Мәтін үзінділері бойынша болжау жасау, тиісті ақпаратты анықтай білу.
Таза ғылыми стильді тілдік құралдар арқылы тану (терминдер, ұғымдар, шартты белгілер, синтаксистік құрылымы).
Сабақ мақсаты:
-Мәтін үзінділері бойынша болжам жасайды;
-Тиісті ақпаратты анықтайды;
-Ғылыми стильді ажыратады.
Қайырлы күн,оқушылар!
Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру.
"Қазақстанға саяхат" тренингі. (Оқушылар еліміздегі көрікті жерлер мен тарихи орындарды айтады, саяхатқа шақырады)
Үй тапсырмасы "Мен үшін маңызды..." әдісімен тексеріледі.
Оқу мақсаттары таныстырылады.
Тыңдалым алды тапсырмасы: Ұлытаудың ұлы атануы тауының биіктігінен немесе суының молдығынан емес. Ұлы қауымның бас қосқан, ортақ шешімге келген әсері болғандықтан «Ұлытау» атанған. Әбіш Кекілбаев - Әбіш Кекілбаевтың пікірі не туралы?
-Берілген пікірге байланысты сабақ тақырыбына болжам жасап көрелік.
- Оқушылар оқу мақсатымен танысады да, бағалау критерийлерін болжайды.
Дескриптор: -Сабақ тақырыбына болжам жасайды;
-Жазушы пікіріне байланысты өз ойларын айтады.
Тыңдалым тапсырмасы: Ұлытау туралы мәтінді тыңдайды
Ұлытау – қазақ халқының тарихи орталығы.Далалық өркениет пен көне мәдениетінің нақ кіндігі.
Ұлытауда түркі тілдес тайпалардың негізін қалаушылардың бірі Алаша хан кесенесі көтерілген. Есімдері Алтай, Орал, Қырым, Солтүстік Кавказ және Өзбекстанның халық ауыз шығармашылығында мәңгілік сақталған Алтын Орданың ханы Тоқтамыс, Ордалық ұлы қолбасшы, әмір Едіге де осында жер қойнауына берілген. Ұлытау арқылы Орта Азиядан Сібірге Ұлы Жібек Жолының Сарыарқадағы ең ірі тармағы «Сарысу» мыс жолы өткен. Халқымыздың қабырғалы қайраткері Асан қайғының да қабірі осы Ұлытауда. Ұлытау көшпенді тайпа хандарының сүйікті орнына айналған. Осы жерде ұлы Шыңғысханның үлкен ұлы Жошыханның ордасы орналасқан, осы жерден Батый хан шығысқа бағыттаған өзінің жаугершілік жорығын бастаған. Хан Ордасы – орта ғасырдағы керуен жолы бойындағы қалашықтың бірі. Абылай да ордасын Ұлытауға тіккен. Ол «Хан төбе» деп аталады Ұлытау-Үш Жүздің басын қосқан жер.Жоңғар шапқыншылығы кезінде үш жүздің билері — Төле би, Қаз дауысты Қазыбек және Әйтеке билер қазақтың басын біріктіре отырып, Балбұлақтың басындағы келелі кеңесте ел тағдырын шешкен. ХІХ ғасырдың 30-жылдарында Ұлытауда атақты Кенесары батырды ақ киізге салып хан көтерген. 1992 жылы Дүниежүзі қазақтарының алғашқы құрылтайына қатысуға келген қан-дастарымыздың бір тобы арнайы Ұлытауға келген. Ежелгі мекеннің мәртебесін одан әрі асқақтату үшін халықпен кездесу болған сол жердегі жолдың бойындағы төбеге Белгітас қойғызып, қазақ елінің бірлігі мен тұтастығын бейнелейтін еңселі ескерткіш орнатуды аманаттаған болатын. Сол «Мемлекеттің тұтастығы мен Қазақстан халықтарының бірлігі» Белгітасы 2005 жылы бой көтерді.
Оқушылар, сендер Ұлытау туралы толық мағлұмат алдыңыздар деп ойлаймын.
Олай болса, оқу мақсатына сай тапсырмалар орындаймыз.