Бөлім Пәнге кіріспе. Тақырып


Адам мен жануарлардың қалыпты анатомиясы көптеген ғылыми салалардан тұрады



бет3/11
Дата25.09.2022
өлшемі0,55 Mb.
#150646
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
1- daris Anatomia

Адам мен жануарлардың қалыпты анатомиясы көптеген ғылыми салалардан тұрады:

  • остеология — сүйектер жүйесі туралы ілім
  • синдесмология — сүйектер байланыстары туралы ілім
  • миология - бұлшықеттер туралы ілім
  • дермотология тері жабыны және онын туындылары туралы ілім.
  • спланхнология — ішкі ағзалар туралы ілім
  • эндокринология — ішкі секреция бездері туралы ілім
  • ангиология — тамырлар жүйесі (қанайналым, лимфаайналым, қантүзу мүшелері) туралы ілім
  • неврология — жүйке жүйесі туралы ілім.
  • эстезиология — сезім мүшелері туралы ілім.

Анатомия басқа пәндермен араласуы

  • Анатомия мен физиологияпәндері бір-бірімен өте тығыз байланысты.Физиологиямүшелердің, жүйелердің, тұтас дененің тіршілік әрекетін зерттейтін ілім. Физиологиянегізінде тіріні өліден саналық жағынан айыратын маңызды тіршілік әрекеттердің заңдылықтарын зерттейді.
  • Анатомия мен физиология гистологиямен тығыз байланысты. Гистология (histos,ткань,ұлпа) - ұлпалардың құрылысын, тіршілік әрекетін, тірі денедегі зат алмасуын зерттейді. Жалпы гистология цитология және гистология болып бөлінеді.
  • Анатомия, физиология медицина және биологиялық ілімнің негізі. Мүшелердің қалыпты жағдайдағы денедегіорнын білу нәтижесінде ауруды анықтап, адам денсаулығы үшін күресу мүмкін болады

Адам ағзасының структуралық ұйымдастырылуы.

  • Ағзалық (адам ағзасы– біртұтас ретінде);
  • Жүйе ағза ретінде (ағзалар жүйесі);
  • мүшелік (мүшелер);
  • тіндік (тіндер);
  • жасушалық (жасушалар);
  • жасушаішілік (жасушалық органеллалар).

ЖАСУША, ОНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ (клетка, cellula)

  • Жасуша (клетка, cellula) - дененің ең кішкене құрылыс бірлігі. Жасушаны зерттейтін ілім - гистология. Жасушалар барлық жануарлар мен өсімдіктер құрылысының дамуы және тіршілік әрекетінің негізі. Жасуша туралы ілімнің негізін қалаушы неміс ғалымы Т.Шванн (1810-1882 ж.ж.). Т.Шванн 1839 жылы барлық жан-жануарлардың дене құрылысының негізі, олардың құрылыс бірлігі жасуша екенін дәлелдеді.
  • Жасушалардың түрі мен пішіні әр түрлі. Ол сопақ, домалақ және т.б. түрде болуы мүмкін. Оның үлкендігі 3-7 млмикроннан 200 мкметрге дейін жетеді. Денедегі ең үлкен жасуша жыныс жасушалары.
  • Жасуша (клетка) цитоплазма мен ядродан тұрады.
  • Ядро (nucleus) — жасушаның негізгі бөлігі. Ол көбіне жасушаның орталығында орналасады. Ядро бір немесе бірнешеу болуы мүмкін. Көбіне жасуша бір ядролы болады. Ядроның пішіні әр түрлі: домалақ, сопақ, таяқша, т.б. болуы мүмкін. Ядроның пішіні оның тіршілік әрекетіне байланысты өзгереді. Ядрода дезоксирибонуклеин қышқылы бар. Дезоксирибонуклеин қышқылында нәсілден-нәсілге өтетін хабаршы (информация) “ген” сақталады.
  • Ядроның құрамында оның сұйықтығы - кариоплазма, ядро қабығы және ядрошық болады. Қариоплазма судан, жай ақуыздан, дезоксирибонуклеин қышқылынан (ДНК), калий, кальций, магний иондарынан тұрады.
  • Ядрошық, (ядрышко) — жасушаның ең қатты бөлігі. Оның құрамында рибонуклеин қышқылы (РНК), дезоксирибонуклеин қышқылы (ДНК) және ақуыздар болады.
  • Тағы басқа органеллалар


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет