Ойлауды зерттеудің бірнеше әдістері Ойлауды зерттеуде бірнеше әдістер бар.Олар: Ұғымның функционалды эквиваленттері Выготский -Сахаров әдістемесі,тексті аналитикалық блокты схемалық әдіс, Тізбекті ассоцативті әдіс және т.б. Солардың бірнешеуіне тоқталып кетсек.
Ұғымның функционалды эквиваленттері Выготский -Сахаров әдістемесі Жасанды ұғымның пайда болатынын зерттеудің классикалық моделі XXғасырдың 20жылдарында Л.С.Выготский және оның шәкірті Л.С.Сахаров екеуі Вюрцбург мектебінде ұсынылған әдістемелік тәсілдерді назарға ала отырып жасаған «екі стимулация» әдістемесі болып табылады.
Жасанды ұғымдардың пайда болатындығы бастапқы кезде екі стимулмен көрсетіледі.Біріншісі- бұл бір бірінен бірнеше белгілерге сәйкес ажыратуға болатын, бірақ әрқайсысы өзінің параметрлеріне ие объектердің жиынтығы.Ах әдістемесінде мұндай объектілер ретінде формасы(куб,текше,цилиндр), түсі(сары,көк,жасыл), салмағы(ауыр,жеңіл), көлемі бойынша(үлкен,кіші) әртүрлі картонды геометриялық денелер алынды.Екінші стимул ретінде мағынасыз буындар мен сөздердің шартты жиынтығы.Осы екі жиынтықтарды қосу арқылы эксперименттер жасанды ұғымдарды құрады.
Выготский- Сахаров әдістемесі- функционалды эквиваленттердің бастапқыда пайда болуы мүмкіндігін беретін ұғымдардың пайда болу процесін зерттеудің классикалық тәсілі болып табылады.
Тізбекті ассоцативті әдіс Бұл әдісте бір минут ішінде шығатын ассоцациялардың көлемі өлшенеді.Инструкцияны қатаң қадағалау нәтижесінде сыналушы айтқан сөздер оның ерік- жігерінсіз семантикалық ұяшықтарға қосылады.Мысалы,мына сөздер жиынтықтарда үш ұяшықты ажыратуға болады:ән,метал,алтын,көктем,гүл.Соған қарамастан семантикалық ұяшықтардың саны әртүрлі болады:бір ұяшықта өз ішінде бірден бірнеше сөздер қатарлары болады.
Құрал жабдықтар:Сыналушының жауабын жазып отыратын магнитафон және тізбекті ассоцацияның бір қатарына кеткен уақытты өлшеуге арналған секундомер қолданады.
Жұмыс барысы: Мұнда экспериментатор және сыналушы болады.Әрбір сыналушымен бір минуттан 3-5 тәжірибе жүргізіледі.тәжірибелер арасында 15-20 минут өту керек.Тәжірибе басталмас бұрын сыналушыға мынандай нұсқау береді: «Бір минут ішінде ойыңызға келген кез келген сөздерді айтыңыз және алдын жаттап алған сөздерді айтпаңыз».
Мәліметтерді өңдеу:
1.Ассоцация қатарының ұзындығын анықтау,ол үшін бір мин. арасында айтқан сөздерді санап шығамыз.
2.Ассоцация қатарының құрамын анықтаймыз, ол үшін семантикалық ұяшықтарды санап, кейін ұяшықтардың көлемін анықтаймыз.
3.Ассо-я қатарының орталық ұзындығын(яғни бір минут ішіндегі сөздердің орташа санын;семантикалық ұяшықтардың орт.көлемін және олардың орташа санын).