Бөлім: Ұлт тарихындағы кеңістік пен уақыт. Педагогтің аты-жөні


Тыңдалымнан кейінгі іс-әрекет



бет2/3
Дата03.10.2024
өлшемі1,55 Mb.
#205594
түріСабақ
1   2   3
Байланысты:
№2-сабақ 11-сын қазақ тілі

Тыңдалымнан кейінгі іс-әрекет


1-тапсырма. Мәтін үзінділері бойынша болжам жасаңыз

  1. Халқымыздың қабырғалы қайраткері Асан қайғының да қабірі осы Ұлытауда

Оқушы жауабы: Жеріміздің орталық аймағында орналасқан Ұлытау тау сілемдері - малға жайлы, елге қолайлы мекен. Аңыз желісіне сүйенсек, ертеде Асан қайғы іздеген жер жаннаты Жерұйық осы Ұлытау өлкесі болған екен.

  1. ХІХ ғасырдың

30-жылдарында атақты Кенесары батырды ақ киізге салып хан көтерген.
Оқушы жауабы: Ұлытаудың таулары патшалық-отаршылдық саясат жылдары тәуелсіздік ошағы болып қала берді. Бұған XIX ғасырдың ортасындағы Кенесары Қасымұлы, 1916-1917 жылдардағы Амангелді Иманов бастаған ұлт-азаттық көтерілістер куә
2-тапсырма. Мәтіннен негізгі ақпараттарды табыңыз.
Ұлытау - бұл біздің ата-бабаларымыздың мыңдаған ғасырлық рухани, аңызына айналған, ақындары жырлаған, сан ғасыр адамдарды баураған қазақ халқының құрметтейтін қасиетті жері. Ұлытау көшпенді тайпа хандарының сүйікті орнына айналған. Осы жерде ұлы Шыңғыс ханның үлкен ұлы Жошы ханның  ордасы орналасқан. Осы жерден Батый хан Шығысқа бағытқа аттанған.
3-тапсырма. Мәтіннің стильдік ерекшелігін анықтаңыз.
Ғылыми стиль -зат не құбылысты ғылыми негізде сипаттап, дәлелдеуді қажет ететін стиль түрі.
Ой нақты, түсінікті.
Қатаң жүйе сақталған.
Тарихи терминдер жиі кездеседі (тайпа, хан, Алтын Орда).
Хабарлы сөйлем түрінде берілген.
Осы шақ, өткен шақ жиі қолданылады.
Ырықсыз етістен жасалған баяндауыштар кездеседі (табылған, көрсетілген, жасалған).
Бүгінгі сабақ бойынша өзімізді бағалайық!

Үй жұмысы
Ұлытау-визит орталығы”
шағын зерттеу жүргізіп көрейік!
Жоба ұсынайық!
Мәтін үзінділері бойынша болжау жасадық, тиісті ақпаратты анықтадық.
Ғылыми стильді тілдік құралдар арқылы дәлелдедік.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет