оқушылардың мінез-құлқындағы қиындықтардың пайда болу себептерін көптеген психологтар өз зерттеулері бойынша отбасында дұрыс тәрбие бермеудің салдарынан болатындығын анықтап, оларды бірнеше түрге бөліп қарастырады:

-Отбасының әлеуметтік, экономикалық жағдайы;

-Баланың рухани дамуына ата-ананың немқұрайлы қарауы;

- Қараусыз бала, қамқорлықтың жеткіліксіздігі ана баланың тек қана материалдық жағдайын қамтамасыз етеді. Бала өзінің үлкендерге керексіз екенін сезінеді.

- Шектен тыс қамқорлық бақылау есінде бала өз бетінше жұмыс істеуін, жауапкершілігін сезінеді.

Психологтар A. В. Запорожец, Е.З.Кошелева т.б. мінез-құлқында қиындығы бар оқушыларды екі топқа бөліп қарастырады:


  1. Өзін - өзі ұстай алмайтын, тез қозғалатын, құрбыларымен жиі дау —дамайға түсетін оқушылар.

  2. Тез ашуланатын балалар, әдетте бұл балалардың көп нәрсеге көңілі толмайды, біреуге ренжісе көпке дейін есінде сақтайды. Бұл топтағы балалар қарым-қатынасы ұнатпайды.

Оқушылардың осы 2 топтың қайсысына жататындығын анықтау үшін олардың оқу үрдісі кезеңінде, үзіліс кезінде, қоғамдық жұмыстар жүргізіліп жатқан кезеңдерде мұқият бақылау керек.

Жеткіншек жас сыныптарында кез-келген мұғалімнің оқушылары 30 немесе одан да көп болуы мүмкін. Олардың әрқайсысын зерттеп білу өте қиын. Өзінің жұмысын жеңілдету үшін неғұрлым жүйелі және белгілі тәртіппен бақылап, оқушылардың мінез-құлқынан байқалған көріністерді қысқаша жазып жүрген дұрыс болады. Мұндай бақылау күнделігі әрбір баланың ерекшелігін дәл анықтауға және оған мінездеме үшін мәліметтер жинауға мүмкіндік береді.

Психолог Н.Д.Левитов ұсынған оқушының мінез-құлқының бар ерекшелігі — шыдамдылықтың қалай көрінетініне қысқаша бақылау жоспарын мысал ретінде келтіреміз:

1. Үзілістен кейін оқушы сыныпқа қалай кіреді және партаға қалай отырады?

2. Оқушының зейіні сабаққа бөлінген бе, ол басқа бір нәрсемен айналысып отырған жоқ па?

3. Одан сабақ сұрағанда, тақтаға шақырғанда, оқушы жинақы қалыпта ма?

4. Сәтті, сәтсіз жауаптан соң, оқушы өз эмоциясын қаншалықты
дәрежеде ұстайды?

5. Сөйлеп тұрғанда, оқушы өзін - өзі қалай ұстайды ? Сөйлегенде артық асығыстық жасай ма, шектен тыс көп сөйлемей ме, анайы сөздерді қолданбай ма?

6. Кейбір ерекше жағдайларда (мысалы, оның зейіні бөлетін
терезеден қызық бір нәрсе көргенде немесе сыныпта бөтен кісі
отырғанда) шыдамдылығы қандай, оқушы сабақта өзін қалай
ұстай біледі?

7. Шыдамдылық оқушының дағдылы, табиғи жағдайы ма, жоқ әлде ол одан біршама күш жұмсауы қажет етіп тұр ма? Әр түрлі жағдайларда мінездің көрінуін жіті тексеру үшін ұзақ та жүйелі жүргізілетін бақылау өте құнды болады.

Мінез-құлқында қиындығы бар оқушыларды анықтап, қиындықтар не себептен пайда болатынын мына кесте арқылы көруге болады.



Бала психикасының көріністері оның мінезіне, темпераментіне, жеке даралық өзгешеліктеріне байланысты:

Мінез белгілерінің көпшілігі мынадай:

1.Эмоциялық (қызбалық, құштарлық, нәзіктік, жабырқаушылық, т.б.);



2. Моральдық (адалдық, көпшілдік, қоғамдық борышты сезіну, жауапкершілік, ілтипаттылық, зейінділік, т.б.);

З. Еріктік (шешімділік, табандылық, ерлік, өзін-өзі ұстау, байсалдылық, мақсатқа талпынушылық, белсенділік, батылдық, сенімділік, төзімділік, т.б.) болып бірігеді.

Баланың жасына қарай психикалық дамуында болатын өзгерістердің бірі - темперамент ерекшеліктері. Мұның белгісі баланың қылығынан айналысатын ісінен, ойынынан, сөйлей бастаған сөзінен көрініс береді де, сангвиник, флегматик, холерик және меланхолик деп 4 типке бөлінеді.

Сангвиник- қуатты, тұрлаулы, ширақ тип, ойнақы, еті тірі, бірақ кез келген істі бастап тастап жүре береді. Ол жұмысқа қабілетті, беріліп істейді, басқа адамдармен тез тіл таба біледі, ұжым арасында өзін көңілді ұстайды, былайша айтқанда, ақ көңіл, қызу істің адамы. Оның осал жері – іс жоқ кезде сылбыр, күйге түсіп кетеді, енді бірде жеңіл мінезділікке салынады. Бұл оның эмоцияларының тұрақсыздығынан және жалпы қозғалғыштығынан туатын жайттар.

Сәл нәрседен қарқылдап күледі, болмашы себептен көңілі қалып, мұңаяды. Бет жүзінен көңіл-күйі, заттар мен адамдарға болған қатынасы білініп тұрады. Сезімталдығы өте жоғары, сондықтан ол оншама әсері болмаған дыбыстар мен жарыққа елеңдей бермейді.

Жұмыс қабілеті мен қуатының жоғары болуынан жаңа іске қаймықпай кіріседі, ұзақ уақыт талып шаршамастан қызметін жалғастыра алады. Зейінін таңдаған обьектіге тез шоғырландырады, тәртіпті, қажет болса, өзінің ырықсыз әрекеттері мен сезімдеріне тоқтау, тиым бере алады. Әрекеті жедел, ақыл-ойы икемді , тапқыр, сөйлеу қарқыны шапшаң. Сезімдері, көңіл-күйлері, қызығулары мен ниеттері өзгерген жағдайға байланысты жеңіл ауысып отырады. Қиналмастан бір істен екіншісіне ауыса алады, қажет болса қайта үйреніп, жаңа дағдыларды қабылдауға шебер. Әдетте, бұл типті адам өткені мен болашағын болжастыруда өзінің субьектив пайымдауларының жетегінде қалып қоймай, көбірек сыртқы әсерлерді обьектив бағамдауға бейім, экстраверт.

Холерик- бұл сангвиник сияқты жай әсерлерге берілмейді, әрекетшең және белсенді.Бірақ холериктің әрекетшеңдігі белсенділікпен басымдау, сондықтан ол ұстамсыз, шыдамсыз, қызба. Сангвиникке қарағанда салғырттау, икемі кемірек. Осыдан- ниеттері мен қызығулары тұрақтылау, табанды, зейінін ауыстыруы қиындау, сезімі көбіне сырттай көрінеді, сондықтан- толық экстраверт.

Нерв процестері күшті, бірі екіншісіне тең келмейтін адамдар, көбіне ұйытқымалы, қимыл-қозғалысқа шапшаң келеді. Істі бұрқыратып істегенмен, олардың кейде қолын бір сілтеп, сылқ түсетін кездері де болады.

Флегматик- әрекеті енжар, сезімталдығы мен көңіл шарпулары кем көріністі. Оны күлдіру де, мұңайту да оңай емес, төңіректің бәрі күлкіден жығылып жатқанда, ол мізбақпас. Қай жағдайда да сабырлылығын жоймайды. Ым-ишара жоқ, сөзі сылбыр, әрекеті жай. Жаңарған жағдайға икемделуі қиын, дағдылары мен әрекеттерін өзгертуі ауыр. Солай да болса, флегматик өте қуатты, жұмыстан шаршамайды. Шыдамды, ұстамды, сезімге берілмейді. Әдетте жаңа адамдармен араласып кете бермейді, сырттай әсерге төзімді. Бар білгені ішінде –интроверт.

Осы темпераменттің осал жері- қимыл қозғалыстың баяулығы, өмірде болып жатқан жағдайларға селсоқ қарайтындығы, оңтайлылықтың жоқтығы. Бірақ мұның ұстамдылығы, салқын қандылығы адамның мінез бітістері үшін таптырмайтын қасиет болып табылады.

Меланхолик- өте сезімтал, бірақ әрекетшеңдігі кем адам. Болмашы нәрседен көзіне жас үйіріліп, өкпелегіш, сырттай әсерді күйзеліспен қабылдайды. Ым-ишарасы жоқтың қасында, дауысы мен қозғалысы өте сылбыр. Әдетте, өзіне сенімсіз, үркек болмашы қиындықтан шегінеді. Меланхоликтің жігері кем, тез шаршайды, қызметі болымсыз. Зейіні тұрақсыз, оның барша психикалық процестері әлсіз. Көпшілік меланхоликтердің өздерінің тұйықтығы мен адамдардан оқшаулануынан ішіне түйгені көп-толық интроверт.

Тұйықтық,өз ойына шомуға бейім тұрушылық, орынсыз ибалылық-осы тампераменттің ең бір нашар жағы.

Әр адамның темперамент типі тума екендігі қаотқысыз дәлелденген, ал қасиеттер түріне байланысты белгілі типтің ұйымдасу проблемасы -әлі ғылыми шешімін таппаған.



Сангвиник темпераменті басым оқушылардың ерекшеліктері:

Ол ашық, көпшіл, сөзшең, кісіге қайырымды, қысылып-қымтырылмайды, оптимист, өмірсүйгіш, көтеріңкі көңілді, басшылыққа, жетекшілікке құштар. Мұндай бала жылдам және тез қозғыш, көңіл күйі жиі өзгергіш келеді, көп нәрсеге қызығады, бәрін біліп алуға тырысады, бірақ біреу бағыттап отырмаса, тез суып кетуі де ықтимал. Ақыл-ой әрекеті белсенді жүріп отырады. Класта мұғалімнің айтқандарын қиналмай ұғады, сұрақ қоюға жаны құмар. Оның сөзі жылдам, анық, түсінікті, паузалар мен интонацияларды жақсы сақтайды, сөзді мәнерлей айтуға тырысады. Сөйлегенде ым-ишара (мимика, пантомимика) жағы басым келеді, көбінесе эмоциялы қозу жағдайында тұрады. Осындай балалардың мінез-құлқынан қажырлылық, белсенділік сияқты кейбір жақсы қасиеттерді көруге болады. Сондықтан да сангвиниктер өмірге икемді, тәрбиелеуге оңтайлы, ширақ темперамент болып саналады.



Флегматик темпераменті басым оқушылардың ерекшеліктері:

Ол өте сақ, ұяң, байсалды, жұртқа жақсылық тілейтін, сенімді, тұрақты, бір қалыпты. Флегматик темпераментіндегі бала сабырлы, орынсыз асып-саспайды. Сабақта тыныш отырады, жанындағы баланы мазаламайды. Ауыр мінезді, көрсе қызар емес, мәселені тез шешуге асықпайды, салқынқанды. Бір істі бастаса салпақтап соңынан қалмайтын бала. Мұндай балалардың сезімдері сырт әлпетінен көрінбейді десе де болады. Ол оқушының дауыс екпіні баяу келеді, аптықпай, асып-саспай сөйлейді, сөзі ым-ишаралармен ерекшеленіп тұрмайды. Флегматик темпераментіндегі балалардың көпшілігі мектепке келгеннен кейін оқу дағдыларын меңгеруде өзінің икемділіктерін жақсы көрсетеді.



Холерик темпераменті басым оқушылардың ерекшеліктері:

Бұл ұшып қонып тұратын, күйгелек, тынымсыз, шамданғыш, көңіл күйі жиі өзгеретін, қарым-қатынаста аумалы-төкпелі, тұрақсыз, соқпа мінезді, белсенді пысық, бірақ бейқам, ашуланшақ бала. Мұндай оқушы қимыл-әрекетті сүйеді. Әдетте оның қимыл-қозғалысы батыл, шапшаң болады. Ол қызыққан жұмысына әбден беріліп, барлық ынтасын салып орындайды, онда ой-әрекетінің белсенділігі байқалады. Ой-әрекетінің белсенділігі оқу тапсырмаларын орындауынан жақсы көрінеді. Спорт, әсіресе қозғалыс ойындарына бар ықыласымен қатынасады. Мектепте ұйымдастырылатын жұмыстарда балалардың алды болатын да осылар. Мұндай балалардың көбінің мінездері сотқар, шалдуар келеді. Өз эмоциялары мен қимыл-қозғалыстарын билей алмай, қабынып, «күйіп-пісуге» дайын тұрады. Ашуы шапшаң, қатты қияңқы, ұнамсыз істерге әуес. Бұлардың сөзі жылдам, интонациясы толқымалы, кейде топ ішінде даусы қатты шығып та кетеді. Олар тез, қызу сөйлеп, төңірегіндегілерді бірден ұйытады. Холерик темпераментіндегі бала өте сезімтал болғандықтан түрлі әсерге тез беріледі, ызақор келеді. Оның бұл сияқты ерекшеліктері өткір көзінен, тез және оңтайлы қозғалыстарынан жақсы байқалады.



Меланхолик темпераменті басым оқушылардың ерекшеліктері:

Сәл нәрсеге ренжиді, өкпелегіш, пессимист, тұйық, сөзге сараң, аса баяу қозғалатын жайбасар. Мұндай оқушылардың сезімталдығы өте баяу көрінгенмен, онысы терең және ұзақ уақытқа созылады. Меланхоликтер мектеп өміріндегі оқиғалардың бәрін үлкен әсермен қабылдап, оларды көп ойлайды. Мәселен, мұғалім оны тақтаға шақыртып есеп шығатса, мұның өзі оған кейде әлдеқандай зор әсер етеді. Ол кейде қызараңдап ұялады, егер мұғалімнің тапсырғанын орындап шыға алмаса, осыған қатты қайғырады, көпке дейін бұл оның есінен кетпейді. Егер мұғалім кластағы балалардың көзінше оған ұрысатын болса (бұлай ету әрине дұрыс емес) мұндайда бала әрине төмен қарап жылап, кейде жауап айта алмайтын жағдайдға ұшырайды. Ол көпке дейін булығып белсенді сөз айтудан қалады. Бұл темпераменттегі оқушы, көбінесе өз жолдастарының арасында көзге түспей, жай ғана жүріп- тұрғанды ұнатады, «мен» деп ешқашан ұмтылмайды. Ол ұялшақ, тартыншақ, тұйық болғандықтан, көпшіліктен аулақ жүргенді жақсы көреді. Ол жасқаншақ, сіркесі су көтермейді, бір бет, қыңыр қисық келеді.




2.2. Оқушылардың мінез-құлқындағы қиындықтарды зерттеу әдістемелері
Біздің зерттеуімізге Шымкент қаласының №77 А.Асқаров атындағы мектеп гимназиясының 6-шы сынып оқушылары қатысты.

Оқушылардың жеке т:^ғалық қасиеттерінде жағымды, жағымсыз жақтары болатыны белгілі. Сондықтан да оқушыларды түлғалық қасиеті тұрғысынан зерттеуге арналған жүмыстардың эдіс-тэсілдеріне тоқталайық. Оқушы бойындағы бір күн байқалмаған қасиет екінші күні байқалып отыратындық-тан оқушыларға арналған кңүнделік жүрғізу керек деп ойлаймыз. Онда жыл бойы әр бала туралы мэлімет жазылу керек. Ол эрі қысқа нақты, жазылады. Оқу жылы соңында «мен қандай оқушымын» - деген тақырыпта тэрбие сағатын өткізіп, жазылған психологиялық күнделікпен оқушыны таныс-тыруға болады.

Әр оқушының мінез-қүлқына талдау жасап, сенің бойыңда мынандай жақсы қасиеттер бар, сол үшін сені жүрттың бэрі үнатады, сенің бойыңда мынандай жағымсыз қасиеттер бар - деп оның зиянды екенін түсіндіріп отыру қажет.

Оқушылардың мінез-қүлқындағы қиыншылықтарды анықтау үшін сынып жетекшілерімен, ата-аналармен мектеп психологы тығыз қатынаста болуы керек. Ең алдымен біз сынып жетекшілеріне оқушыларға арналған гистограмманы үсындық.



Гистограмманың мақсаты: мүғалімнің бағалауы бойынша оқушының мінез-қүлқындағы ерекшеліктерді анықтау.















Гистограмма арқылы оқушыларды бағалау үшін, төмендегі бағалар қойылады: 3 (жақсы), 2 (қанағаттанарлық), 1 (сын аралығы), 0 (қанағаттананрлықсыз).

Соңында осы қойылған бағалар қосылып, гистограмма мазмүны бойынша 15-ке бөлінеді. Сонда эр оқушының тэрбиелік деңгейі бойынша жинаған үпайы шығады. Егер оқушы (3) не одан көп ұпай жинаса, ол оқушы (3) не одан көп үпай жинаса, ол оқушының тэрбиесі „Жақсы,, егер 2,5 - үпай жинаса ол оқушының тэрбиесі „Қанағаттанарлық,, 1-1,5 үпай жинаса, ол оқушының тэрбиесін „сын аралығында,, - деп бағалаймыз. Егер оқушы 1-1,5 ұпайдан томен жинаса, ол оқушының тэрбиесін „Қанағаттанарлықсыз,, - деп бағаланады. Осындай баға алған оқушыларды „қиын балалар,, тобына жатқызамыз. Бала бойындағы қиындықтар эртүрлі себептерге байланысты болуы мүмкін. Бүл кезеңде балалар бүзықшылықты саналы түрде жасамайды, сондықтан оны бала бойынан тез жою мүмкіндігі бар. Ол үшін баланың мінез-қүлқындағы қиындықтарды анықтап, арнайы эдістермен түзету жүмыстарын жүггізу керек болады.

Біріншіден, эр тоқсанда бір немесе екі пэннен үлгермейтін оқушыларды анықтап отыру қажет деп ойлаймыз. Үлгермейтін оқушылардың барлығының тэртібі напіар болмас алайда, қиын оқушылардың басым көпшілігі бірнеше пэндерден үлгермейтіні ақиқат;

Екіншіден, сауалнама жүргізу арқылы қиын оқушылар мен педагогтардың қарым-қатынасын анықтап, оны дүрыс жолға қою мэселесін піепіу қажет;

Үшіншіден, қиын оқушылардың өз сыныптастарымен қандай жағдайда екенін анықтау және соған лайықтты іс-шаралар жүргізу. Олардың көпшілігі 03 сыныбында басбүзар, ірітушілер жэне озі сияқты бүзақылардың жетекшісі болып келеді;

Тортіншіден, ата-аналармен жэне достарысен эңгімелесу арқылы тэрбиесі қиын оқушылардың бос кездерінде кімдермен жүріп-түратынын, қандай топтар да, орта да болатынын анықтау. Себебі дэл сол бейресми топтар да арқылы олар темекі шегу, арақ ііпу, қүмарлық ойындарын (компьютер, автомат ойындары) ойнауды эдетке айналдырады.

Сонымен осы гистограмма бойынша үпі сыныпта мінез-қүлқында қиыншылығы бар І^оқушы іріктелініп алынады.


Оқушы мінезін тәрбиелеудің сан қырлы жолдары бар. Психологиялық - педагогикалық әдебиеттерде, тәрбиелеудің негізгі екі арнасы бар екені көрінеді. Біріншісі - оқушының өз іс-әрекетінің қателіктеріне көзін жеткізу, екіншісі - жақсы әдет ғүрыпқа дағдыландыру. Осы екі жолды қатар бір-бірінен ажыратпай байланыстыра жүргізсе, оқушы мінезі саналылық жолға бағытталады.

Оқушылардың мінез-қүлқының ерекшеліктерін анықтау үшін төмендегі тәсілдерді үсынамыз:

1. Окушының тәртібін сабақ үстінде және сабақтан тыс кезенде бақылау;

2. Оның қызметін талдау(Әр пән бойынша дәптерлері бақылау
жүмыстары, шығармалары т.б.)

  1. Оқушымен оны не қызықтырады және жақсы көретін сабақтары жөнінде әңгімелесу;

  1. Достары жөнінде әңгіме жүргізу.

Оқушылардың мінез-қүлқындағы қиыншылықтардың пайда болу себептерін анықтау барысында, біз мынандай әдістерді қолдандық "Отбасы суреті", "Әңгімелесу", Қарым-қатынас деңгейін анықта, Аизенк тесті, Мектеп оқушы көзімен т. б,


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет