Бөлім жалпы психологияға кіріспе Тарау Психология ғылымының жалпы мєселелері. Психология пәні, оның міндеттері мен әдістері



бет64/99
Дата04.11.2023
өлшемі1,11 Mb.
#189303
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   99
Байланысты:
ПСИХОЛОГИЯ

3. Гештальтпсихологтар ойлау жайында. Гештальтпсихологияның өкiлдерi – Келер, Вертгеймер, Коффка, К. Левин. Гештальтпсихологтар ойлаудың құрылымын, творчестволық астарларын қарастырды. Iзбелiнген шешiмдi оған қажеттi құрылымды табу арқылы шешудi ойлау деп атаған. Гештальтпсихологтар ойлауды формалды-логикалық операциялардан ажыратылатын әрбiр проблемалық жәйттi ескеру арқылы соған қарай танымдық құрылымдарды қайта құру, жаңадан ңорталықтандыруң нәтижесiнде жүзеге асатын продууктивтi психикалық процесс ретiнде түсiндiрдi. Олар тұтас құрылым ретiндегi проблемалық жәйттiң барлық құрауыштарын, олардың арасындағы қатынастарды бiрден ұғынуды инсайт деп атады.
Коффка бойынша, ойлау дегенiмiз – вюрцбурлық мектептегiдей қатынастармен әрекет ету емес, ал көрнекi жәйттардың құрылымдарын түрлендiру. Проблемалық жәйт – бұл өзiнiң көрнекi мазмұны теңестiрiлмеген феноменалдық өрiс тәрiздi. Бұл өрiстегi кейбiр толтырылмаған орындар проблемалық жәйтта белгiлi-бiр кернеу тудырады. Осы кернеу тұрақсыз көрнекi жәйттi басқасына
ауыстырады. Осылайша, мiндет бiздiң бастапқы жәйттi басқаша көруiмiздiң нәтижесiнде шешiледi. Осы пiкiрлерден, Коффканың ойлауды ассоцианистер сияқты, көрнекi мазмұнға теңестiргенiн байқаймыз.

  1. Психоанализ: Ойлау мотивтелген процесс ретiнде. Адам мiнез-құлқының мотивтерi ең алғаш психоанализбен қойылып, зерттелiндi. З. Фрейд бойынша, негiзгi мотивтер санасыз сипатта болады және әр түрлi көрiнiс табады: түс көру, сөзден жаңылу, ұмыту, аурулар симптомдары.

  • Түстер – бұл ырықсыз жүзеге асатын, бейнелiк ойлаудың бiр түрi.

  • Еркiн ассоциациялар әдiсi. Ырықсыз бейнелiк ойлау, еркiн ассоциациялар санасыз мотивтердiң көрiнiс табатын маңызды аумақтарының бiрi.

  • Сублимация санасыз энергияны әлеуметтiк құпталған тәсiлдерге ауыстыруда iске асатын творчестволық ойлау процесi.

  • Мотивтi саналау адамның өзiндiк саналауын, iшкi ойлау типiн қажет етедi.

Аутистiк ойлау тұжырымдамасы Э. Блейлермен шығарылған. Аутизм адамның iшкi өмiрiнiң басымдылығымен, сыртқы өмiрден кетумен байланысты. Әдетте, түс көру, ырымшылдық, аңыздарға сену, шизофрениялық ойлау – аутистiк ойлаудың көрiнiстерi. Бұларда ойлар аффективтiк ұғымдарға бағынады.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   99




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет